Мұқағали - ортанқол ақын. Мағауин эгоист. Ахмет, Міржақып - алақан жайғандар. 2 бөлім.

(Ертайы. Басы — мұнда)




Жас қазақ: Егер шығармаларын жiлiгiн шағып, майын iшiп оқитын, ойлы, терең оқырман қауымы пайда болса, Мұқағали, Жұмекендердiң жұлдызы жаңадан жарқырайды демексiз бе?

Өтежан Нұрғалиев: Олардың мүмкiндiгi өте күштi, бiрақ әлi ашылмай жатыр. Себебi, солар туралы талдап жазатын адам жоқ. Өйткенi, бiз бәрiн де өзiмiздiң биiгiмiзбен өлшеймiз. Мысалы, менiң бойым 1 метр 60 сантиметр дейiк, қазiр бiр адам келедi десе, бойы қанша екен деп сұраймын, келгесiн қасына барып тұра қалам. Егер оның бойы 2 метр 70 сантиметр болса, өзiмдi мүлде салыстыра алмаймын. Бiзге осындай ойы биiк ақындар тобымен келуi керек. Сонда ғана өлшеп, салыстыруға болады. Бiзде салыстыруға болмайды дейтiн көзқарас бар. Абай күштi ме, Шәкәрiм күштi ме деп сұрақ қойсам, басқалар «бұлар салыстыруға болмайтын ақындар ғой» деп ат-тонын ала қашады. Неге салыстыруға болмасын, барлық нәрсе салыстыру арқылы өзiнiң бағасын алады. Әлемдiк энциклопедияда Абай деген адам жоқ. Ал Жамбыл бар. Өйткенi, Абай туралы әңгiме жоқ-қой. Әлемдiк оқырман Абай деген кiсiнi бiлмейдi.

Жас қазақ: Абай – бiздiң ұлттық ақынымыз. Ал ұлттық ақындар өзге тiлдерге өз деңгейiнде ешқашан аударылмайды деген сөз бар емес пе?

Өтежан Нұрғалиев: Ұлттық ақынымыз XIX ғасырда пайда болса, бұл бiздiң әлi жас халық екенiмiздi бiлдiредi. Демек, қазiргi қазақ әлi ұлт емес, қаншалықты талпынғанымызбен, рулық-тайпалық деңгейден ары аса алмай жүрмiз деген сөз. Рас, бiр кездерi шағатай тiлiндегi әдебиетiмiз болды. Қазiр де жазба әдебиетiмiз бар дейдi, бiрақ мен оны көрiп отырғаным жоқ. Озық елдердiң, орташа елдердiң әдебиетiмен салыстыруға тұрмайды. Қадыр Мырзалиев бiздiң классигiмiз болса, оның жазған-сызғандары орыстардың үш Толстойының бiреуiмен де салыстыруға келмейдi. Мұндай адамдарды басқа халық оқымайды. Ғажап дүние әкелiп отырмын десең, қане, жолма-жол аудармасын бер дейдi. Оқиды да, мұндай адамды бiз түсiнбеймiз дейдi. Сол үшiн оларға қазақ тiлiн үйрету керек. Қадырдың шығармасын сонда ғана түсiнедi. Әйтпесе, басқа тiлге тiкелей аударылатын болса, маскүнемнiң балдыр-батпағы сияқты мағынасыз бiрдеңе ғана болып шығады. Бiзде әдебиет жоқ дейтiн себебiм сол. Мен орыс әдебиетiн ана тiлiм сияқты оқимын. Бiрақ орыс халқын сүймеймiн. Саясатын бiлемiн. Десе де, орыс­тың үлкен әдебиетi бар деп есептеймiн. Өйткенi, олар көп қой. Бiзде әлемдiк деңгейде мойындалған тек Мұхтар Әуезов десек, орыс­тарда ондай кемi 400 жазушы бар. Олар Әуезовты солардың бiреуiндей ғана деп санайды. Бiздi менсiнбейтiн себебi де, әде­биетiнiң мықтылығы да сол.

