04:24 Сен келме. Мен күтемін
00:13. Түңгі сағат. Түңгі Алматының аспанында жұлдыз
болсайшы. Көк түтін ғана. Сұрланып тұр. Қою қара түнді
сағындым.
00:45. Түннің тыныштығына рахаттана алмай ұйықтап
жатқандарға Жаным ашиды.
01:26. Қалғып кеттім бе? Жоқ. Менің ойым екен қалғып
жүрген …қалқып жүрген
02:11. Жүрегім жұлынып қалардай соғып кетті. Артық
жүрегім жоқ. Ол өзі біреу.
02:36. Жете алмай келемін. Бірақ қайда? Кімге?
03:10.Тағы да түн. Мына таңның ататын түрі жоқ қой. Сенсіз
қанша таң атты?
04:24.Сен келме. Мен күтемін… Ұйқым
p.s айтпақшы бұрын менде түҢгі деп жазатын едім
ал, жалпы, ұйқы мен үшін тамақтан да құрметті нәрсе! )) қарным ашып, ұйқым кеп тұрса, ұйқыны таңдап қоя берем ))
ауыл балалық шағыммен есте қалады ойнап жүрген тәтті кездер-ай..))
Басқа қалаларда ондай уайым түгілі мәселе де боп көрген жоқ. Қазір ретсіздеу ұйқтасам, жұмысым болмай кетеді. Мәселе ұйқының қанбауында емес, Шыдауға болады. Алматыдағыдай а-ля «дюрасел» ықыласпен жүгіру ғайып болады.