Мұқағали - ортанқол ақын. Мағауин эгоист. Ахмет, Міржақып - алақан жайғандар. 1 бөлім.

Көвәріп оқығысы келмейтіндерге фабула: Өтежан амигос қазіргі тренд ақын-жазушысымақтардың жаттанды обрызын аршып тастап, оларға басқаша көзқарас ұнсынады.
Негізі, көвәріп болса да іштерің пыспайды.




Менен мықты ақын шықса, қуанар едiм. Бiрақ ондай ақын жоқ («Жас қазақ», №32, 2008)


Ақын Өтежан Нұрғалиев сұхбат берген басылым нөмiрiн оқырман қауым iздеп жүрiп оқиды.Нелiктен?
Бiздiңше, бұл ақынның ой-пiкiрлерi жаттанды қалыпқа симайтындығынан секiлдi. Оның қай сұхбатын алмаңыз, пародоксты түйiндердiң нөпiр тасқыны астында қаласыз. Күлесiз, күңiренесiз, ренжисiз, бiрақ ешқашан бейтарап, бейқам қала алмайсыз. Қайсыбiр сөзiн тiкелей қабылдасаңыз – Нұрғалиевтен өткен күнаһар жоқ секiлдi көрiнiп кетедi. Ал байыбына барып, астарына үңiлсеңiз – Нұрғалиевтiң қаны шашыраған шындықты, ащы шындықты айтып отырғанын, бүкпей айтып отырғанын аңғарасыз. Ақын көзiңiзге табиғат қаһарына мiнiп, аспан беймаза мiнезбен шатырлаған күнгi жайттартқыштай болып елестейдi. Бейнебiр дүлей жаратылыспен бiтiспес күрес жүрiп жатқандай.
Осындай қарама-қайшылықтан ақиқатты iздеуден танбай келе жатқан ақынымыз бүгiн 70 жасқа толып отыр. Ақынды мерейтойымен құттықтай отырып, жақында ғана алынған сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.


Бұлар – билiк жасаған тiзiмнiң мүшелерi

Жас қазақ: Әдебиетшiсi, басқасы бар оқырман қауым поэзияда Жұмекен Нәжiмеденовi мен Мұқағали Мақатаевы, Төлеген Айбергеновi мен Сағи Жиенбаевы, прозадан Әбiш Кекiлбаевi мен Сайын Мұратбековi, Қалихан Ысқағы мен Әкiм Таразиы қадау-қадау болып менмұндалайтын сiздiң буынды қазақ әдебиетiнiң алтын ғасырын жасады деген пiкiр айтып жүр. Бұл пiкiрдi шындыққа қаншалықты жақын деп ойлайсыз?

Өтежан Нұрғалиев: Бос сөз. Өтiрiк сөз. Бұлардың бәрi – Орталық Комитет жасаған тiзiмнiң мүшелерi. ЦК-ның күшiктерi. Бәрiне уақыт өзi түзету жасайды, мезгiлi жеткенде ұмыттырады. Бұл тiзiм қайтадан қаралады. Тiзiммен жасалған кеңес әдебиетi осылай құрып жатыр. Бiреуi қалған жоқ қазiр. Шолоховтың басына да қара бұлт төнiп тұр.

Жас қазақ: Орыстар Шолоховтың “Тынық Донды” 23 жасында-ақ өзi жазғанын сақтал­ған қолжазбасы арқылы дәлелдеп берген жоқ па?

Өтежан Нұрғалиев: Адамдар бар жерде ештеңе де дәлелденбейдi, тамырың қырқылады да отырады. Адамның табиғаты маймылдан да жаман. Гомердi қаралау, Шолохов романын өзi жазбады деген сөздердiң бәрi дақпырт. “Даңқ пен дақпырт” деп кезiнде Жұмекен роман жазды. Оның айтуы бойынша, адамның даңқы көзi тiрiсiнде өзiне қызмет iстейдi, iшiп-жемiн түгендеуге көмектеседi. Уақыт сенi жоғалтқанымен, артыңда дақпыртың қалады. Өзiңдi ақ немесе қызыл қылып көрсеткiң келгенiмен, ол бояулардың бәрi жоғалады да, қасыңда тек көлеңкең ғана жүредi.
Жас қазақ: Құрдасыңыз Жұмекен де көзi тiрiсiнде ешқандай атақ-даңққа бөленбедi ғой. Баспаның қарапайым қызметкерi болып қана күн кештi…

