Видеоблогингтегі алғашқы тәжірибе / Спорт интернат деген қандай жер?

Көптен бері спорт тақырыбындағы видеоблог жүргізу ойымда жүрді. Жақында Данияр Аланның қолдауымен алғашқы түсірілімді бастап та кеттік.
Спорт саласында жүрген 5-6 жылдың ішінде көптеген адам спорт интернаттың не екенін білмейтіндігін байқадым, ал қазіргі уақытта еліміздің атын танытып жүрген барлық спортшы дерлік осындай орданың түлегі. Әр қалада өзінің спорт интернаты бар, ал Алматы мен Астанадағыдан шыққан атақты спортшылардың тізімі тіпті үлкен. 7-сыныпты аяқтаған соң спортқа икемі бар жасөспірімдер Қазақстанның түкпір түкпірінен Республикалық спорт интернатқа бағыт тартады. Бұл жерге кез келген адам оқуға түсе алмайды, екі кезеңдік емтиханнан сүрінбегендер ғана спорттағы дарынды балаларға арналған интернаттың оқушысы атанады. Назарларыңызға Астанадағы Қажымқұан Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған интернаттың бір күндік тынысынан бейнематериалды ұсынамыз.
Сонымен, спорт интернат деген қандай жер? Ол жерде кімдер оқиды? Бұл жасөспірімдер зор алғысқа лайық! Біреулер қарапайым мектептегі сабағын үлгермей жүрсе, балғын спортшылардың әр минуты санаулы. Үйден жырақта жүрсе де, ол еркелік танытпай, бапкер мен мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындайды. Өйткені, ол — БОЛАШАҚ ЧЕМПИОН!
Алдын ала қателіктер мен бейненің сапасы үшін кешірім сұраймыз. Бұл тек алғашқы еңбегіміз, алдағы уақытқа жоспарымыз да, бастау алған түсірілмдер де өте көп. Түсіністік пен қолдау білдіргендеріңізге көп рахмет!
P.S. Екінші бөлімі қызығырақ шыққан, соңына дейін қарасаңыздар…



Бөлісу:

29 пікір

omarbirat

Уот, осындай блоггинг керек
Қыздардан бөлменің босағасында тұрып алып сұхбат алғандарың қызық болды
Соңғы түзету:
Aidakonya
ТАМАША!!! Өзіңіз сондай сүйкімдісіз, интернат «кәшәсін» сағындым((
Daniar-Alan
Өзіңіз сондай сүйкімдісіз
келесіде өзімді де бір жерінен жылтың еткізбесем…
Соңғы түзету:
Aidakonya
сүйкімділігіңізді онсызда білем ғой))
Nurshat
Сүйкімсіз оператор боқаласың ғо( жылтыңдай берсең
Adiletshu
Мына қызды танимын ғой
Adiletshu
Соткамен түсіргенсіңдер ма
Daniar-Alan
соңғы жағында фотоаппараттың батареясы отырып қалды )) амал жоқ соткамен түсірдік. Жалпы жақсы камера алу керек…
Naz_Sultan
Иә, демеушілер де болса, қарсы емеспіз
Daniar-Alan
ойваеее  бір бейне түсіріп әпере салад дисің ба?!..
Naz_Sultan
Мүмкін… Менің сүйкімділігіме)))
Adiletshu
Сынып қалдым
Daniar-Alan
әні спонсор табылды  еркексің ба или әпер, или өл енД
Daniar-Alan
артың қайырлы болсын
Adiletshu
Қызық. Амандасқанда, қоштасқанда қолдарын денелеріне қойып иіледі екен. Интернаттың тәртібі сондай ма?
Naz_Sultan
Иә, блогта осы амандасу ерекшелігі туралы айтылады. Он жылдан асқан осы амандасудың қалыптасқанына. Жақсы ниет жүректен шығады деп амандасып, ризашылықтарын білдіріп, қолдарын жүректеріне қойып, сәлем береді.
Daniar-Alan
даусы нәщәр, оператор құсық деген пікір күткем негізі шыы… эхх… бұрынғы замандарым айй…
satibaldi
Видеопостта бір түйір сөз болмау керек. Оқырменді (оқырман+көрермен) сөзбен дайындавалу — не сценарийдің авторы Марио Кассар емес екенін, не түсірем деп барған нәрсең болмай қалып, оны сөзбен компенсация жасау әрекетін білдіреді.
Naz_Sultan
Міне!!! Көптен күткен пікір Көп рахмет! Келесіде ескереміз)
satibaldi
Соңғы түзету:
Adiletshu
Бұны неге салдың? Алдыңғы видеодан айырмашылығы бар ма?
MickThatsMyNick
Шаш үлгің «тақырып»қа келеді екен.))
satibaldi
Қайдан ғана көрдім екен Назеркені… Көргенім дәл… Қай жерден ғана…
Daniar-Alan
мәссаған… мамырда түсіріппіз ғой ия… жаз да бітті… өмір өтіп жатыр…