Samsung Galaxy Tab 2 -лі болғыңыз келсе... (oңай жолы)
ия ия дәл солай!!! Егер сіз планшетке қол жеткізгіңіз келсе, онда сізге мүмкіндік келді.Биылғы Блог Құрылтайда байқаулар ұйымдастырылып жатыр.
БАЙҚАУ #1
Блогқұрылтай туралы (еркін тақырыпта) пост жазу. Шарттары қарапайым:
1) Пост еліміздегі кез-келген блогтұғырда (әлеуметтік желі емес) жазылуы тиіс;
2) Басқа тілдердегі посттар саналмайды, тек Қазақ тілінде болуы тиіс;
3) Постта әр түрлі жаргондар, боқтық сөздер, қыстырма сөздер, бөгде тілден енген сөздер т.б. болмауы тиіс;
4) Пост барынша қоғамдық талқылаудан өтіп, барынша көп адам көруі тиіс;
5) Әлеуметтік желілерде постыңыз барынша жарнамалануы тиіс;
6) Пост Facebook-тағы арнайы парақшада көрсетіліп, ол жайында ұйымдастырушыларға (blogcamp2013@gmail.com поштасына материал сілтемесін тастап, хат жазу).
БАЙҚАУ #2
Блогқұрылтайды суретпен бейнелеу. Шарттары қарапайым:
1) Сурет еліміздегі кез-келген блогтұғырларға (әлеуметтік желі емес) салынуы тиіс;
2) Сурет мотиватор, демативатор, қолмен салынған т.б. кез-келген түрде, бірақ барынша креативті болуы тиіс;
3) Сурет барынша қоғамдық талқылаудан өтіп, барынша көп адам көруі тиіс;
4) Әлеуметтік желілерде постыңыз барынша жарнамалануы тиіс;
5) Пост Facebook-тағы арнайы парақшада көрсетіліп, ол жайында ұйымдастырушыларға білдіру (blogcamp2013@gmail.com поштасына материал сілтемесін тастап, хат жазу).
БАЙҚАУ #3
Блогқұрылтайды видеомен бейнелеу. Шарттары қарапайым:
1) Видео еліміздегі кез-келген блогтұғырларға (әлеуметтік желі емес) салынуы тиіс;
2) Видео блогшылардан сұхбат түрінде, видеоблог түрінде т.б. кез-келген түрде, бірақ барынша креативті болуы тиіс;
3) Видео барынша қоғамдық талқылаудан өтіп, барынша көп адам көруі тиіс;
4) Әлеуметтік желілерде постыңыз барынша жарнамалануы тиіс;
5) Пост Facebook-тағы арнайы парақшада көрсетіліп, ол жайында ұйымдастырушыларға білдіру (blogcamp2013@gmail.com поштасына материал сілтемесін тастап, хат жазу).
Байқау 20-наурызға дейін жүреді. Байқау қорытындысын осы салада жүрген арнайы топ анықтайды. Жеңімпазды анықтау Блогқұрылтай кезінде жүргізіледі де, блогқұрылтайдың қорытындылау, марапаттау бөлімінде (яғни 24-ші наурыз күні кешке) марапатталады.
ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ
катысушыларга сәттілік тілеймін!!!