Blogcamp 2013 немесе "құдай жүректер"
Блогкэмп ресми шара емес. Қылқына галстук тағып, қыдиып-қыдиып отырып қайтатын жер де емес. Блогкэмп – жауыр болған тіркеспен айтсақ, “бір терінің пұшпағын илеп жүрген” блогшылардың бас қосып, жиналып, бір-бірін тек аватардан ғана емес, анфасынан, профилінен, артынан, астынан, үстінен қарап, танысатын жері Тәжірибе, идея алмасып, пікір таластырып, достық сезіммен қимай-қимай қоштасатын орын. © Қисық
Рас, айтады Қисық. Мен көрген блогқұрылтай 13 осылай өз форматында жақсы өтті. Бұрынғыларын көрмегендіктен, салыстыра алмай отырмын.
Алғаш рет барып тұрғандықтан қобалжыңқырап, «адамдар арасындағы бөлітіріктей» топ ортасынан саяқтау жүрдім. Сооол…
Блогқұрылтайдың бірінші күнінде әдеттегідей мастер класс, сессиялар, әр түрлі старт-ап жобаларды таныстыру өтті. Әсіресе маған ұнағаны «Шеберлік шыңдау дәрістері», «Блог жүргізудегі шет ел тәжрибесі», «Монетизация» сынды сессиялар маужыратпай, сергек отыруыма ықпал етті
Лагерге барар жолда, автобуста Назгүлмен таныстым. «Кір шалмаған» тізілген маржандай тістері күлген сайын жарқ ете қалады. Болмысы мен ойлағаннан да асқақ екен. Сөйтіп бір әпкемді тауып алып жатсам, кейін Альмира мен Гастамен танысып, жезделі де болдым. Тамаша емес пе?! Сөйтіп Блогқұрылтай 2013 арқылы осындай жетістіктерге ие болдым.
О, таудың табиғаты сұлу. Табылдыша аспанға амалсыздан қол созып жүрген мен, мына биік тауларды көргенде ышқына ішегімді тартуға мәжбүр болғаннан өзге қолымнан ештеңе келмеді. Тау сондай биік, саф ауа қымыздан кем әсер етпеді.
«Тек жата кетуге мүдделілер» жиналған блогқұрылтайдағылар меніңше нағыз ұлтын сүйетіндер. Дәстүрді жаңғыртып ұйқышар мен селтеткізер берді қыздар мен жігіттер бір-біріне. Қыздар мықты, барын салып, ерінбей ұйқыашар дайындаған. Кешке ортаға алау жағып, домбыра патида Нұрғиса, Аза, Назгүлдердің шырқауымен ерекше есімде қалды. Күн сондай суық болса да, ыстық ықыластың арқасы мен шырқалып жатқан әнді қиып кете алмай, барынша шыдап бақтым.
Керекке алғаш тіркелгенімде, басымнан алғашқылардың бірі болып сипап, «жазып тұр» деп ағалық ақыл айтқандардың бірі Нұрғиса аға болған екен ғой. Сол кезде жүрегім жылып қалған еді. Жылып қағаны үшін барып рахмет айтуға өзімнің сәтім келмепті.
Содан соң айтарым, осындай өресі биік азаматтармен қатар жүру, «Керекинфоның құрметті қолданушысы» деген сертификат алу деген мен үшін асқан бір мәртебе болды. Асыра сілтегенім емес, рас айтамын. Тіпті, осынша құрметке лайық болуға, тегіннен тегін лагерде алшаңдай басып жүруіме «мен лайықпын ба» деп ойлап көңілім де босап кетті.
Келесі де қаздиып қонақ сияқты отырып, көріп қана қайтпай ұйымдастыру жұмыстарына бел шеше кіріскім келеді. Көпті көрген кәсіби блогер болмағандықтан осылай ғана өз лебізімді білдірумен ғана шектеліп отырмын.
Барша керектіктерді сүйемін ғой. Өздері сондай бір Құдай бере салған жүректер Керекинфоның бары қандай жақсы. Керектіктерден көп нәрсе үйрендім. Әйтпегенде «ура, патриоттармен» бірге алаңда ұрандап жүрер ме едім…
Нұрберген Мақым ағай келген жоқ аңызға бергісіз Ерлан Оспанды да күтіп едім…
PS: Лагердегі таңғы асқа каша беріп еді ғой. Бал татыған дәмі таңдайымнан кетпей жүр…

***
— Бізді жақтырмай тұрсың ба қабағың түйіліп?
— Жоқ, мен жақтырамын. Мен-н… Өзім солай…
— Кішкене қабағыңды ашып, күлімдесеңш.
— Мен… мен олай жасай алмаймын.
— Оның несі қиын?
— Әдейі күлімдей алмаймын!
— Қолыңды былай көтерші!
— Міне
— Жымию да сол сияқты, бұлшық ет арқылы жасалад.
—
***
— Кіммен жақсы араласасың?
— Мен Назгүл апайды жақсы көрем.
— Назгүлмен жақсы араласасың ба?
— Назгүл апайды жақсы көрем.
— Сосын?
— Сосын болды.
—
***