Хард-әдебиет. Стратиллат Меңдешев. "Соңғы кеш"
...7 жұлдызды «Шератон» отелінің швейцары есік алдына келіп тоқтаған «шестерка „Жигулиге“ баруға ықылас таныта қоймады. Сосын ба, ол мәшинеден де ешкім шықпай, қақшиған күйі тұра берді. Күзетке хабарлап, қуып жіберсем бе екен деп ойлады швейцар. Сол-ақ екен, отельден администратор жүгіріп шығып, швейцарды жағадан алды:
— Не қарап тұрсың сен! Оңбаған! Бар, аш есігін!
Швейцар құлықсыз ғана, қолдарын салбыратып, еріне-періне машинаға келіп, артқы есігін ашқаны сол еді, ішінен — ашулы Готтлиб Даймлер мен Карл Бенц асығыс шықты да, бұған жаман көздерімен бір-бірден атып-атып кеп жіберді.
— Гер Даймлер??? Гер Бенц??? Кешіріңіздерші, сіздер ме еді! Сіздерді мынадай „Жигулимен“ жүред деп…
Готтлиб Даймлер мен Карл Бенц швейцарға пысқырмады да. Аздан соң келген „Москвичтен“ түскен қыз баланы күтіп алып, отельге беттеді. Кішкентай қыз аз-мұз жүктерін әдетінше швейцарға сүйретіп қойғысы келіп еді, Карл Бенц мырза:
— Мерседес, берме затыңды бұл малға! — деп, жекіп тастады…
Әлде өзінің ағаттығына, әлде біртүрлі түсініксіз басталған күнге лағнат айтып, өзімен өзі болып тұрған швейцарды біреу арқасынан түртті. Тед Лапидус екен! „Бәлкім, осыдан шайлық боп қалар?“.
— Бауырым! — деді Тед, осымен үшінші ұрпақ бойы тек дәулетті отбасыда тәрбиеленіп келе жатқан ізетімен — Сіздің кішкене көмегіңіз болмас па екен? Херине, херине, сыйақысына қ ам жемеңіз!
— Херине! — деді швейцар қуанғаннан даусы жарықшақтанып.
— Қараңызшы, мадам Деми Муғмен „Коттиньуон Фуағгға“ ішеміз деп, бүлдіргенімді — деді Тед, шараппен бүлінген ауын нұсқап.
— Ох, шынымен өкінішті! — деді швейцар қайғысына болысқан кейіпте.
— Енді Сіздің ситиде шальвағды қай жьёғден таба мююз?
— Ох Лапидус мырза! Экстра-ВИП бутиктерді айтатын болсам, 12 менг 48 авеньюлердің қиылысында...-деп бастап жатқан швейцарды Тед тиып тастады.
— Сюз тюсінбе діңееез. Не ғой, он бес мың теңгенің түріктердің костюмдері болмаушы ма еді осы тым жақсы? Өткен жылы „Мегада“ жақсы дүкен көріп кеткен едім. Маған сол жер жарайд…
Аңырған швейцар мистер Тедті автоматты түрде машина шақырып, шығарып салды. Бүгін не болған өзі? Тұра тұрш! Ой біләәә, Джеймс Кэмерон Бекмәмбетовпен сөйлесіп тұр ма холлда??? Шынымен! Анау… Ох шешесс, Леди Гага — клетчатый сумкімен шығып келе жатыр!
»Қойыңдар э! Қойыңдар э! Бұл — мен емес! Мен түс көріп жатырмын! Бррр! Бұл мен емес!". Швейцар өзінен өзі ауаны қарманып, әлдекімдерден қорғанып, талықсып бара жатты.
dark_nazgul "Өкінішке" кіре сала, адамзат талғамсыздық құшағына ентелеп еніп бара жатты…

1.меніңше, ішек-сілесі қатып жатқандар авторға тілектестіктен күлуде. (бәлкім дәл осы жазбаны nurjanbay орналастырса ешкім күлмес пе еді).
2.немесе мен, шынымен де, бір нәрсені түсінбей отырмын.
Қатынбасшы — Завхоз