Таныс болыңыз: Маралбек
Жақында Ақтөбеден бір әріптесім сүйінші сұрап телефон шалды. Сөйтсем туған қаламда менімен аттас марал пайда болыпты! Иә, кәдімгі марал, үлкен мүйізі бар. Жә, басынан бастап айтайын.
Ақтөбенің қақ ортасында «Нұрдәулет» деген мешіт/сауда орталығы бар. Соның қожасы, елге танымал бір бизнесмен ағамыз, қаланың балалары үшін шағын зообақ ашты. Алдымен керік, сосын арыстан және бірнеше тауыс құстар пайда болды. Халық үшін экзотика ғой. Кейін екі ұрғашы марал келгенде де мәз болдық. Бұл екеуі туралы «Астана ТВ» арнасына репортаж жасадым. Бірінің аты Ақбаян (Осындағы бір қолданушының құрметіне), екіншісі Ақмарал(тағы бір жергілікті журналист) екен. Кәсіпкер енді еркегін әкеліп, атын Маралбек қоямын деді. Одан бері екі жылдай уақыт өтсе де, ұмытпай уәдесін орындапты. Мен мәзбін. Тіпті, мақтанып «Еуразия бірінші арнасынан» көрсетіп жібердім.
Айтпақшы, марал Маралбек орамжапырақ жегенді жақсы көреді екен. Ақтөбеге бара қалсаңдар бір-екеуін апарып беріңдер.

17 пікір