Kindle Paperwhite электронды кітабына шолу

Сәлем оқырмандар! Бүгінгі тақырыбымда Amazon компаниясының Kindle Paperwhite атты өніміне шолу жасаймын.

Электронды кітаптар қазіргі таңда аса жоғары сұранысқа ие. Ал Amazon бұл нарықта алдыңғы қатарда келе жатыр. Өзінің сапалы әрі арзан өнімдерімен нарықта бірінші орында тұр десе де болады. Ал Kindle Paperwhite-тің басты артықшылығы сенсор және кіріктірме көмескі жарықтығы. Жақынырақ танысайық.





Amazon Kindle Paperwhite, Kindle Touch өнімінің жалғасы екені мәлім. Алдыңғы нұсқасынан қай жері өзгерген және қай жері артық екенін кестеден көрсеңіздер болады.

Amazon Kindle Touch және Kindle Paperwhite сипаттамалары:


Unboxing / Қорабын ашу


Сыртқы келбеті

Дизайн жағынан өзгерістері айтарлықтай көп емес. Amazon компаниясының өнімдерінің бәсекелестерінен басты айырмашылығы — минимализм. Артық ешнәрсе жоқ. Кітапты ләззат алып оқи бересіз және оқи бересіз.

Photo by @toiguliyev

Photo by @toiguliyev

Photo by @toiguliyev

Photo by @toigulieyv

Тек түсі өзерген және кішігірім басқа да өзгерістер бар. Алдыңғы келбетінде экран және «kindle» ақ түспен жазылған. Артқы көріністен kindle логотипі ойылып жазылған және қызмет ақпараты бар. Төменгі жағында microUSB қосуға арналға ұяшық, қосып, өшіргенге арналған батырма жәнен индикатор (заряд алып жатқанын және батырманың басылғанын көрсетіп тұрады). Басқа ешқандай батырма жоқ. Қалған функцияларын сенсор атқарады. Бірақ маған беттерін ауыстыратын батырмалардың болғаны ыңғайлы секілді. Төсекте жатып оқыған кезде сенсор ыңғайсыздық тудырады.

Қосқаннан кейінгі алғашқы қадамдар

1) Ең алғаш қосылған кезде сізден ридердің тілін таңдауыңызды сұрайды. Ең өкініштісі бұл өнімде қазақ немесе орыс тілі жоқ. Сол себепті өзіме ыңғайлы келесі тіл, ағылшын тілін таңдадым.

Орыс / Қазақ тілінің болмауы осы тілдегі кітаптарды оқуға ешқандай кедергі туғызбайды.

Photo by @toigulieyv

Photo by @toigulieyv

2) Тіл таңдағаннан кейін мына көріністі көресіз. 1 минуттай жүктеу болғаннан кейін келесі бет ашылады.

Photo by @toigulieyv

3) Бұл бетте сізден Wi-Fi-ға қосылуыңызды сұрайды. Қуанышқа орай менде сымсыз интернетке қосылуға мүмкіндік бар.

Photo by @toigulieyv

Photo by @toigulieyv

4) Енді сізден туркелу немесе өз атыңызбен кіруіңізді сұрайды. Мен ескі Kindle кезінде тіргелген поштамды қолдандым.

Photo by @toigulieyv

Photo by @toigulieyv

Photo by @toigulieyv

Photo by @toigulieyv

4) Әрі қарай ридерді қалай қолдану керек екенін түсіндіруін бастайды. Ағылшын тілі деп қорқудың қажеті жоқ, себебі қолдану өте оңай әрі жеңілдетілген.

Photo by @toigulieyv

5) Кітаптар тізімі мына түрде орналасқан. Менің ойымша бұлай жасағаны өте дұрыс болды. Кітаптардің мұқабасын қолдынып, әдемі тізімде шығарып береді.

Photo by @toigulieyv


Дисплей

Kindle Paperwhite электронды кітабын толық қарастырайық. Әдеттегідей ең бірінші көңіл бөлетініміз экран және дисплейі. Дисплейдің кеңейтілімі үлкейгеннен кейін (1024х768) жазулар анық болып, ал жарықтық қосқаннан кейін сапасы да артқан (алдыңғы нусқасындағыдай сұр емес, беттері ақ түсті). Көмескі жарықтың болғаны біраз мәселені шешеді. Жарық деңгейі 25 градациядан тұрады. Мысалы далада (табиғатта немесе тағы да басқа жерлерде) күн жарығы кедергі келтірмесін десеңіз, жырық деңгейін максимумға қойып еш қиналмай оқи бересіз, ал қараңғы бөлмеде жарық деңгейін төмендетіп қойып оқыған өте ыңғайлы әрі көзді ауыртпайды. Экран ешқандай саусақ ізін қалдырмайды. Бірақ сырылуы мүмкін. Бұл жағдайда арнайы қап алғаныңыз жөн. Және беттердің ауысу жылдамдығы, алдыңғы нұсқаларымен салыстырғанда, біраз тезірек болған. Ал Amazon Kindle 5 пен салыстырғанда шамамен бір деңгейде.

Photo by @toiguliyev

Интерфейс, функционалдылығы

Интерфейс Kindle-ға лайық минимализммен жасалған. Кітаптарды тек қана тізіммен емес, енді мұқабалармен де орналастыруға болады. Минимализм болғанымен функционалдылық жағынан көп нәрсе істеуге қабілеті бар. Кітаптарды онлайн түрде Amazon дүкенінен сатып алу, іздеу, жарық деңгейін өзгерту, интернет шолушы, категорияларға бөлу, кітап ішіне белгі қою, текстті белгелеп достарыңмен бөлісу және тағы басқа қосымшалары толып жатыр. Ал қаріп өлшемін өзгерту үшін жәй ғана екі саусақты қолдансаңыз болды. Минимализм, иңғайлылық. Ең басты кемшіліктерінің бірі жадының аз болуы және оны кеңейту мүмкіндігінің болмауы. Музыка, аудиокітаптарды өкінішке орай тыңдай алмайсыз.

Photo by @toigulieyv

Үкім

Бір апта қолданып бұл ридерге ғашық болып қалдым. Менің талаптарыма толық жауап берді. Керемет дизайн, түнде оқу үшін көмескі жарық және ыңғайлы интерфейс көңілімнен шықты. Кітапты өзіңмен бірге алып жүру ыңғайсыз болып келеді, дәл сол сәттерге Kindle таптырмас өнім. Өлшемдерімен (17 х 11,7 х 0,9 см) қалтаға еш қиындықсыз кіріп кетеді. Ал салмағы 210 грамм ғана.

Photo by @toigulieyv

Бұл Kindle-дың басты бәсекелесі Kindle 5. Осы екеуінің арасынан таңдау өте қиын. Менің берер кеңесім, егер сіз кітапты тек күндіз, жарықта оқитын болсаңыз, міндетті түрде Kindle 5 таңдаңыз. Ал егер қараңғы бөлмеде, ұйқы алдында, төсекте оқыған ыңғайлы болса, әрине Kindle Paperwhite алыңыз.

Соңғы үкім: Алуға кеңес беремін

P.S. 8-наурызға керемет сыйлық!

SmartShow редакциясы ұсынылған девайс үшін SmartShop.kz интернет-дүкеніне алғысын білдіреді.

© Alisher Toiguliyev SmartShow үшін
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше