Алматы және Мен

пойыздан қараған қыз
Әркезде пойызға отырған сәттен жол бойы терезеден қарағанды ұнатам. Жолдар маған, әр үмітпен келе жатқан сапарымды сезгендей, бойыма бір ерекше қуат береді. Сосын осы жолдарға қарап:

Ей, жолдар! Сапарымды сәтті ете гөрші. Мені қолдашы. Үмітімнің үзілмей осы жолдардай жалғануын тілейтінмін. Бүгін міне, тағыда жолға шықтым. Барар жолым – Алматы.

Иәә, иәә, ел мақтайтын да, даттайтын да қалаға, араға 10жыл салып, тағы бір жолым түскелі отыр. Алматы-ару қала. Арман қала. Жастар қаласы. Мақтауға тұрарлығы сонда деп есептеймін. Ал, даттайтыны, қаланы әлдекімдер тас қала деп жатады. Бауырыңа баспайтын суық қалаға үйренісе алмағандар қаншама?!..

Бір кездері менің де бал күлкімді ұрлаған қалаға енді қайтып келмеймін деп қайрылмастан кеткен болатынмын. Дегенмен, жаныма ғана емес тәніме түскен жараны да жазу сенің ғана қолыңда екен. Сол үшін қайтып келдім. Сенімсіз түрде келдім. Себебі, сені ұнатпайтынмын Алматы. Бірақ сен маған қайтадан сену керектігін, сабырлық танытуым керек екеніне сендірдін. Үзілгелі үмітімді жалғап бердің. Содан бері мен шын қуандым. Шын күлдім. Алматы тек мықтыларды ғана жақсы көред(і) екен ғой дедім,-іштей.

Ехх, Алматы… сен менің талай мұңды сәттеріме де… егіліп жылаған күндеріме де… жалғыздықта жабығып жүргеніме де талай рет куә болдың… тіпті қосылып жылаған сәтіңді де ұмытпадым. Ол енді бөлек әңгіменің еншісінде.

Он жыл бұрынғы кездер мен қазіргі кездің арасы біршама өзгерді. Мен үшін. Ол кезде менің денсаулығыма бей-жай қараған дәрігерлерге деген көзқарасым, барлық ақ халатты жандарды жек көруге итермеледі. Еріксіз түрде. Алайда мен бәрібір осы дертімді осы жерден, осы қаладан табатыныма сендім. Бұдан былай Алматыны көрмеймін дегеніммен, айналмалы дүние бәрібір өз дегенін жасады. Қайтып келуімнің себебі осы еді. Басқа да ақ халатты жандардың арқасында жоғалған сенімімді қайтардың. Батылсыз, әлжуас қызды қайтпас қайсар мінезбен өжет еткенін үшін саған ризамын!

Пойызымыз Алматыға жақындаған сайын жүрегім қатты соғып кететіні неліктен деймін-ау..) Жо-жоқ, мен қорықпаймын. Саған сенем ғой. Тек сен мені ұмытып кетпесе екен деймін. Әркез келгенімде, мені құшақ жайып қарсы алатыныңды білсем де, Алматы суық қала, жылы жүрші деп алаңдайтын анашыма: Алматы мені тоңдырмайды. Біз енді бауырмалдай достастық қой деймін. Пойыздан түскен бойда күннің көзіңе қараймын.Күн нұрын шашып, жаныма бір жылы лептің самалы есіп тұрғанын сезем. Ол сенің мені жылы қарсы алғаныңның белгісі.

Р.S: айтпақшы, мен аяғымды басып жүріп келем...))
Бөлісу:

13 пікір

bizbike
эээээх, Алматы, Алматы, әттең, әттең. 16 жыл өтсе де сағынамын
bake
өз аяғымен жерді басып жүргенге не жетсін
Tyulpan
Алматы, Алматы…

Айнура, Алматыға қайта оралуыңызбен! Қадамыңызға сәттілік!

әлемде қанша әдемі қалалар болса да, мен үшін Алматы олардың ешқайсысына жетпейді. Алматы — форева! ))

Алматы… байқамасаң жұтып жібереді ол. сол үшін бұл қала пысықтардың қаласы — әрдайым қимыл-қозғалыста болуды талап етеді. өзіңізді асырау мақсатында қимыл-әрекет етпесеңіз, құрдымға кеттім деп есептей беріңіз. өйткені, ол әрі қатал қала. басыңнан сипап, мейіріміне ие болу үшін қимылда. тек қимылдама, дұрыс қимылда, сәйкес қимылда. сонда жолың болады…

Алматы… жастардың қаласы. қаншама жастарды бір-біріне ғашық етіп, қосатын қала. дүниенің төрт бұрышынан жиналған қазақты осыннан табасыз.

Алматыны түсіну үшін жай ғана қыдырып барған жеткіліксіз, ол үшін бұл қалада тұру керек. сонда ғана оның тыныс-тіршілігін анық танып білуге болады...
Алматы туралы көөөөп көөөөп айта беруге болады...))

сағындым Алматыны. әр кез еңбек демалысында Алматы деп ұша кетемін. келесі демалыс, бұйырса, тағы да жазда ))
Ainura
Алматы керемет қала!
satibaldi
Мөлтек сыр шықпай қалд нақ
MickThatsMyNick
Алматыға бармағалы 12 жыл болған екен…
ken
Соңғы рет Алматыда 2009-жылдың күзінде болыппын. Жұма күні таңертең пойыздан түстім. Байтұрсынов-Гогольда жалдамалы пәтер алдым. Күні бойы жұмыстарыммен жүрдім. Түн болды. Такси. Аэропорт. Қолымда гүл. Қарсы алу. Такси. Пәтер…
Ертеңіне таң атпай жұмыстарыммен кетіп қалдым. Түс ауа қайтып келдім де…
Таң атты. Бұл күні боспын. Бірге қалада жүрдік. Ол шоппинг жасады. Анау-мынау жерлерге бардық. Кеш батты. Пәтер. Түн…
Дүйсенбі. Таң. Аэропорт. Пәтер. Вокзал.
totiya
шынымен де Алматы қасқырлардың қаласы. әлсіз болсаң, ауызыңды аңқитып кетеді. Мен Алматыда біраз уақыт үй жалдап тұрған едім. Барғанда ешкімді танымаймын, қаланы да бірінші рет көруім. келген 1 аптада үй проблемасымен кемпір-шалы да, жастары да жестко құлағымнан теуіп, лібәттар ақшамды сыпырып әкеткен. 7 күн қиналғаннан кейін, үйрендім. Алдаймын дегеннің өзінің басын айналдырып кететінмін)))Алматы түнде ерекше әдемі, очм Керемет қала. осы жазда тағы барамын Алла жазса…
omarbirat
Менің де Алматыға бармағаныма өте көп болыпты. Өйткені өзінде тұрамын да, Алматыға баруға қажеттілігім жоқ
Jolaushi
Алматыға ат басын бұрмағалы аттай төрт жыл болыпты… Алматыда «борьба за выживание» ғой)) Әсем, әдемі, көрікті, арман қала болса да, өмір сүру заңы өзгеше өте «суық» қала…