Бiз өзiмiздiң жамандығымызға ғана ғашықпыз

Жас қазақ: Әңгiме санға келiп тiрелетiн болса, бiзден саны әлдеқайда аз грузин­дердiң орта ғасырдағы Шота Руставелиiн әлем бiледi, Нодар Думбадзе секiлдi жазушысын, Николо Пиросманидай суретшiсiн де таниды. Демек, мәселе тек санда ғана болмағаны ғой?
Өтежан Нұрғалиев: Әрбiр халыққа өзiн көрсететiн, танытатын уақыты келедi. Бiз өзiмiздi әдебиетте көрсете алған жоқпыз. Қылышымызды, даңғойлығымызды, меш­кей­лiгiмiздi, арам жолмен қалай тез баюға болатынын көрсеттiк. Бiрақ ақын-жазушы екенiмiздi көрсетпедiк. Өзбектiң Әлiшер Науаи деген 550 жыл бұрын өмiр сүрген ақыны және оның «Қазыналар мағынасы» деген 11 томдық шығармасы бар. Әр томы Абайдың өлеңдер жинағынан 4 есе қалың. Өйткенi, ол Абай көрген қысым мен азапты көрген жоқ. Өзбектер төбесiне көтерiп, қастерлеп ұстайды. Ал бiз жалғыз Абайды олай да, былай да тартамыз. Абайды түсiнбеуге бар күшiмiздi салып келемiз. Ең әуелi Абайды түсiнуiмiз керек. Оны кришнашы етiп шығару, соны жазған бейшараның өзiнше болса да Абайды түсiнгiсi келгендiгi ғой. Кришна деген кiм? Ол – идея. Бүкiл Үндiстанның идеясы деуге болады. Қытайдағы Күңзы (Конфуций), арабтағы Мұхаммед (с.ғ.с.) деген сияқты үндiнiң қастерлi тұлғасы. Үндi үндi болмай тұрған кездегi рухын көтерген Қобыланды батыры. Ал бiз Абайды бiр қазақ Кришнаға ұқсатса ар-намысымызды қорлағандай болып, ашу шақырып, өре тұрамыз.

Жас қазақ: Бұл жерде мәселе дiнге келiп тiрелетiндей. Мысалы, орыстар әлемдiк дiндердiң бәрiн зерттеп, аударып бередi. Дзен-буд­дизмнiң, синтоизмнiң, иудаизм мен исламның, ақыр соңы самурайлардың канондық кiтабына дейiн аударады. Сосын орыстың әдебиетi мен өнерiнен соған сай ұқсастықтар iздейдi. Бұл орыс қана емес, басқа да озық елдерде бар үлгi болса, бiз неге қорқамыз?

Өтежан Нұрғалиев: Орыстар өзiнiң ұлттық канонын әлдеқашан жасап шықты. Орыстың дiнiн де, өнерi мен басқа да қасиетiн көтеретiн қадау-қадау жазушылары бар. Олар – кiмдер? Олар өзгеге мұрнын шүйiре қарайтын орыстар емес. Олар әлемнiң ең озық идеяларымен ауырған жiгiттер. Лев Толстой Конфуцийдi, Лао-цзыны, Кришнаны да бiлген, iлiмдерiн зерттеп оқыған. Бiлгiштiгiнен емес, орысқа керек-ау деп түйсiгi арқылы сезiнгендiктен бәрiне бейжай қарамаған.

