Кешкілік серуен... 12 мамыр 2013 жыл

Сәлем саған, қарт Каспий!

Сәлем саған, қарт Каспий!

Сән беріп кең далама, қазағыма
Айналдың сен Маңғыстау ғажабына.
Сәлем саған, қарт Каспий толқындаған
Қараймын да тоймаймын ажарыңа.

Киелі Маңғыстаудан орын тепкен,
Көк теңіз, саған сонша құштар екем.
Бұлқынған толқыныңды терең құшып,
Құмарымнан шығам ба қанша жүзсем!

Бір ғажайып сиқыр бар сенде бәлкім,
Келуге жаны құштар саған әркім.
Толқыныңмен достасып жел мен тас та
Алтын күн де төгер саған таң шапағын.

Жағаңда батамын мен ойға терең
Ғажапсың-ау, Каспийім, шыныменен
Қыстыгүнгі ажарың болған аққу
Үн қосып сырласқандай меніменен.

Жырымды жазылған пәк көңілімнен
Арнаймын ақ жүректен өзіңе мен.
Маңғаз дала төрінен орын тепкен
Каспийімді шынымен де сүйемін мен.

Сан ғажапты сыйғызып алабыңа
Көрген адам таңдай қақты саған мына.
Көркінен көз тұнатын әсем теңіз
Жайнай берші сән қосып ажарыңа!

Камшат ЖҰБАТХАНОВА
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы


Суреттердің барлығы бірдей жүктелмегендіктен, назарларыңызға осылар ғана…

Пысы: Суреттер Samsung Galaxy SII түсіріліп, Snapseed қосымшасымен өңделген.
Бөлісу:

24 пікір

ken
Суреттер өңдеуден өткен ба? Аспанның түсі басқаша болып тұр (біз жақтың аспанына ұқсамайды).
Әдемі.
Goo
Иә, суреттер өңдеуден өткен. Рахмет!
Aya
күшті екен.
satibaldi
Өтірік айттың. Ертеректе барғансың ба, содан Хазар теңізіне деген қарыз сезімдер қалып, өзіңше есесімен қайтарған түрің. Сөзің құрысын(((
Aya
Кешіріңіз, толқыны тулаған Каспийге барғанмын. Хазары несі?!(
Daniar-Alan
Каспийдің бүрынғы аты Хазар Ая  Хазар тайпасының атынан қойылған дейді ел артындағы аңыз…
Aya
«Хазар» деп ем біреулер азар да безер болған осында. «Ойбай, олай десең түрікпендерге теін бере салғанмен тең» деп. Енді келіп «Хазар» де дейді(((
Goo
Каспий теңізі (море Хвалийское, түрікм. Hazar deňzi, парсыша: دریای خزر‎ — Daryâ-ye Xazar, әз. Xəzər dənizi) — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.
Erlan
тунгі тусірілімдерде iso кобірек болып кеткен секілді, шум, акшыл нелер бар
Goo
рахмет, ескеретін боламын
Erlan
бирак сюреттерді ондеуің унады
Adiletshu
Немен өңдедін, қалай істедің? Осында пост қып жазшы. Бізде істеп көрейік
Goo
Пост қып жазатындай қиын нәрсе емес болғандықтан, осы фотосеттың төменгі жағына қосуды ұйғардым
Erlan
фотоаппарат устамагалы коп болды кызыгып кеттім
Goo
Пост күтейік пе?
Erlan
шыны керек потаппаратты 12 айда 6 рет устайтын болармын, кайдан Пост болсын, бирак тунде тусирген 1-2 сюреттер бар бурынакта, опыт жасап тусірген
Goo
онда осы жерге сала қойсаңызшы
patick
Қою түстердің үйлесімі керемет
Erlan
туңгі тусірілім, биік бір жерге шығып рухсатсыз, аяқ кол дірілдеп s018.radikal.ru/i500/1305/e4/a9410e1ab435.jpg
Goo
Өте жақсы! Керемет! Жалғастыру керек…