Әйелдің сырын әйел түсінер
Шынында да қазіргі заманда әйел епті болып, жұмысқа да, балаға қарауға, үй тіршілігіне, күйеуінің бабын табуға үлгермесе, көштен қалып қояды. Бұл жағдайды тек әйел ғана түсінетін шығар. Ерінің ғана табысына қарап отырған әйел қазір кемде-кем. Тіпті отбасында өзі ғана табыс тауып отырғандар да бар. Ал балаларын жалғыз өзі ешкімнің көмегінсіз екі-үш жұмыс атқарып асырап отырған аналарымыз қаншама. Осының салдарынан біз осыгүні ана болу бақытын жоспарлауға мәжбүрміз. Әрине барлығына нарық заманы кінәлі деп қарап отыруға да болады. Бірақ бұл әсте олай емес. Бала күтіміндегі әйелдерге үкімет әлеуметтік сақтандыру қорынан ақшалай көмек береді дегенде өте қуанғанбыз, төленген ақшалай көмек талай отбасына ана бала күтімінде болғанда бірталай көмек те болған. Бірақ биыл 6 ақпанда заңға өзгеріс енгізіліп, жалақысы 10 АЕК-тен артық табысы бар аналарға қаржылай көмек тек сол он айлық есептік көрсеткіштен ғана есептеліп, төленетін болыпты. Ал айырмашылығын жұмыс беруші төлейді деген, бірақ Еңбек кодексінде жұмыс берушінің ондай міндеті жазылмаған. Бұл жайт қыз-келіншектердің жиналып, әлеуметтік желілерде ұйымдасып, соңынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында қарсылық шарасын ұйымдастыруға әкелді. Сонда халық санын көбейтеміз деп ұрандап жүрген шенеуніктеріміз осы заңға өзгеріс енгізгенде не ойлады екен? Қайран болатынымыз, елден миллиардтап ақша ұрланып жатқанын көрмейтін ағаларымыз аналардың алатын ақшасын көріп қалып, оны өте көп деп есептепті. Ақылға сыймайтын нәрсе. Сондай біз неше түрлі форум, конференция, олимпиада өткізуге, демалыс кешендерін салуға ақшаны оңды-солды шашамыз да, баланы күтуге керекті қаражатты үнемдейді екенбіз. Салыққа келгенде қанша тапсаң да табысыңнын он пайызын алады, ал ақшалай көмекке келгенде алалайды екен. Әлсіз әйелге көмек берудің орнына, тағы сол байғұс әйелді жейді. Осыдан жиырма жыл бұрын қайта құру кезінде базар жағалап, беті үсіп, қолы күс-күс болып отбасын асыраған осы әйелдер емес пе еді. Неге біздің қоғам әйелді бағаламайды? Қолдап, қолпаштап отырудың орнына үнемі басып-жаншып отырады? Тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп өмір сыйлайтын аналарымызға демеу көрсете алмаса не болғаны соншалық?
Бұл өзгеріске қарсы болған қыз-келіншектер онлайн петицияға қол қоюға шақырады. Мен де қосылдым. Мен наразымын. www.onlinepetition.kz/popravka2013/petition.html Сіз де өз болашағыңызға немқұрайлы болмасаңыз, қосылыңыз!
Бұл өзгеріске қарсы болған қыз-келіншектер онлайн петицияға қол қоюға шақырады. Мен де қосылдым. Мен наразымын. www.onlinepetition.kz/popravka2013/petition.html Сіз де өз болашағыңызға немқұрайлы болмасаңыз, қосылыңыз!
syrt koz synshy kelet degen osy shygar… ((
әйел болудың қиын екенін жақсы түсінемін, сондықтан қуанамын.