Өтежан Нұрғалиев: Ол даңққа, құрметке қызықпады. Ол жай ғана ақын емес, көнтерлi, сiрi жанды ақын едi. Қазiр де даңқы шығып, аспандап жатқаны шамалы. Өйткенi, адам өзiнiң кiндiгiнен бәрiбiр аса алмайды. Ол сабырлы, төзiмдi, сосын жыбырлақ ақын болатын. Қаламы қайда тартады, солай жыбырлатып жаза бередi, жаза бередi. Басқа ақындар­ға қарағанда бағының төмен болатыны сол. Оның халық бiлетiн бiр-ақ өлеңi бар, ол – «Менiң Қазақстанымң, қазiргi әнұранның мәтiнi. Болмаса Қадыр, Тұманбай, Мұқағалилардан оның еш айырмашылығы жоқ. Кеңес тұсындағы осындай есiмдерден тұратын құбатөбел ақындар тобының бiр мүшесi. Билiк халықтың қажетiн осылар қанағаттандырады деп оларға бiршама жағдай жасап қойды. Бiрақ ақын олай болмауы керек. Ақын хал­қының мазасын алып, қалғып бара жатса, бөгелек, сона болып шағу үшiн, адамның ар-ұятын ояту үшiн туады. Бiзде ондай ақын әлi туған жоқ. Қазақ халқы күтiп отыр, бұйыртса, туып қалуы мүмкiн.

Әрбiр маскүнем жүз орыстың бiреуi ақын

Жас қазақ: Сiздiң көзқарасыңызбен қарайтын болсақ, тек қазақтың емес, өзгенiң үлкен ақындары да түкке жарамай қалатын секiлдi. Мысалы, өзбек Әлiшер Науаи мен немiс Гете билiк iсiне араласты, орыс Пушкин ақ патшаның қамқорлығында болды дегендей…

Өтежан Нұрғалиев: Әрине. Ел есiнде есiмi Алланың атымен қатар тұратын сол Пушкинге орыс ақындары қазiр күлiп қарайды, ақын деп санамайды. Өйткенi, орыста ақын көп. Әрбiр маскүнем жүз орыстың бiреуi ақын. Олар – абырой-беделге қарамайтын халық. Кiмнiң халқы күштi, соның ақыны аспандайды. Шекспирдi ешкiм ақын демеушi едi, қазiр жұлдызы жанып тұр. Неге? Өйткенi, ағылшындардың бағы көтерiлiп тұр. Кезiнде аралға тығылып артта қалған, мәдениеттен жұрдай, төбелес-ұрыстан басқаны бiлмейтiн елдiң қазiр ақ дегенi алғыс, қара дегенi қарғыс болуда. Ағылшындар соңғы сөзiн Шекспир арқылы айтып отыр. Ал Шекспирдi оқымай кел­генiмiз бiздiң сорымыз. Қазiр бiз – дүние жүзiн­дегi ең надан халықпыз. Қандай тақырып болсын, әңгiме айта алмайтын деңгейдемiз, Шекс­пир­дi бiлмеймiз, тiптi мүйiзi қарағайдай дейтiн Олжас та бiлмейдi оны. Олжас – бiздiң ең топас ақын­дарымыздың бiрi. Аяймын оны. Әлем әдебиетiн бiлмейдi, өз әдебиетiн сiрә да бiлмейдi. Тек орыс әдебиетiне деген талабы өте зор. Оның жалғыз қуанышы – орыс халқы мен қазақ халқы арасындағы тамырластықты дәлелдеймiн деген дон кихоттық әрекетi ғана. Оның әр күнi дон кихоттыққа толы. Неше түрлi абырой-беделдi Олжас «маған бершiң деп сұрап алады, жалынып алады, бермесе, тартып алады. Семей­дегi полигонды жап­қызу дейтiн абыройды да ол Мәскеуге барып жалынып сұрап алды. Оның бұған дейiн жинаған атағы да жететiн едi, бiрақ тағы да атын шығаратын бiрдеңенi тiмiскiлеп iздеп жүр.

