Мұқағали - ортанқол ақын. Мағауин эгоист. Ахмет, Міржақып - алақан жайғандар. 3 бөлім.
(Ертайы. Басы — мұнда)
Жас қазақ: Неге олай? Аргентин Борхестi оқысаңыз, эфталит, ғұн, галл мен гот секiлдi халықтардың ұрпағына мұра еткен тарихы жоқ, дәстүрлi тарих тек Өлi теңiз жағалауындағы халықтарда ғана бар дейдi. Олардың арабтар мен еврейлер екенi белiгiлi.
Өтежан Нұрғалиев: Борхес – бiздiң заманның Сегiз серiсi. Сендер оның атын ғана бiлесiңдер. Бүкiл қазақтың оңай өлең шығаратын, бес минутта бүкiл тарихты жырлап беретiн ақындарын Сегiз серi деп айтуға болады. Сегiз серi домбырамен бес минутта тарихты тiзiп айтып бередi. Ол оның парасаттылығы немесе бiлiмдiлiгi емес, патриоттығы. Қазақты көтере бiлетiндiгi. Сосын қаумалаған жұрт одан бата-тiлек сұрайды. Сегiз серi болса, «қазақтан асқан халық жоқ, орыс көрсең қарсы шап, алдында бас име. Далада дәл мен сияқты еңсеңдi түсiрмей асқақ жүр. Елiңдi, далаңды сүй, ешқандай байлыққа ұмтылма, жалғанды жалпағынан басқан серi болып өт» дейдi. Бүкiл қазақтың ақындары тура сондай серi болғысы келедi. Бiрақ оның заманы әлдеқашан кеткен. Сегiз серiнi басқалардың ұнатпайтыны сол. Қазақтың мыңның үстiнде әнi болса, соның бәрiн шығарған Сегiз серi. Бiрақ «бiлгiштер» оның бәрiн халық әнi деп жүр. Не үшiн? Себебi, Сегiз серiнiң атын өшiргiсi келедi. Қазақтың мәдениетiн, ауыз әдебиетiн жасаған осы Сегiз серi. Сегiз серi бiр ауылға барады да, байын мақтайды, «саған хан да, қара да басын иедi. Сенен асқан батыр, бай жоқ» дейдi. Сосын әлгi бай оған үй тiгiп, әйел алып бередi. Ол бұл жерде бас-аяғы екi-үш жыл тұрады да, қатыны мен баласын қалдырып тағы кетедi қаңғып. Мiне, серiлiк дегенiң өспеу деген сөз. Қазақтың ақындарының бәрi серi болғысы келедi, бiрақ серiлiкпен алысқа бармайтынын бiлгiсi келмейдi. Бұл халықтың әдебиетi тұралады, ендi өспейдi. Қазақ басқа халыққа айналудың алдында тұр деуге болады.
Жас қазақ: Ол қандай халық?
Өтежан Нұрғалиев: Аты қазақ болғанымен, заты мүлдем басқа халық. Халықтың рухы аман болу үшiн тiлi болуы мiндеттi емес. Ол тек халық болуға керек қырық қасиеттiң бiреуi ғана. Жердiң бетiнен жойылмау үшiн тағы отыз тоғыз қасиетi болу қажет.
Жас қазақ: Қазiргi қазақтың бойында қалған отыз тоғыз қасиет бар ма және болашақтағы қазақ осы қасиеттердi сақтай ала ма?
