Елікбаев дәрісін тыңдаймын десеңіз...

Достар, менің Chesnok компаниясында жұмыс істегеніме бір айға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде көп байқағанымның бірі — қазақ сайттарына деген интернет-бизнестің оң ниетінің артуы. Ішкі-сыртқы әңгімеге көз тастай отырып қорытынды шығарғаным солшыл (әлде оңшыл?) оптимистік сипатта: жақын арада қазақ блогшылары, қазақ сайттары осы кезге дейін оқта-текте әріптес болып келген ақша берушілермен тұрақты қарым-қатынас орнатады.

Олардың сұранысына ие болып, тең дәрежеде жұмыс істеу үшін білім базамыздың үлкен болмағы шарт. Егер бұл пікір көңілге қонымды, көкейге жағымды десеңіз, келесі ақпаратымды құлағыңызға іле кетіңіз.

Chesnok жаңа бағыт бойынша жұмыс жүргізуді бастады. Ол — курстар. Интернет-жарнама, PR бойынша сабақтар туралы толығырақ мына жерден біле аласыздар.

Қазір сіздерге «Онлайн-менеджмент» және «Фрилансердің бизнес-моделі» бағдарламалары бойынша мастер-кластарды кімдердің өткізетінін айта кетейін. Сабақтар әзірге орысша өтеді. Егер «мен өткізе аламын қазақша осындай сабақтарды» деп ұсыныс тастасаңыз, толық бағдарлама құра алсақ, қос қолымызды көтеріп қолдауға әзірміз.


Әлішер Елікбаев – MEGA ойын-сауық орталықтары желісінің қоғаммен байланыс бойынша басшысы, Vox Populi жобасының жетекшісі, танымал блогер.
@yelikbayev


Инесса Шлапак – 2011-2013 жж. Samsung Electronics Kazakhstan-да онлайн-менеджер болып қызмет атқарған, BarCamp Central Asia 2009-2011 ұйымдастырушыларының бірі, Award.kz интернет-жүлдесінің иегері ("Қазнетті дамытуға қосқан үлесі үшін" номинациясы).
@Agnesa


Жанна Прашкевич – PR-кеңесші, журналистер мен блогерлерге арналған ZHURIK.KZ анонс қызметінің негізін қалаушы, Cafeteria кафесінің арт-директоры.
@laralarkin


Дмитрий Зимин – VSE.KZ конференциясының идеялық авторы және тең дәрежедегі иесі (бұрынғы «Центр тяжести» форумы).
@mastx1


Рамиль Мухоряпов – Chocolife.me бас директоры.
@MukhoryapovRR


Станислав Игнатов – Yvision.kz және Kiwi.kz жобаларының негізін қалаушылардың бірі.
@smerchkz


Динара Исабекова – iBEC Systems компаниясының әлеуметтік медиа бойынша менеджері, видеоблогер.
@DeeMasterpiece


Слава Неруш – Chesnok.kz негізін қалаушы.
@SlavaNerush


Константин Нагаев – жазушы, копирайтер.
@Haskygrey


Александр Васильев – жазушы, копирайтер.
@basilioff


Сәния Серікова – Chesnok digital-агенттігінің директоры
@Serikava

Сабақтар 2013 жылдың 10 маусымында басталады.

Бағдарламалар бойынша толық ақпаратты тренинг-орталықтан біле аласыздар.

Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, қолыңызға телефон алыңыз (+7 701 241 58 14) немесе Елдос Құлымбетовке хат жазыңыз (e.kulumbetov@gmail.com).

Өздеріңізге деген зор құрмет, ыстық ықыласпен,
@qisyq.
Бөлісу:

2 пікір

Gulistan
Жанна Прашкевичті күшті көрем. Димаш, рахмет толық ақпаратыңа.

Атырау жаққа келмес пе екен?
qisyq
Әзірге тек Алматы. Аймақтарға шығу әзірге тек идея түрінде ғана.