Домбыра PARTY Алматы
Сөйтіп, кеше үшінші рет Домбыра Пати өткіздік. Жалпы, Алматыда да дәстүрге айналып бара жатқан сияқты. Қуаныштымын. Басында төрт-ақ адам болғанбыз, біртүрлі, көңіл күпті болып тұрды. Әлде, жұртты қызықтыра алмадық па, әлде жалықтыра бастадық па деген ойлар келді. Сөйтсееее… Кеше кешке теледидардан бокс көрсетілетін күн екен ғой)))
Ортамызға керекші еместер де қосылып жатыр. Фэйсбуктағы топтағы жазбамда біраз ақыл айтпақ болған Қазыбек Қойшыбаев деген жігіт келді. Тәп-тәуір домбырашы екен. Атап-атап отырып бірнеше күй тартып берді.
Нұрғиса да келді, сюрприз жасап)))
Келгені жақсы болды, әйтпесе бар салмақ шынымен маған түсіп жатыр еді. Жігіттер сияқты зор даусым жоқ. Домбыраны да қағып тартпаймын, шертіп отырып, әнді сызылтып айтамын. Содан болар, былай, екі метрден арыға даусым жетпейді.
Домбыра патиге жиналған жұрт қолында домбырасы бар адам кез келген әнді айта алады деп ойлайды екен. Тапсырыс берген әнін білмейтін болсаң, немесе бабына келтіріп айта алмасаң, көрерменді алдағандай күй кешесің. Бір жағынан, сәл ренішті де)))
Бірақ, енді қатарымыз көйбейсе, тіпті маған кезек жетпей де қалатын шығар, жақсы болар еді. Әйтпесе, менің репертуарым енді бес патиге жетер, одан кейін жаңа әндер үйренуге тура келеді.
KILYZAMAN ағамыз келем деді. Іштей күтіп отырдым, бірақ көрермендер ішінде тұрған екі орта жастағы ағаның біреуі сол кісі болуы мүмкін екенін ойламаппын да. Енді, ортаға шығып, «балалар, амансыңдар ма, мен сол көкелерің боламын» деп айтады деп ойладық қой. Соңынан сол ағалардың біреуі бәріміздің атымызды атап тұрып, тілегін айтты, өзін Қилызаманның досымын деп таныстырды. Ал ағамыздың өзі айт деген әнін айтпай бөгеліп қалғанымызға ренжіп кетіп қалыпты. Сол сәтте, ана саксофоншы бала келіп, соны ортаға шығарып жіберіп, ағаның өтініші шынымен орындалмай қалып еді. Аға, кім екеніңізді айтсаңыз, тілегіңізді жерге тастамас едік қой!
Саксофоншы жігітке келсек. Арбатта ойнап тұрып ақша жинайтын жігіт. Әдетте минус қойып қойып, соған қосылып ойнайды. Өткен бір жолы «Gangnam Style»-ды ойнап тұрған. Есімі Марлен деді ғой деймін. Бізге екі рет қосылды. Екі ретте де үш шығарма ойнады: «Япурай», «Бақыт құшағында» және «Күндіз де, түнде де сені іздедім» деген ән. Батырдың репертуары ғой. Әндерді көп бұзады екен, дилетант-самоучка екені көрініп тұр (өзіміз сияқты).
Қызмет бабын асыра пайдаланып жібердім. Балаларыма ән айтқыздым)))

Краков барлау мектебінің қолтаңбасын шырамыттым