Өтежан Нұрғалиев: Адам ең әуелi өзiн құрметтеудi үйренуi керек. Мысалы, үйiңе қонақ келсе, өзiң төрге отыр. Ұлы халықтар сөйтедi. Сөз арасында айта кетейiн, түрмеде 15 жыл бiрге отырған екi америкалық қайықпен ағынды судан өтпекшi болады. Сонда бiреуi қасындағы жолдасын қайықтан түсiредi де, қапысын тауып қолындағы тапаншасымен атпақшы болады. Мұны сезiп қалған екiншiсi «сен менi неге атқалы жатырсың, менен басқа досың жоқ қой, адамгершiлiк қайда?» дейдi. Сонда анау «мына қайық екеумiздi бiрдей көтере алмайды, суға батып кетедi, сондықтан сен өлуiң керек» дейдi де, тарс еткiзедi. Мiне, қазақ өзiм десе осындай қолы дiрiлдемейтiн қатiгез болуы керек. Қазақтың жерiне арам пиғылмен аяқ басқан адамның аяғын сындырып, мүйiзiн көрсеткеннiң мүйiзiн қағып тастауы тиiс. Сондай дәрежеге көтерiлсек, халық болуға қажет бiр қасиетке жеткенiмiз болып саналады. Тек аруақты, болмаса әйелiң мен балаңды ғана емес, өзiңдi де жақсы көру сезiмiн қорғай бiлуiң керек. Қазақта ондай қасиет жоқ. Қазақ өзiм не болсам ол болайын, досым аман болсын, балам аман болсын, бастығым аман болсын дейтiн әңгiмеден ары аса алмай жүр. Санамыздан арылмай келе жатқан құлдық психология дегенiңiз осы.
Жас қазақ: Әр қазақ өзiн ардақ тұтатын қасиеттi қашан және қалай қалыптастырамыз?
Өтежан Нұрғалиев: Ол сен байығанда болады. Сегiз қабатты үйiң, жанында бiр гектар жерiң, тiптi кiшкентай тiкұшағың болған кезде, сен оларды қолың дiрiлдемей қорғайтын боласың. Ол үшiн қазақтың әрбiреуi ырысы шалқыған бай болуы керек. Мысалы, қазақ анау аз шешенге ештеңе дей алмайды. Кездессе – сәлем беруi, керiссе – жай өкпелеуi мүмкiн, бiрақ тиiсе алмайды. Ал сол шешендi «неге үйiмнiң алдынан көкiрек керiп өтесiң?» деп қамшымен тартатын қасиет дарыса, керемет болар едiк. Мен қазақта сондай мiнез болғанын қалаймын. Бiрақ сорына қарай, бұл қазақ оған жете алмай жатыр.
Жас қазақ: Мұхтар Мағауин ағамызда осындай мiнез бар емес пе?
Өтежан Нұрғалиев: Иә, ондай мiнезi бар. Ол өзiнiң жазғанын қасиеттегенi ғой. Өзiнiң жазған-сызған шыймай-шатпақтарын сүйедi ол. Мағауиндi жақсы көрем, бiрақ өзi адам емес. Адамға керектi басқа қасиеттер онда жоқ. Оның мен жақсы көретiн тағы бiр қасиетi, жазғанын қалай да шығарады. Ал мен оған кереғар басқа адаммын, жазғанымды шығарғым келмейдi және шықпай-ақ қойсын. Керек болса өздерi тауып алады. Абай жүрген жерiнде өз өлеңiн әркiмге «сен оқы, сен оқы» деп таратып беретiн болған. Керек қылғандар алып, керек етпегендерi құйрығын сүртетiн болған. Мiне, Абай сөйтiп өткен. Менiң жазғаным да далада қалады деп ойламаймын. Бiрақ менiң жолым әдебиетте жүргеннiң барлығына бiрдей жарамайды. Ал Мағауинның жолы дұрыс. Ештеңесiн тартпада қалдырғысы келмейдi, кез келген дүниесiнiң бәрiн алтын санайды. Оның қайсысы алтын, қайсысы алтын емес екенiн бiз бiлемiз, сендер бiлмейсiңдер.
Жас қазақ: Өзiңiз поэма арнаған Асқар Сүлейменов замандасыңыз қандай жазушы едi?
