Әлітөлеңгіт Әл-Барселони. Ток-шоу

«Дайындаламыз» деген редактордың даусын ала бере, өшкен шаммен қатар әлдекімнің көлеңкесі қараң етті де, тарс еткен дыбыс естілді.

Қарсы беттегі көрермендер отырған жерден шетіндегі біреу жалп етіп құлады. Шыңғырған әйел дауысы естілді.

Прожекторлар жарқ етті де, айналаны самаладай қылды. Екпетінен жатқан, қарындаш-трико, қара футболка киген ер адам қырылдап-қырылдап, қатты да қалды.

"Істеуге қиын" ток-шоуының жүргізушісі Эстебан Қарауов тізесіндегі дірілін баса алмай, жердегі жігітке қарай берді.

"Әкеңнің аузын Гильермо, адам деген алдын-ала айтып, ескертіп қою керек қой, ссукі, осыдан басыңа боқ жақпасам" деп редакторды ішінен боқтап тұрды да:

— Иә, иә, иә… 90-шы жылдары ел-жұртты дүрліктірген қылмыс әлемін айдаһарға теңесе болады: бір басын шапсаң, екеуі өсіп шығады. Бандылар қазір де бұғып отырған жоқ. Бағдарламамыздың бүгінгі тақырыбы — «Рэкет және қоғам», — деп сөз бастап кетті.

Көрермендер үдірейісіп-үдірейісіп қалса да, сатырлатып қол соққан сыңай танытты.

Редактор Гильермо жаңа ғана көз алдында болған оқиғадан есін жия алмай біраз отырды. Тек жүргізуші кіріспе сөзін айтқан соң барып қана жымиды. Риза болды. "Әй, красавчик, Эстик, бәрімізді қатырдың! Жүргеновтың студенттері шығар! Актер-ей, иттің баласы, жатысын қарашы, ахахаха" деп өз-өзінен санын шапалақтады. «Рейтинг, рейтинг» деп күбірлей берді.

Жүргізушінің кезекті сөзіне мәз болысқан көрермен қайта-қайта қол соғып, алақан қызартты.

Еденді құшып құлаған Жоан бұл кезде көкірегіне тиген оқтан қан кетіп, өліп бара жатқан болатын. Жер тырмалап, аяқ серпіп аз жатты. Көзі қарауытып, неге өлгенін, кім өлтіргенін білмей, сөніп кете барды.

Бөлісу:

8 пікір

edige
"Істеуге қиын" ток-шоуының
satibaldi
 Негізі тележурье мына иснталляцияны тігіп кетуі мүмкін
qisyq
Білә. Астанада ма патенттейтін жер? Елки.
Basic
Мынадан да 200 грамм…