Блогкемп сыйлаған достарым

Блогкемп байқауына. Мәтін бөліміне.

Былтыр дәл осы уақыттарда «Блогкемпте не істейм», "Қалай өтеді" деп, қорқып, сасқалақтап жүргенім есімде. Дәл осы уақыт.
Блогкемп мен ойлағаннан да керемет өтті. Қаншама адамдармен таныстым, қаншама дос таптым…

Содан бері тура бір жыл өтіпті. Бұл жолы басқаша сезімдемін. «Блогкемп таныстырған, табыстырған достарыммен қауышамын» деген қуанышты езім.
Ия, блогкемптің арқасында көптеген достар таптым. Бала күнімнен бірге өскен құрбыларымның өзі қызғанып қалады кейде)). Достығымыз мәңгілік болғай!

Сол достарыммен алғаш танысқан кез есіме түсіп кетті...

Керекинфоға келуіме себепкер болған Аршат еді. Виртуалда қатал, ұрса беретін ағай боп көрінетін. Кездескенде сөзбен жер-жебіріңе жетіп, кекетіп тұрады деп ойлайтынмын. Сөйтсем, өмірде өте сабырлы, маң-маң басқан жігіт екен . Ұрсып сөйлемейтін, сыпайы адам боп шықты.


Блогкемпті талқылаудың бір жиынында біраз адаммен танысып, білісіп алғанмын алдын ала. Сол жиынға барарда Керекинфоның «жауыздары» мені жеп қоймай ма екен деген қорқынышпен барғам . Сонда Айкона сызылып алдымнан шықты. Көзінде мейірім тұнып тұратын Айконамды сол сәттен жақсы көріп кеттім  Жаны нәзік, керемет мінезді қыз


Айкона сырттан күтіп алды да, жиналып отырған блогерлердің қасына апарды. Дастархан басында дөңгелене отырған адамдар арасынан Жалғас көзіме оттай басылды . Бірінші рет көріп тұрсам да, интернеттегі «жырқылдарынан» бұрыннан танитындай болдым. Сол сәттегі екі құлаққа ілінген езу әлі өзгерген жоқ. Жиын, отырыстарымыздың қызықты өтуіне себеп болатын жандардың бірі.Алматыдағы блогерлер жиынын Жалғассыз елестете алмайм. Жиындарда бірінші Жалғасты іздейм (махаббат емес и)


Сүп-сүйкімді Маржан қыздың суреттеріне қарап, көкірек, өзінен өзгені адам санамайтын қыз деп ойлайтынмын. Сөйтсем, өмірде тек ерке қыз екен.Маржанның ойын ашық әрі батыл айтып салатыны ұнайды. Тік мінез.


Оййй, Ернарды мүлде сөйлемейтін адам ба дегем алғаш көргенде . Сөйтсем, арасында дүңк еткізіп, әзіл айтып, тым сабырлы түрмен отыра беретін көңілді жігіт екен. Айтқанын орындайтын, кез келген уақытта көмек қолын созуға дайын тұратын сенімді дос.


Дінмұхаммед. Димаш бірден-ақ әзілдесіп, сол саланың белді өкілі екенін білдірген). Сөздің майын ағызып тұрып сөйлегенде енді… Жалпы керемет жігіт . Қозы қарнымен ойнағың кеп кетеді)


Ерболды блогкемпке барар жолда, пойызда көрдім алғаш рет. Көзінде көзілдірігі бар, зиялы қауым өкілі екені көрініп-ақ тұрды. Алдыңғы кездесуден көрмегендіктен бе, қарапайым адамдарды менсінбейтін сияқты көрінді). Сөйтсееем, ең қарапайым жігіттердің бірі сол екен. Басында «ағай» деп жүрген Ербол құрдасымдай қазір, әзіліміз керемет жарасады . Астанаға кетіп қалғаны болмаса, жақсы жігіт деп қояйын ба


«Блогкемптің болғаннан боладысы қызық» демекші  өйтіп-бүйтіп, Астанаға да жеттік. Пойыздан түсе сала, көргенім — Әйгерім. Оны өмірде көрмесем, өте қатал және адам менсінбейтін көкірек қыз деп ойлап өтер ма едім). Әйгерімім — жігітке бергісіз қыз . Батылдығын ерекше бағалаймын. Сұлулығы тағы бар.


