Шахерезада шаһары

Иорданиядағы қатты әсер алған жерлерімнің бірі болды. Мені, тіпті, адамдардың бәрін таң қалдыратын сол елдегі Петра қаласы да, Джераш қаласы дәл осылай таң қалдыра алмаған. Иорданиядағы Өлі теңіз жағалауындағы осы отель қалашығында өзімді «1001 түн» ертегі әлеміне кіріп кеткен дарынсыз оператордай сезіндім ғой… ))
Бер жағы
мынау бер жағынан қарағанда. осының артында сондай ертегі қалашығы бар деп кім ойлаған...


Отель 5 жұлдызды, Crowne Plaza деп аталады. Жап-жаңа отель, ашылғанына да көп болмаған. Сол отельдің администраторы айтты: Ашылуына 2012 ж. қазан айында сіздің елдің президенті Назарбаев келген. Содан кейінгі Қазақстаннан келіп тұрған қонақ — сізсіз — деп. )) Ішімнен ойладым кейін тағы «ай л би бэк» деп. )) Қарап көзім тоймады, жүріп аяғым талмады, жүзіп денем шаршамады, жеп қарным тоймады… )) Басында адасып-адасып бөлмемізді әзер тауып алатынбыз. Ай, мен бірақ аяғына дейін адасып жүрдім ғой бәрібір… ))))


мына жерді жанынан өтіп бара жатып түсіргем...

СПА
мынау спа-орталық. бәрі бар, ішін суретке түсрмей кетіппін бір өкініштісі...





Мына кісі біздің багажымызды номерімізге апарып берді
мына кісі біздің багажымызды номерімізге апарып берді.


бұл жерде кедендік бақылаудан өткендей өткізеді екен. жалпы «Хан шатыр» сияқты моллдардың барлығында солай өткізеді.

эхххх сууууу
бұл және басқа бассейндер немесе хауыздар жылытылады. су жып-жылы. ))


мына жердегі бағы-бағдар көрсетіп тұратын стрелкалары қызық орналасқан. сол стрелка бойынша жүрсең, басқа бір жер болып шығады. жалпы, өзі қалада жолда тұрған стрелкалар да біздегілерден айырмашылығы бар. мысалы, бізде төмен көрсетіп тұрғаны, оларды түзу кетесің. ))


мына бассейндер жарыққа шағылысып көрініп тұр. ар жақ қап-қараңғы болып тұрғаны теңіздің жағасы және өзі.


мынау қалашықтың ортаңғы жағы. анау кісі жүріп келе жатқан көпірдің астында бассейн жатыр.


резиденцияның алдынан түсіріп тұрмын. осы жағында анау ғимараттардың арасында біздің номерлер бар.


қонақ үй ғимараттарының арасы. қылтималарынан хандар мен ханзадалар, беттері жабық ханшайымдар мен ханшалар шыға еліп, қылтиып қарап тұратын сияқты. )))


бұл жерде де кішкентай амфитеатр салып қойыпты.


мына тұрған мен бассейнде. теңіз суынан кейін бассейнге келгенде теңіз суының денені көтеретініне үйреніп қалады екенсің де малтып-жүзген кезде, кәдімгідей ентігіп қаласың. қараңғы емес, бірақ қараңғы сияқты болып қалыпты.

Мына жерде "Әли баба және 40 қарақшыны" оқиғасына кіріп кеткендей болдыым...қорқынышты тағы...


Бөлісу:

46 пікір

Tyulpan
шіркін, тағы барса ғой… ))
omarbirat
Былай, жақС екен.
Екінші суреттегі мәшинелердің қарапайымдығына қарап, не Иорданиядағылар бай тұрмайды, не ол жердің тұрғындары басқа араб елдері сияқты мақтаншақтар емес деген ойға келдім.
Tyulpan
1-інші нұсқаңыз дұрыс шығар...




барлық мәшинелерінде салон ішіндегі айнаның орнында цифровой дисплей. бізде ол әлі кең таралып үлгерген жоқ-ау деймін…
Соңғы түзету:
madikon
Керемет екен!!! Саяхат жасау адамға кұшті әсер берет деген… біз қашан барар екенбіз…
Marco
Жоқ, түсінбейм ше! Өз суреттерің қайда? А?
Tyulpan
рұспаңызшы енді )) әнеееееу әне тұрм ғой суда айқайлап «мен мінемін, міне тұрмын!» деп ))

одан да әңгіме айтып берейін, иә ма? Өлі теңіз жердің еееең терең жерінде орналасқан кен. оны Израиль, Иордания, Палестина қоршап жатыр. Өлі деп аталу себебі ол қатты тұзды, сондықтан онда тірі жан мекен ете алмайт кен. қатты тұзды болғандықтан онда батпайсың: судың үстінде жата беруге болат. судан шықсаң үстіңді майлап қойған сияқты болат — бір майлы су. мен оны Атырау жақтағы бір көлмен салыстырдым: ол да тұзды, бірақ мұнай-мұнай боп шығасың...))
Marco
Тап осы пікірден өзім үшін жаңа ақпарат ала алмадым, сондықтан, сурет қайда сурет!!!
Tyulpan
өзімді жоғарыда қойып қойдым сұрауыңыз бойынша
neoaskar
Өзі теңіздің түбінде Аллаһтың қарғысына ұшыраған Лұт қауымы (Содом-Гомеро) жатыр. Аспаннан от жауып жермен-жексен еткен. Ол теңізге бетімді де жумас едім.
Adiletshu
Нге? Жуса не болады?
Tyulpan
бетіңіз не, біз өзіміз суға түсіп, одан шыққымыз келмей, қарнымыз ашқан соң еріксіз шықтық қой. ол жерге емделуге барады екен адамдар. қанша минералдар жатыр ол теңізде...))
nurkanibek
Әңгіме жоқ джынды екен!)))
Малтып дегенің — ЖҮЗУ ма?
Менің бір кісіден естуім бар еді, осы өлі атануының себебі ЛҰТ қауымы азғындыққа ұшырап, еркектер мен еркектер әйелдер мен әйелдер неке қосып өте қатты азғынға ұшыраған уақытында Аллаһу Тағала ол жерді жер астына батырып жіберген деп, сонан соң уақыт өте келе орнына су жиналып теңізге айналған дейді. Рас сияқты дүние жүзінде жер бетінен ең төмен жатқан ол Осы Өлі теңізі емес пе?
не айтып кеттің десей)))
Tyulpan
«малтып» деген жүзу. Шығыс Қазақстанның диалектісі ))