Өтежан Нұрғалиев: Ол жазушы емес. Бар болғаны өзiнiң қара басының бостандығын сүйген адам. Ол да өте керек қасиеттiң бiрi. Ол «менiң бiлгенiмдi бiлген адам құдiреттi» деп санап, тапса төбесiне шығарғысы келедi. Бiрақ ондай адам таппайды. Ол кез келген ұлттың мұрасын жатсынбай, жатып алып оқитын. Мысалы, Асқар фашизмнiң музыкасын шығарушы деп бiреулер жаңсақ түсiндiрiп жүрген немiс ұлтының мақтанышы Рихард Вагнердiң музыкасын түсiну үшiн оқуын стипендиясымен бiрге тастап, бiр жыл Вагнермен жынданған адам. Вагнер кiмге керек қазiр. Бiрақ қазақта Вагнер сияқты музыкамен халықтың барлық шаруасын жасап беретiн ешкiм жоқ.
Жас қазақ: Жоғарыда тарих және еврейлер туралы айтылып қалды. Қарап отырсақ, үш жарым мың жылды қамтитын олардың тарихы да тым ұзақ деуге келмейтiндей. Және тарихты шумерлерден, бабылдықтардан көшiрiп алды дейтiн әңгiме тағы бар?
Өтежан Нұрғалиев: Әрине, кiм кiмнен көшiрiп алғанын жазып отырған адам ғана бiледi. Қазақтың барлық ақыны Өтекеңнен көшiру үстiнде. Менi ешкiм оқымайды деп ойламаңдар, күштi оқиды, тiптi лупамен оқиды. Сосын ойындағысын жасай бередi. Мысалы, Қадыр, Тұманбай, Оңғарсынова Фәриза бәрi көшiредi. Бiрге оқыған кезде Кекiлбайдың Әбiшi де көшiрген. Бiрақ оған қалай ренжисiң, өйткенi, мен – халықтың қазынасымын. Менен де күштi ақын шыққанына мен қуанбасам ренжiмеймiн. Бiрақ ондай ақын жоқ. Себебi, менiң өлеңiмдi шығартпауға бәрi тырысып жатыр. Уақытқа жауап беретiн өлең менiкi ғана. Мен тек жанға жайлы өлең тудырғысы келетiн ақындарды түсiнбеймiн. Өлең жанға жайсыз болу керек. Астыңдағы есегiңнiң арқасы жауыр болу керек. Сонда ғана ол тулап жығады. Менiң шындықты айтпаудан басқа жолым да жоқ. Егер сөз үшiн түрмеге отырғызу керек болса, отыруға болады. Жұрт менi ойына келгенiн iстеп жүре беретiн ең бақытты адам деп есептейдi. Басқалар солай ойлайды. Неге менiң өлеңiмдi оқығысы келмейдi, өлеңiмдi неге шығармайды?
Жас қазақ: “Егемен Қазақстанға” бiр бет өлеңдерiңiз басылды ғой?
Өтежан Нұрғалиев: Ол дегенiң 1958-1959 жылдардағы баяғы Израильдiң патшалығы тұсындағы өлеңдер емес пе?
Жас қазақ: Абайдың қадiрiне жетпедiк, басқаларымызды көзге де iлмейдi демексiз бе?
Өтежан Нұрғалиев: Өмiрi ұзарып, тiрi жүрсе Абай аға сұлтан болар едi. Бiрақ Абай оған шыдай алмады. Өйткенi, ақын ғой, сол ақындықтың соңында жанып кеттi. Өзiнiң өлеңiнiң қызығын да көрмеген адам. Бiздiң оны түсiнiп, еңбектерiн қолға алуымыз кездейсоқтық. Мүрсейiт, Мұхтар секiлдi ғажайып адамдардың жанқиярлық жұмысының арқасы. Әйтпесе Абай да Сегiз серiнiң кебiн киер едi. Абай орыстың алдыңғы қатардағы жазушысы ғой. Толстой болмаса да Салтыков-Щедринге жақын, Пушкиндей болмаса да, Лермонтовқа жақын. Егер халқы ұлы болса, Абай Пушкиннен де мықты болар едi. Бiрақ жер жүзiнде Пушкиннен де ұлы ақындар көп. Бiрақ қазақтың оларды көргiсi келмейдi.
(Келесі постта — соңы)
Борхес – қазақтың Сегiз серiсi

Менен бәрi көшiредi

Қазақтың тек Қыз Жiбекке үйленгiсi келедi

4 пікір