Анардың бар-жоғы білінбейтін бұрын. Блогкемптің алдында танысып үлгерсем де,әңгімеміз мүлде жараспады.Әлде менсінбеді ме, сондай бірдеңе болды)).Қырсықтығы шектен асқан қыз деп ойлайтынмын.Бірақ, көп нәрсені білетін, өте білімді қыз екені байқалып-ақ тұратын.Блогкемптің өзінде де бірден жақын араласып кетпедік. Кейііін, блогерлердің кезекті жиынында бір-бірімізді жақыннан таныдық). Сөйтсем, Анар қырсық емес,өзі сондай сабырлы әрі нәзік қыз екен.Табандылығына тәнтімін. Сосын ара-арасында ұрсып-ұрсып алатыны ұнайды . Маған көп нәрсені үйретті Анар, сол үшін рахмет айтам


Назарбаев Университетінің уай-файына планшетімді қоса алмай, әлек болғанымда, жұрттың бәрі мені Тимурға сілтеген. Сонда кіп-кішкентай, арық Тимурдың «мықты жігіт» екенін білгем жоқ). Қолынан біршама іс келетінін, басы толған білім екенін де бағамдай қойғам жоқ . Кейіннен өзіме керек кезде ақыл айтатын ағама айналды .


Блогкемп маған осындай достар сыйлады. Әр досымның менің өмірімде ойып алатын орны бар. Биыл тағы дос арттыратыныма сенем.
Достарым, жақсы көрем бәріңді!!!

P.S. Суреттер жәй қаламмен салынып, түрлі түсті қаламмен боялды. Кездесукенде суреттеріңді апарып берем). Бұдан да көп адамның суретін салмақ болғам, уақытым жетпеді. Осының өзін түнгі сағат беске дейін отырып салдым. Тізімде жоқ деген сөз — жақсы көрмеймін, досым деп санамаймын деген сөз емес).
Бөлісу:

46 пікір

AKY
Мяяяя, айнымайд-ау айнымайд! :*)) күшті!!!
torgai
Еңбек. Өте жақсы туынды!!! Сіздің арқаңызда көрмеген мен танысып алдым біразымен)))
patick
Бәрі туралы ойларың жаман болған екен бастапқыда.
Суреттер керемет, нағыз шығармашылық жұмыс!
madlen
Шалбарын кучту екен)
aikarakoz
Мойындағанымды айтсайшы соны
asaubota
Эльвирамен алғашқыда телефон арқылы танысқам. Айқаракөз сайтын жөндеп беру үшін хабарласты. Дауысына қарап әдемі қыз шығар деп ойлағам, солай болып шықты.
Abilakim
Қол соқтым. Дос деген жақсы ғой. Дос туралы пост деген де жақсы
monti
өнер жатыр екен ғо сенде
 аумайд реал кейіпкерлерден күчт даусымды берем саған

Бәрі туралы ойларың жаман болған екен бастапқыда.
 тап осы сені басында менде солай ойлағам, дәруіште қырғын боп қырлып қала беретін боған соң көре қасаң мә н** деп тұмсықтан бір ұратын шығар деп
кейн ғо саған боғаным