иә, жердің ең төмен бөлігі ))
Adiletshu
Жердын быржерыбар
BOLATagai
— Арестовать товарищ Tyulpan ;
— Конфисковать все имущество и сдать в Гохран.
Adiletshu
Суреттер әдемі екен. Ертегі сияқты. Бірақ әр суреттің астына кішкене болса да түсіндірме жазып кету керек еді
Tyulpan
жазып қойдым. ))
BOLATagai
Расстрелять товарища Tyulpan . Поручаю лично товарищу Лаврентию Павловичу.
Tyulpan
тууу, сүйтіп жаза берсеңіз, өзіңізді атып тастаймыз ғой, ағай-ау ))
VKM
маған сол расстрелять ұнавотр))))
Tyulpan
мені мааааааааааа?  қандайс? өлқалам ғой
VKM
жоғи, Тюльпан. Жалпы оның образы ұнап отыр да.Бәрін атып тастаймын деген)))
Aya
Барып кегендей боп қалдым ғо)) күшті
Nodar
2,3,4 суреттердегі жер кәдімгі бұрынғы қалардың ізі ма әлде отельдің өзі әдейі істеген ба?
Tyulpan
бұрынғы қалалардан қалған ))
Gulistan
Қала қарапайым сияқты.
СПА — салондарында не бар екен, қандай процедураларды көрдің?
Tyulpan
спа-орталық Thalgo деп аталады, сол косметика қолданылады. мен негізі процедураларға көп қызықпадым. ішінде Өлі теңіз суы және кәдімгі сумен бассейндер, джакузилер, расслабляющий бөлмелер — медитация, коллаген процедуралары, токсин шығару үшін балдырмен орау, басқа да ораулар, моншаның түрлері, оның ішінде хаммам — араб моншасы (араб моншасында массаж жасай отырып, жуындырып шығады), сауна, пилингтер, уқалаулар, фитнес залы т.б. бар екен. мен сол Өлі теңіздің қара батпағына ғана «орандым» ))
edige
Позитив пост… Барлығы әдемі…
bazuka
Класс!!! Тюпи алдында барғаннан әлі жүрсіз бе? әлде пост жалғасы ма өткендегінің?
Tyulpan
жалғасы емес. ана отель қатты әсер етті. күшті енді ))
BOLATagai
Посттың жалғасы болмайд. Расстрелять.
MickThatsMyNick
Суреттердің ішінен тек көпірдегі балет ұнады.))
Erkekyz
Әдемі жер екен. Анау жар ма құз ба соған қарап, теңізіне қарап невтему Шардара есіме түсіп кетті. Осындай әдемі ғимарат салса сондай керім болар ма еді Шардара деп ойлап қоям)).
Ал видео ше, тура комп ойыны сияқты, атуға нысана көздеп, сосын бірден алдыңнан біреу шығып қалатындай әсер береді екен.
Суреттерден барғандай әсер алдым. Анаааау суретіңе сындым, неткен гибкость!
Tyulpan
иә, мен де Қазақстанда туризмді дамытса ғой, бізде бәрі бар деп салыстырумен болдым ))

алдымнан шығып қалатын да видео бар, біреуді көріп қалып қашып, зытып бара жатқан да видеолар бар ))) қызық негізі ))) бұрылып алып қашып зытып бара жатсам, сол жерде істейтін персонал екен. шошып кеткенімді көріп, 2 қолын көтеріп, "қорықпаңыз" деп өзі атқа шегініп, менен алыс жолмен кетіп бара жатыр ғой. уффф дедім сол кезде )))
Adiletshu
Суреттер ауысып тұра ма
Tyulpan
өзім тұрған суреттерді алып тастаған едім. )) қалғаны орнында ))
Yernar
қатырған екенсин значит сен бармағансың интернеттен жазып алдын го бундай демалыс орнына барған адамда сурет болмауы мүмкін емес
ты мошенник
ты мошенник
ты мошенник
если что
ken
бассейндегі суреті тұр емес пе?
Yernar
көрмеппін ол екенін қайдан білем 1000000 мил жерде тұрго это не
Tyulpan
Ернар, қойыңыз, анаааааааау жаққа кетіп қалсаңыз жақсы болар еді күлкімді келтірмей
Tyulpan
 ибаааай, мына бала қайтет өзі?
Yernar
жазган создеріне карап атыраулықсыңба дим да? мен да! деймін да?
Yernar
Ассалаумағаликум халайық
бәріміз бірге блок жазайық
жақсысымен дұрысын таңдап алып қалайық!!! деген екен шоғайна қызғалдаққа…
былай жаксы фото лар екен маган айтпай кашан бардың…
алдағы уақытта арктикамен антарктидаға баруыңа тілектеспін
Yernar
все равно ты
ты мошенник
ты мошенник
ты мошенник
ты мошенник
ты мошенник
ты мошенник
ты мошенник
ты мошенник
ты мошенник
если что
потом
Соңғы түзету: