ТҮЛКІНІҢ ҚАЙРАУЫ

Бір қасқыр жортып келе жатса, алдынан бір елік шығып, қасқыр соны қуып келе жатқанда бір орға кез келіп, елік аттап өтіп кетіпті. Қасқыр орғи алмай қалыпты. Сөйтіп тұрғанда қасқырдың досы қу түлкі жолығып, «не қылып тұрсың?» — депті. Қасқыр: «Бір елік қуып осы орға келгенімде ол қарғып, мен өте алмай тұрып қалып тұрмын», — дейді. Сонда түлкі: — Өзіңіз арыстандай басыңызбен бұты сидиған елік құрлы аттай алмағаныңыз лайық па? — десе, қасқыр қорланып, ыза болып аттаймын деп белі мертігіп өліп, түлкі досына азық болыпты.
Бөлісу:

12 пікір

asaubota
бұл ертегілердегі жаңа бағыт па?
bizbike
жоға, жұрт оқып, балаларына айтып берсін деп, кітаптан көшіріп жазғаным ғой қысқа ертегілерді  Әйтпесе ертегі жазатын өнерім жоқ
asaubota
ертегі емес хоррор ғой мынау!

балаға психологиялық травма беріп алуым мүмкін.
bizbike
барлық наразылық пен тілектеріңізді «Жалын» баспасына жіберуіңізді сұраймын. Қазіргі балалардың көріп жатқан мультфильмдерінің қасында бұл ертегі ойнап қалады негізі
Zhann
Осындай жазба жазғандарды банға жібермеуші ме еді?
Zhann
гуантанамо зынданына лақтырмаушы ма еді
bizbike
Zhann соншама не болды ашу шақырып
Zhann
Ничего личного. Просто мындай жазбалар өтпеуші еді ғой.  жоқ қо сендерге.