Жас қазақ: Ондай жағдай Абайдың басында да болған ғой. Будданы оқып сөздерiне тәнтi болған, қазаққа керек нәрсе екен деп түйген. Кеш бiлгенiне өкiнiш бiлдiрген. Абайдан тәлiм алған Мұхтар Әуезов Толстойдың Будда туралы әңгiмесiн аударып бердi. Осының бәрi – қазақ топырағында XX ғасырдың басында болған оқиғалар. Ол кездегi қазақ Будданы да, Кришнаны да әлемдiк тұлғалар, адамзатқа ортақ рухани көсемдер ретiнде жат санамаған. Бiрақ қазiр олай емес. Сонда бұл XXI ғасыр басындағы қазақтың XX ғасыр басындағы қазаққа қарағанда керi кетуi ме?
Өтежан Нұрғалиев: Бiз ешуақытта халқымыз жөнiнде көңiлге жағар ештеңе айта алмаймыз. Абай қазақтан баз кешiп, «ең оңбаған халық» деген қорытынды шығарған. Шығармаларында айтқан соңғы сөзi «мен бұл халықтан кеттiм» дегенге тiреледi ғой… Абай өлгенде халқына барған жоқ. Халқынан кеттi. Абайдың өмiрi солай аяқталған. Мiне, бiз – ештеңенiң қадiрiне жетпейтiн осындай халықпыз. Өзiмiздiң кiм екенiмiздi бiлуге ұмтылыс ендi ғана басталды. Бiз қазiр өзiмiздiң жаманшылығымызға ғана ғашықпыз. Басқа ештеңемiз жоқ. Ақшаны жақсы көремiз, атаққұмар, даңғой, жақынымызды мұқатқыш елмiз. Ештеңенi көргiмiз келмейдi. Өзiмiз ғана әулие болғымыз келедi. Өзiмiздi мақтап-мадақтауға шебермiз. Ондай заманнан үмiт жоқ. Бiздiң болашағымыз әлi алда. Оған баратын тарау-тарау жолдар жатқанымен бiздiң қазақтың бiреуi бұл бағыттарға түскен жоқ. Ал түскiсi келген адам болса аңдып тұрып, ат­қымыз келедi. Ал тағы бiр дайын жол – басқа халықтардың жүрген жолымен жүрген жоқпыз. Жаһандануды қазақ жек көредi, өздерiнiң өлiм жолындай көредi. Бiрақ басқа жол жоқ. Жалғыз ғана ортақ жол, талай халықтың сүйегiн қуратып қырған, бақытсыз еткен, ең соңында ұрпағы қайта тапқан жол – осы. Ассирия, Бабыл, бағзы Грек, Шумерия, бәрi құрыды, артында тек атағы ғана қалды. Тек аңыз ғана қалады. Қазақ та осылай, өзiнiң қазақшылығын жоғалтады.
Жас қазақ: Сонда қазақтың болашағы жоқ деп айтқыңыз келе ме?

Өтежан Нұрғалиев: Бұл қазақтың болашағы жоқ деген мағынада емес. Бұл халық алдағы уақытта киiз үйде тұрмайды, атқа мiнбейдi. Отыра қалып ақша есептейдi немесе басқаларға аула сыпырушы болады.

Жас қазақ: Ақша есептеуден еврейлер жаман болып отырған жоқ қой?

Өтежан Нұрғалиев: Еврей болу үшiн Құдай сенi сүюi керек. Алла еврейдi жақсы көргенiм үшiн жараттым деген. Бүкiл дiн атаулының тiзгiнiн ұстаған да солар. Ислам, христианшылық, иудаизм дiнде­рiнiң бәрiнiң негiзi алдымен еврейден шыққан Ибраһим пайғамбарға түскен деп саналады. Ол кездегi еврейдiң қазiргiдей қулығы жоқ, бiрақ құтырған бiр жынды шалы екi қатынымен жайлы жер iздеп көшедi екен. Сосын кiшi қатыны үлкенi Сарадан таяқ жеп, күнiн көре алмай бiр баласымен жолда қаңғып қалады. Одан тарағандар – бүгiнгi пале­стин­дiктер. Ал бiрiншi қатыны Сарадан туған баланың ұрпақтарының жолы болды. Олар – қазiргi еврейлер. Олар сан жағынан өспегенiмен, ақыл да, қулық та соларда. Бүкiл тарихты солардың жолымен жасап отырсың. Мысалы, сен қазақтың тарихын басқалар тұмсығын да сұға алмайтындай етiп жақсылап тұрып жасайсың, бiрақ бәрiбiр еврейдiң тарихынан аумай шығады. Өйткенi, өмiр бойы оқығаның тек еврейдiң оқуы. Одан басқа оқу жоқ.


