Алматы vs Алма-Ата
Апта басында «Алматы vs Алма-Ата» жекпе-жегінің кезекті раунды басталды. Алма-Аташылар тарапынан соққы жасаған Қазақстан журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев.
С. Матаев. «Менің талпынысым фактілермен негізделген. Жақында белгілі болды, Алма-Ата заңды түрле Алматы болып өзгертілмеген. Мұндай нормативтік құжатты әділет органдарынан да, қалалық архивтен де таба алмадым. Бұл ұсынысты ешкім талқыламаған, осындай шешімдерді қабылдайтын сол кездегі қалалық кеңестің депутаттары қолдап дауыс бермеген».
Тоқсаныншы жылдардың басында Конституцияның қазақша мәтініне «Қазастан Республикасының астанасы Алматы» деп жазып жіберіпті. Ол орысшаға да Алматы болып аударылып, сол күйінше қалып қойған.
Мүмкін оның талқыланбағаны тарихи әділдік шығар? Себебі, дұрыс нәрсе талқыланбайды, ешқандай күмәнсіз бірден қабылданады, өзінен-өзі қалыптасады, бекиді.
Оның үстіне Алматы атауының тамыры Алма-Атадан әлдеқайда тереңде жатыр. Оған танымал (бәрің білетін шығарсыңдар) ғалым Зира Наурызбаеваның facebook-та жариялаған құжаттары куә.
Құжатта тайға таңба басқандай жазылған. 1853-жылғы (!!!) баяндамада елді-мекеннің аты «Алматы» деп көрсетілген. Ол 1858-жылы «Верный» болып, тек, 1921-жылы ғана большевиктер «Алма-Ата» деп өзгерткен. Әй, бірақ, «Алма-Ата» жақтастарына бұл да аргумент бола алмайтын сияқты.
Негізі менің қорқатыным бұл емес.
Саяси технолгияның бір амалы – халық қарсы болатын шешім қабылданар алдында танымал адамдардың аузымен осындай құлаққағыс мәлімдемелер жасалады. Бұл кейде тамыр басып көру, кейде көз үйрене берсін деген мақсат. Мысалға, Марченконың зейнетақы реформасы туралы мәлімдемесін еске түсіріңіз… Матаев мырзаның «бастамасы» да осындай амал емес пе екен. Енді бір жылдан соң депутаттар өзгерісті мақұлдап жатқанына куә болып отырмайық.
Былтыр Президент «Ономастика туралы» заңға қол қойды. Шынымды айтайын, оқымадым. Мүмкін заң мұндай күрделі өзгерістерге тиым салатын да шығар. Алайда, шындап кіріссе біздің елде кез-келген шешімді қабылдауға болады ғой… Сіз не дейсіз?

Алматы менің сүйікті қалам, Алматының қадірін білейік. қадірімізді былғамайық.