Бұлdirty ауылы
Орал — Ақтөбе трассасы бойында, қаладан 200 шақырым жерде орналасқан Бұлдырты ауылы – Батыс Қазақстан Облысы Сырым ауданындағы ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы —Жымпиты ауылының оңтүстік-шығысына қарай 55 шақырым жерде, Тамды өзенінің жағалауында орналасқан. Тұрғындар саны 3000 адам. Ауыл құрғақ қоңыржай агроклиматтық белдемде жатыр. Жері шөлейтті, сұр, бозғылт-сұр топырақты. Жусан, бетеге, селеу, көде, ши өседі. Шаруа қожалықтары мен өндірістік шаруашылықтар жұмыс істейді. Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаториялық пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Сырым ауданынан елімізге белгілі тұлғалар шыққан, оның ішінде батыр-шешен Сырым Датұлы-Шынтемір, белгілі ақын Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қадыр Мырзалиев, Алашорда үкіметін басқарған белгілі қайраткер Жаһанша Досмұхамбетов, батыр қолбасшы Тайлақ Бекежанұлы, белгілі педагог-әдіскер Шонанова Ханзада Аронқызы, жазушы Мұқадес Есламғалиұлы және т.б. Аталмыш ауданның тұлғалары мен тарихы туралы толығырақ мына жерден біле аласыздар: www.zkolib.kz/akzhaikonline/kz/sirim.php
Айтпақшы, осы ауылда белгілі экстрасэнс Бақыт Жұматова дүниеге келген.
ПыСы: Фотоаппаратпен жүрген мені, бұрынғы немістердің бірі шығар деп ойлап қалған және ауылдағы басты нысандармен таныстырған, бала-бақша қарауылы Нұрболға рахмет! 30 емес 20 сурет көрсетіліп тұрса, фотоларды қарамас бұрын төменде орналасқан «тағы да»-ны басыңыз.

Бұлан. Бұл – аудандағы елді мекен. Бұлан – аша тұяқты, бұғы тектес ірі аңның бірі. Тарихи деректерге сүйенсек, Қалдығайты өзенінің бойында бұландар көп болыпты. Тіпті өзен атауындағы «қандағай» сөзі де моңғол тілінде «бұлан» деген ұғымды білдіреді. Кейін бұлан атауы Байбақты руының бір бөлімінің аты ретінде қолданылған. Сонымен қатар бұл елді мекен атауы Байбақты руының ХVІІІ ғасырда өмір сүрген биі Бұлан Қарақұлұлының есіміне де байланысты болуы мүмкін. Бұлан Қарақұлұлы 1783-1797 жылдары С.Датұлы басқарған ұлт-азаттық көтеріліске белсене қатысқан.
Сырымтөбе. Бұл – осы өңірдегі төбенің атауы. Ел ішінде «осы төбенің басына Сырым батыр шыққан» деген аңыз бар. referat.resurs.kz/ref/uli-dala-ataulari