Пост жынд енд, салынған суреттерге крышам кетті
Adiletshu
Интернетте жұлып жейтіндер көбі реалда моп-момақан деп ойлаймын
neoaskar
Әрине, интернетте қылыш соғатындай сөйлеп жатамыз, өйткені, қарсы алдымызда монитордан басқа ештеңе көрінбейді ғой, сосын ғой батыр болып отыратынымыз деп қояйын
torgai
Блогтың артықшылығы да осы — еркіндік қой. Негізі мұнда нағыз реал бейнеленеді. Сырт көзден жасырған шынайы бейнесі осы ғаламторда айқындалады деп білемін.
e_zhalgas
күшті. өз суретімді ұрлап кеттім
asaubota
мен тек жақсы көретін адамдарыма ғана ұрысамын
torgai
Өзімсініп пе?
asaubota
солай ғо. ұрысқанда да жақсы болсын деп ұрысасың ғо.
torgai
Енді ұрыспаса қорқу керек. Ұрыс естуге ұмтыламын
Zhan
қай жазба екені есімде жоқ, бір рет дүңк етіп еткізіп ұрсып тастағаның есімде. Нұрғиса да сол сәтте отқа май құя түсіп «Аршаталаптан арашалап алдым» деп одан сайын жыныма тигені есімде. Со кезде сені грубый біреу екен деп ойлағам... Общм, сәлем жамағат, сендерді сағынып қалыппын. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Daniar-Alan
мна пікірді енД көрдім. Қайда жоғалып кеттің?
aikarakoz
Ал, мен енді көріп отырмын
Rozatai
Мынау пост сурет байқауына көбірек келетін сияқты  Өзің дап-дайын суретшісің ғой, Эля!  Сәттілік! Сендей суретшінің қаламына ілікпегенім үшін кічкене өкпелеп қалдым
aikarakoz
Астына жаздым ғой, бәріне үлгере алмадым деп))) Ендігіде салам сені))
Ештеңе етпейді, кеше Қызылорданың қызы Қазақ Аруы атанған
Erbol
ОО, суретші ғой мына қыз. Күшті, әдемі шыққан. Бірақ соңғысы Тимур Бектұр мен Едігенің қосындысы сияқты)
Erkekyz
Көзілдірікті болған соң шатасып қалып жатқан шығарсыз, мен оны Теріскей деп қалдым))))))
Ал пост керемет!
Erkekyz
Өнер жатыр екен ғой, Эльвира
edige
Теріскей мен Тимурды шатастыру… ужасссс…
aikarakoz
Енді… Барынша тырысқаным сол ғой, Ереке
Aya
Қандай тамаша жазылған  Эльвира, жарайсыз.
Korkem
Плпншетті кімге беру туралы шешім жақсылап тұрып талқыға түсетін болды-ау))) Базар жоқ, суретті қатырып салыпсық, қызығып қалдым өз басым))
Aikona
уАУ ЖАНЫМКА, СУПЕР ҒОЙ!!! Мынандай керемет сурет, планшеттенде жоғары сыйлыққа ие ғой. Жаным менде суретімді ұрлап кетейінші
aikarakoz
Ұрлай ғой, жаным, ұрлай ғой
aza
Тимурды келістіріпсің, Елбира! Рахмет, шын жүректен!
aikarakoz
Рахмет! Эльвирамын, Эльвира
aza
«Сүйікті құлдың аты көп» © деген бар еді ғо, қазақта жоқ әріптерді қайдан тауып алған саған есім еншілеген мұсылман, Еһелжіңішкелікбелгісіыбыира!
torgai
Испан тілінен алынған. Есілуі жақсы, мағынасы да тәп-тәуір."Қорғаушы" деген мағынады.
aikarakoz
Сүйікті болсам, кешірімді ғой. Адам атын келеке ету арқылы ұпай жинаушылар қатарынан болмасаңыз бопты
VKM
Эльвира, тамаша, сөз жоқ
Take-kz
Расында жақсы кешірме екен.
Gulistan
Керемет! Аршат пен Ернар аумай қалыпты ғой
AKY
Туған күн құтты болсын! Өнерің өрге жүзсін, қярғям )
merekeee
Мен танығандары аумай қапты!
Marco
Мынау Эльвираның инстаграмды білмейтін кезі болса керек