Blogcamp осылай басталған
2011 жылдың 8 қаңтары. Сағат 4-тің кезі (таңғы емес). Абай мен Момышұлының қиылысындағы пиццерияда терезеге жақын столда үшеуміз отырмыз. Арамыздағы біреу тынымсыз пицца жейді. Біреу тынымсыз жазады. Мен ойланып отырмын. Тынымсыз пицца жеп отырған Димаш. Тынымсыз жазатын Асхат. Димашты жегізіп, Асхатты жазғызып, мені ойландырып қойған бір ғана мәселе бар. Блогшылардың басын қосу. Осылай отырғанымызға 1 сағатқа жуықтады. Дәл сол күні твиттерді парақтап отырып, Ерлан Қарин ағамыздың мына жазбасына көз түсе қалмасы бар ма?!
«Қазақ блогерлерінің кездесуін ұйымдастырсақ, қандай мәселелерді талқылауға ұсынар едіңіз?» erlan karin (@erlankarin) January 08, 2011
2-3 күн бұрын ғана осы тақырып туралы Асхатпен әңгімелескенбіз. Блогшылардың басын қосу Асхаттың «ескі» арманы. Бірақ орта болмаған… Санаулы ғана Асхат, Аршат, Нұрғиса, Сатыбалды, Қуаныш тағы біраз жігіттер мен қыздар бар. Блогшының қарасы көбейгені осы 2011-де ғана. «Мінбердің» аймақтардағы тренингі, Асхаттың ҚазҰУ-дағы дәрістерінен соң, блогшылар көбейе бастады. Асхат әңгімесінде осылардың барлығының басын қосып, аға буын блогшылардың дәрістерін бір тыңдатып алсам, дегендей ой айтқан. Ерлан ағамыздың жазбасы соны меңзеп тұр. Асхатқа қоңырау шалдым. Оқыпты. 3-те Абай мен Момышұлындағы пиццерияда кездесетін болдық. Шақырып едік, домалаңдап Димаш келді. Енді… отырмыз.
Осының алдында ғана ювижндық блогшылар жиналған болатын. Солардың үлгісі, баркемп, басқа да интернет форумдардың нұсқасын қарадық. Димаш пиццаны тауысты. Асхат ойлардың соңғы нұсқасын қағазға түсіре бастады. Ақылдаса келе, баркемп үлгісімен блогкемп, қазақша блогқұрылтай атауымен өткізетін болдық. Қандай ат қоямыз деп отырғанда Димаштың құрылтай болсын, дегені бар емес па? Бірден салют атылып, тығылып отырған ел шыға келді қол соғып. Қалжың, Асхат екеуміз бірден ұнаттық. Асхат ҚМЭБИ-мен сөйлесетін болды. Демеушілер іздеуге келістік. Бір блогтұғырнама дами берсін деп, интернет насихатты dabai.kz арқылы жүргізуді шештік. Асхат Аршатқа қоңырау шалып, келісімін алды. Блогшылардың тізімін жасадық. Ел-жұртқа түсіндіру үшін, Медианетте мини блогкемпке жиналуға келістік. Димаш жейтін бірдемелер әкеп тұрсаңдар, деді. Мақұл дестік. Айтуға оңай. Жұмыс көп. Іште үрей. Сонша жұмысты көріп, іштей Асхатқа бекер звондаған екем, деп қоямын. Әңгіме пиццерияда таусылмады. Димаш «Маргаританы» қимаса да далаға шықтық. Әңгімеміз Асхаттың досының қара Деликасында жалғасты. Ақыры, 3 беттік жоспармен, саған серт, маған сертпен үйге тарастық. Бітті, Блогкемп өтеді.
