Мұқағали - ортанқол ақын. Мағауин эгоист. Ахмет, Міржақып - алақан жайғандар. 4 бөлім. Соңы
(Соңы. Басы — мұнда)
Жас қазақ: Орыстарда пушкинтану ол дүниеден өткесiн кемi елу жылдан кейiн басталды. Ал қазақта Абай қайтыс болған соң арада он-он бес жыл өтiсiмен-ақ ақын туралы сөздер айтыла бастады. Оған алашордашылардың еңбектерi куә. Бұл ұлысын тануда қазақтың орыстан зеректiгiн аңғартпай ма?
Өтежан Нұрғалиев: Алаш орданың ақындары Абайға мүлде ұқсамайды. Олар Абайдың әсерiнсiз, ықпалынсыз қалыптасқандар. Сендерге оңашалап айтайын, олардың бәрi – орыс ақындарының көшiрмесi. Мағжанның панисламизм, пантүркизм, панмонголизм дегендерi орыс ақындарының әңгiмесi. Абай ол аурумен ауырған жоқ. Мағжанды бәрiң жандарыңдай жақсы көресiңдер. Өйткенi, бәрiң ұлтшылдық ауруымен ауырғансыңдар. Басқа ұлттың алдында өз туыңды биiк қылуға тырысатын әсiре қызылдық сордың бiр түрi. Бұл, көбiнесе, жас халықтардың ауруы. Ұлы халықтар ондай дертке пысқырмайды. Басқа мәселесi жетiп жатыр. Ал бiздiкi ұлтшылдықтың жалаңаш түрi. Маған Мiржақып та, Ахмет те, Мағжан да, бәрi ұнамайды, бұлар – байларға алақан жайып, қазақтың тұңғыш романын жазамыз, тұңғыш газетiн шығарамыз деп соларға жағымпазданған адамдар. Бiрақ олардан жиiркенбеймiн. Уақытына қарағанда онысы дұрыс та шығар деп ойлаймын.
Жас қазақ: Өткенге сiздiң көзқарасыңызбен қарайтын болсақ, тарихта бiрде-бiр ұлы адам қалмайтын секiлдi?
Өтежан Нұрғалиев: Қалмайды. Эсхил, Софокл құсап ұлттың трагедиясын ашып көрсететiн ақындар ғана ұлы. Халқы құрып бара жатқанда шығар жол көрсеткен ақын ғана ұлы. Ал қазақ халқына мұндай жол көрсетiп отырған ақын жоқ.
Жас қазақ: Өзiңiз жол көрсете алар ма едiңiз?
Өтежан Нұрғалиев: Көрсетемiн. Менiң сөзiмдi шығарса, сосын сол үшiн бiр-екi жыл түрмеге отырғызса, iсiмiзбен емес, жазғанымызбен жол көрсете аламыз.
Жас қазақ: Бiр кезде Iлияс Есенберлин мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылғанда бiреулер арыз жазып, жолын кескен көрiнедi, ал сыйлықты талантты грузин жазушысы алғаны белгiлi. Өстiп жүрген ақын-жазушы кiмге жол көрсетедi?
Өтежан Нұрғалиев: Иә, оны жазған бiз, кiшi жүздiң жiгiттерi. Тахауи Ахтанов, Әбдiжәмiл Нұрпейiсов, Әбiш Кекiлбаев және мен төртеумiз жазған болатынбыз. Бiздегi көреалмаушылық кемшiлiк емес, қазақтың жамандығы да емес, өзiнiң қанына сiңген мiнезi ғой. Мысалы, мен көре алмастықтан бiраз адамдарды жамандап отырмын. Бұл көре алмағандықтан емес, қызығушылықтан. Ендi бiр жағынан сендердi, басқа да жастарды сол деңгейде қалмаса екен деу. Бiздiң ақындар қазақ халқын құртқысы келедi. Етегiнен керi тартады. Ал бiзге iлгерi ұмтылып, тек алға ғана құлау керек.
Жас қазақ: Ақындар бiр-бiрiне қара таңба тапсырады деп жатады, сiзге ешкiм олай iстеген жоқ па?
Өтежан Нұрғалиев: Иә, ондай дәстүр бар, қолыңа қара белгi әкелiп тапсырады, Не оны жағынан салып жiберуiң керек, не болмаса өлең оқы дейсiң. Маған Алмас Темiрбай деген бала тапсырды. Бұл «Сен бiттiң, ендi ақын емессiң» дегенi. Сосын оған өлең оқы деп едiм, екi өлең оқыды. Екеуi де керемет. «Мына өлеңдер өзiңдiкi ме, әлi де осындай өлең жаза аласың ба, әлде бар өлеңiң осы ғана ма?» деп сұрадым. Иә, өзiмдiкi дедi. «Ондай болса үйге жүр, менiң сенiкi сияқты бес жүз өлеңiм бар» дедiм. Жоламай кеттi. Кейiн мүшәйрада жүлде алған өлеңiн оқып едiм, нашар екен.
Мен қазақтың ұлыларын ақымақ қылып, ақымақтарын ұлы етiп көрсетемiн. Сонда ғана шындық қайтадан жаңа қырынан көрiнедi. Бiз дайын штамптармен жүрмеуiмiз керек. Қазақтың әдебиетiнде, өнерiнде халтура көп сияқты, ұнатпай тұрамын. Сосын тоқмейiлсу, iштарлық бар. Француз, әзербайжан халықтары секiлдi кең болуымыз керек. Басқалардың артықшылығынан үйрене бiлуiмiз керек. Қазақ өзiнiң тауықтың жұмыртқасы секiлдi тар үйшiгiнен сыртқа шыққысы келмейдi. Қарабай, Сарыбайдың заманын аңсап, Қыз Жiбекке үйленгiсi келедi. Қой үстiне бозторғай жұмыртқаласа деп ойлайды. Қойдың үстiне бозторғай қайдан жұмыртқаласын?..
Жас қазақ: Ащы да болса тұшымды әңгiмеңiзге рахмет.
Әмiрхан БАЛҚЫБЕК,
Мұрат АЛМАСБЕКҰЛЫ

Ақындардың бір-біріне қара лента табыстайтын дәстүрлерін бірінші рет біліп отырмын.
"Өлілер туралы не жақсы нәрсені ғана айтамыз, немесе, мүлдем, дым айтпаймыз"
Лібә, әдебиеттен дым хабары жоқ, тек трендтегі әдебиет ва пежондық поэзия мен сұрқия снобтыққа берілгендер бір сұхбаттан бола, адамды оның ішінде, ақынды қалай танып қояды?! Пезнес Полиграф пен пезнес психологтың қосындысы шығарсыңдар, нақ. Тым құрыса, қолымыз жететін ақын — көзі көрген Қасым Олжастың сұрасаңдарш, бұ кісі туралы.
Тірілер іштарлық көрсетпесе, бұл адамның әлі берері көп әдебиетке. Көп. Бірақ… Хуле, тірісінде ешкім керек қылмады ғой. Өлгеннен кейін…
P.S. Өткенде Есенберлинді жамандап отқан сен емес пе едің?..
деп басталады