Жас қазақ: Қарап отырсаңыз, Пушкин де орыс патшасына адал екендiгiн талай мәрте мәлiмдедi. Шекспир де өз заманының ақсүйектерiмен араласты. Бiрақ осынысы үшiн оларды жағымпаз деп кемсiтiп жатқан орыс не ағылшын жоқ. Ал бiзде неге бәрi керiсiнше?

Өтежан Нұрғалиев: Шекспир туралы қанша кiтап оқысаң да, айтатындары бiр-бiрiне қарама-қайшы. Өйткенi, Шекспир ұлы, қай жағынан келiп қарасаң да ұлы. Әйтпесе, тарихтағы шын Шекспир әртiс болған адам. Өзi жазған пьесаларында өзi ойнаған. Ол – ұлы актер әрi ұлы драматург, үшiншi жағынан үлкен патриот, ал төртiншi жағынан Шекспир деген адам жоқ. Ол – Френсис Бэкон. Екеуiнiң суретiн салыстырсаң түр-түсi, үстiндегi киген киiмiне дейiн ұқсайды. Неге олай? Себебi, оның дақпыртынан даңқы күштi болған. Шекспирдi ұғыну үшiн ағылшынның орнында болуымыз керек, орыстан озуымыз қажет. Бiрақ бiзге ондай бақыт бұйырған жоқ. Ағылшын, француз, испан әдебиеттерi бiзге үшiншi бiреудiң түсiндiруiмен ғана жетедi. Шындап келсең, оларды сол түсiндiрушiнiң өзi де түсiнбейдi. Бiздiң Тұманбай, Жұмекен, Мұқағали, тағы басқалар секiлдi өзiмiзге лайық кiшкентай ғана өлшемдерiмiз бар. Ал айтайық, атақты Мұқағалиды көзiмiз көрдi, ол бiздiң ақындардың iшiндегi ең орташа ақын. Онда ұлылық та жоқ, арамдық та жоқ. Қазiргi жазып жүрген кез келген етi тiрi ақынды ардақтасақ, арқасынан қағып мәпелесек, Мұқағалидай бола алады. Онда ақынға тән қасиеттiң бәрi болды. Бiрақ оның да майшам сияқты сөнетiн күнi қашық емес. Өйткенi, халтурщик қой. Оны оқитындар да халтурщиктер. Астарына үңiлiп оқымайды, қалай деп жазса солай сыдыртып оқи бередi. Бәрiң де екiншi мазмұн, кiмге болсын сырын аштыра бермес астар бар екенiн бiлесiңдер. Қазiр оны зерттеп, түбiн түсiрiп жазатын ұрпақ жоқ.

(Ертайы бар)

Бөлісу:

10 пікір

Aya
Қақалып жатырмын, өте қатты айтады екен(( Ертайын оқимын деп, сірә өліп кетпейін, пәтшағардың беталысы тым қатты.
Adiletshu
Өмірден баз кешіп кеткен шал ғой
temir1986
Олжас туралы айтқанына келісем. Қалғаны сандырақ!!!
asaubota
жас кезімде кітабы шыққан, ТВ, газет-журналдарға шыққан адамдарды мықты деп ойлағаным үшін кейде өз өзімнен ұяламын

мына кісіні танымайды екенмін. бірақ, қазақтың біраз ақын-жазушысының дүниелерінің фигня екенін қазіргі уақытта түсініп жүрмін.
Aya
фигня екен деп өз-өзіңді ақтап алуға бола ма?
Соңғы түзету:
Sashok
Кезінде қызмет құлағын ұстап, ел алдына шығып қалған шалдар қартайғанда не шежіре жазғыш, не арызқой боп кетуі аксиома ғой. Табақтай мақалаларын жазып, бір-бірімен газет арқылы атысып жүрген кешегі жазушы, бүгінгі көп қыртымбай шалдар — соның айғағы. Ну енді пенсия, үйге сыймайд дегендей. Бірақ Мағжан мен Мұқағали кім, мынау кім? Тіпті күлуге де тұрмайд…