Ертесінде, Dabai.kz-те, блогтарда блогкемп туралы жазбалар жазыла бастады. Одан кейін Медианеттегі жиындар, жоспарлар, жобалар… «Димаштың ауылындағы» жиындар өзінше бір той еді. Аптасына 1 рет жиналамыз. Баяғы колхоздастыру заманы сияқты, Асхат құрылтайдың ет жеп, сорпа ішу еместігін тынымсыз түсіндіреді. Сәйкесінше, көкпар да жоқ. «Қыз қуу» былай болады енді, арасында. Қуаныш, Ернар Бекенов, Димаш, Садық, Жалғас Ертай, Айкона, Аида, басқа қыз-жігіттермен сол жерде таныстық. Ернар мен Димаштың мәңгілік махаббаты да сол жерде ұшқындады. Кейін сол махаббаттан Киностан дүниеге келгенін білесіңдер. Ол да өсіп қалды. Патиктің қызметі жоғарлады. Тайм киперлердің бастығы болды. Батыр мен Саттармен де блогкемптің арқасында таныстық. Асхат Саттарды блогындағы жазбасынан оқып, Алматыдан іздеп жүріп тауып алыпты. Сенбінің кешінде екеуімен «Қорқыт ата» кафесінде танысып едік. Қазір тәуба ғой, ол кезде екеуі қазақша әрең сөйлейтін. Екеуінің бірінші құрылтайға қосқан үлесі үлкен. Шетелден келсе де, алматылықтарға жол көрсетіп, блогкептің ашылуы мен арасында бейресми отырыс үшін кафе тауып бергені бар). Батыр белсене қатысқандарға мақтау қағаз жасап берді. Айтпақшы, лого үшін кешіріңдер, құрметті дизайнер қауым. Амалсыз шимайлауға тура келді. Қазір қарап, мынаны мен жасадым ба, деп еріксіз ыржиямын. 2 айдан соң Блогкемп те өтті. Ей, сен түгеншесің ба, деп айқасқан құшақтар. Таусылмайтын әңгімелер. Интернет туралы өзекті ойлар, танысулар, табысулар, стартапта жарысулар… Қазақтың интернет саласындағы жастары тұңғыш рет осылай жиналған, блогкемп осылай басталған. (деген сөздері айтып, 2100 жылы Садық амиго көз жұмыпты деседі «Қазақстан тарихы»). Айтпақшы, алғашқы құрылтайдың өтуіне Асхаттың еңбегі ерен. Ал, Ерлан Қарин ағамыз жазбаса, көмек қолын созбаса Блогкемп туралы ой тумас та еді, өтпеуі де мүмкін еді. Ол кісілерге үлкен рахметтер!
ПыСы: Әлі талай жиын өтер. Бірақ, бірінші Блогкемп ұмытылмайды. Кейде блогкемп өзгеруі керек, ауқымы ұлғаюы керек деген әңгіме естіп қаламын. Ауқымды әңгіме айтылсын, кеңейсін. Бірақ, блогкемп блогкемп болып қалуы керек-ау. Сосын, ең басындағы ұстанымнан айнымаған жөн шығар. Блогқұрылтай бейсаяси болуы керек. Блогқұрылтай Қазақстанның әр өңірінде өтуі керек. Блогқұрылтай бейресми болуы керек. Сосын, ол ҚазНеттегі басты алаң болуы керек. Мүмкін болашақта Авард сияқты арнайы жүлде тағайындалар. Старт-ап жобаларға қомақты жүлде тағайындап, бағыт берер, сайттарды бағалайтын, «тасырқағанын тағалап» отыратын орталыққа айналар. Ал, сол құрылтай аясында блогшылардың басын алғаш қосқан dabai.kz, бүгінгі kerekinfo.kz да қазақ блогшыларының басты блогтұғырнамасы болып қала беретіні сөзсіз. Осы жерде ұрандатпауға болмайтын болып тұр. Жасай бер, Блогкемп! Жаса, Керекинфо!
Айтпақшы, Блогкемптің не пайдасы бар деген сұрақты жиі естимін. Оны қазір, қазір (ентігіп тұрып) осы жазбаның жалғасында (мүмкін Ертайында) жазамын.

10 пікір