Жаңа тәпсір...
«ӘУРЕТТІҢ ТӘПСІРІ»
Атырау университетінде өткен форумда жасаған баяндамасында Қайрат Лама Шариф «діни дәрістерін» одан ары жалғап, жастардың Құранды дұрыс оқи алмайтынын айтты.
— «Құран «Абай жолы» емес, оның аяттары үзік-үзік түскен. Сондықтан оны Валерия Порохова (Құранды орыс тіліне аударушы ресейлік әуесқой теолог – ред.) айтқандай догматикалық және ситуациялық түрде оқу керек, — деді ол.
Дін істері агенттігінің төрағасы «әурет» сөзінің тәпсіріне біраз тоқталды. Оның Құрандағы бірінші мағынасы «қорғансыз қалған баспана» екеніне, «Нұр» сүресінде әйелдермен қатар еркектердің де ұятты жерлерін жауып жүруге және нәпсіқұмарлықтан тыйылуға шақырған аяттар бар екеніне нұсқады. Лама Шариф «ұятты жер» деген сөзге ерекше көңіл аударуды сұрады.
— Араб тілінде «аурат» деген сөз жыныстық орган болып саналады. Ал қазақ тілінде «әурет» сөзі ұятты жерлермен қатар «шырай», «өң», «рең» мағынасын да береді. Кей дүмше молдалар айтатындай бұл жерде ұятты жердің әуретке қатысы жоқ. Мәселен, қыздың шашын жыныстық орган санаймыз ба сонда? Хиджаб кимесе, «харам», я «халал» деген сандырақ сөздер көбейіп кетті, — деп бір тоқтады ол.
… Осы жолы тағы да қуып кетті. Сонда тек жынытық мүшемізді ғана жауып жүре берсек болады береді дегені ме, әлде бар түсінігі сол болғаны ма. Әжелеріміздің сан ғасырлар жауып жүрген кимешегі-ай. кешеге дейін өзіміздің көзіміз көрді ғой, әжелеріміздің киімін. сонда олар ақымақ болғаны ма, мынау ақылды екен ғой…
Құранмен ойнауға болмайды,… Бұлар тәпсірлеуге де болмайды ғой…

Пікір жоқ әзірше