Біздің үйдегілер «ас» дейді. Оралда тұрғанымызда солай айтатын сол жақтағылар. Ақтөбеге келген соң ет салып қойып туыстарға звандап «Ас салып қойдық, келіңдер» дегенде бәрі шошыптығой))
Менің бұл сауалнаманы қойған мақсатым қазіргі таңда көбісі Бешбармақ деп көп жарияланып кетті. Ол сөз Бес-бармақ деген сөздерден тұрады. Ал, енді ойланайық сонда қазақ тілінде саусақ саны 5 соның ішінде біреуін ғана бармақ демейміз бе? Ет асу, Ет тамақ жеу бір секілді, тек бірінші асылады сосын желінеді
Мясо по тайский, мясо по французский деп жатады. Онда неге Қазақша ет деп атамасқа, бешбармак деп жазғанша мәзірге. Ал шынына келгенде онсызда атауы бар нәрсеге жаңадан жанама ат қоюуымыз ұнамсыз сезіледі.
Япырмай, болмайтын, бесенеден белгілі нәрсеге неге бал ашып отырсыңдар? Қазақ қай кезде де ет деген. Әдеби шығармаларды анда-cанда оқып тұрсаңдарш. «Бешбармақ асты, қамыр ауқат жеді» деп қай жерде жазылыпты?
сонша төмендеткеніңізге Рахмет! Ол әдеби шығарма бір бөлек теориялық тұрда солай болып қала береді, бірақ ауыз-екі тілде әр түрлі айтады емес пе?! Төбедеге пікірлерде айтқандай «ас салу» деген сияқты ж т, б,
Ет асыңдар, ет жеп алайық, қамыр ауқат, ет асу. пісіп дайын болған тамақты, қазақша ет деп атайық, шетелге де шыққанға оңай, мясо по тайский деп жатпайды, Сызылған дауыспен даяршы қыз: «Хотите меня», ана дәу жігіт көзі бадырайып: "Әу, не дейсің?" дейді, қыз батыл дауыспен: «Хотите меню». Жігіт: «Менюде не бар?» дегенде, "Қазақша ет бар", дейді, міне қазақша ет деген осы.
Шынтуайтында, қазақ даласындағы патшалық әкімшіліктің жергілікті шенеуніктерінің ет тағамын кемсітіп атауы. Қазақ ешкашан қонағына тартқан етін бұлай атамаған. -деген Бешбармақ туралы. Мында дегенде
28 пікір