(Ертайы — келесі постта)
Бөлісу:

16 пікір

Aya
Болат Атабаевтың: «Многие представители старшего поколения вводят в заблуждение нашу молодежь, заявляя: „Я горжусь, что родился казахом“. Что значит гордиться тем, что родился казахом? По сути, это же самое, что гордиться тем, что родился в девят утра» дегенін естіп алған Аманхан Әлім (өзін-өзі ақынмын деп таниды) «бұлай деуі — тексіздікті насихаттау, ұлтынан безуді ұлықтау» деп байбалам салғаны бар. Болат Атабаевтың «Көшкін» пьесасы менің ол кісіге деген сүйіспеншілігімді ерекше арттырған. Тудыра алмай, тудырғандарды көре алмайтындар шәуілдеп осылай балақтан тістелейді. Адамзаттық тұрғыдан ойлағанда «мен» деген, қарабайыр "ұлт" деген ұғым жойылады ғой. Ғаламдық биіктен қарап, Өтежан Нұрғалиевтың осылайша ащы айтуы заңдылық, оған еш ренжуге болмайды, мойындай білу керек.
PatriotKZ
Мынау «Жас қазақ» деген газет сұм екен, мен оны 1-2 рет оқып жүрсем… Абай туралы қалай солай айтуға болады?
patick
Мына адам тірі болса — пездес ойшыл екен, нах
temir1986
кқсықасы бұл өзі бола алмаған соң өзгелерді де кез келген қыртымбайдың аузындағы әңгімемен тұздықтап отырған бұтақбас шал.
Maka
Сатыбалды аға, негізі жазушы болғыңыз келіп, арманыңыз орындалмай қалған ау сірә!!! қазақ жазушыларын жамандағаннан сіз түк таппайсыз, қайта адамдарға өзіңізді тым жағымсыз адам ретінде көрсетіп отырсыз!!!
satibaldi
Шамамен таптыңыз, жасыратын несі бар, жазбаларымнан көрініп қап тұрған нәрсені. Бірақ шамалы сәл басқашалау.
Мен 19 жасымда ауылдың хас сұлуына үйленбек болдым. Бір күні досым жетіп келді. «Ойбай, сенің Мақпалыңды қара, тоғайда не істеп отыр!» дейд. Алып-ұшып жетіп бардым! Масқара!!! Еркебұлан екеуі көрпені жайып алған. Өздері тырдай жалаңаш. Не істеп жатыр десейші сен? Мұқағалиді оқып отыр!!! Міне, тап сол күннен бастап кез келген әдіспен кек алуға бел будым!!!
Соңғы түзету:
Maka
түсінем сізді!!! бірақ кектен түсер пайда жоқ!!! ондай нәрселермен бас қатырып қайтесіз?!(((
кететін адам кетеді, қалатын адам қанша жерден қусаңызда сіздің жаныңыздан әр дайым табылады!
satibaldi
Түсінбейсіз сіз мені. Мына Альфред Нобель өзінің әйелі математикпен жүргеніне ызаланып, Нобель сыйлықтары тізімінен математиктерді алып тастаған көрінеді. Менің де мақсатым, ақын-жазушыларға берілетін жылсайынғы «Шабыт» премиясының көзін құрту. Не болмаса «Шәуіт» деп атын өзерту.
Maka
сіз одан түк таппайсыз ғой!!! қайта өзіңізге қарсы адамдарды көбейтіп жатсыз!!! сіздің бұл жердегі жазбаларыңыздан, жазушыларға берілетін премия құрып кетеді деп ойламаймын!!!
әлде әйеліңізде жазушы ма?))))
AKY
сөздері бір-біріне қарама-қайшы. сам не знает чего хочет. одни понты. осыны да әлдеқандай қылып, 4 -ке бөліп жариялап… сөзім жоқ ваще.
satibaldi
Тап сен қоя қойш осы
asaubota
әрі қарай оқымай-ақ қояйын ба? сенің осы сөздерің қатты әсер етіп отыр да.
AKY
маған как-то поқ
edige
Өтекеңді оқымай өскен ұрпақ,
Алматыны түсінбей, дал боп кетті.
Қатты айтпасаң болмайды, тіл білместер.
Ана тілге оқ атып, «мал» боп кетті! — дегендей жыр шумақтары бар…