Карго культ



1941-ші жыл. Жапония, Америка Құрама Штаттарының Перл харбор кемежайына шабуыл жасап, АҚШ-тың ресмі түрде 2-ші дүниежүзілік соғысға кіруіне себеп болды. АҚШ сарбаздары кемелерімен Тынық мұхиттындағы түрлі аралдарға шығып, әскері орталықтар құрастыруға басталды. Бірақ кей бір аралдарда модерн әлемінен алыс өмір сүрген жабайы халықтар өмір сүреді екен. Олар американдық сарбаздардың арқасында алғашқы рет ұшақ, кеме, радио, теледидар, кока-кола және ақ денелі адамдар көрген. Американдықтардың аралға шыққанынан бастап 3-4 жыл бойы сол халықпен өмір сүрген. Жергілікті халық, құрылыс заттары, Карго құтылары, су және тамақ тасымалдау жағынан сарбаздарға көмектескен. АҚШ-ның сарбаздары жергілікті халықтың бұл еңбектеріне ризашылықтарын білдіру үшін оларға тамақ және киім берді. Жұма сайын жүк тасымалдау ұшақтары аралға тамақ, әскери құралдар, киім алып келетін еді.



Жергілікті халық осы түрлі заттардың не болғандығын және бұл адамдардың не істеп жатқандығын жылдар бойы алыстан бақылап жүрді. Соғыс біткен соң американдықтар өз кемелеріне отырып отандарына қайтады. Ал жергілікті халық бұрынғы өмірлеріне қайтып келеді, бірақ бір жағынан олар ұшақтардың қайта оралып, өздеріне көктен тамақ және киім алып келетіндігіне сенеді. Халық күткенімен жылдар бойы оларға ұшақ немесе тамақ келмейді. Дәл сол уақыттарда халық арасында қызық бір сенім басталады. Халық ағаштардан және тастардан ұшақ соғуға басталады. Түрлі ағаш және жапырақтардан американ сарбаздарынан көрген теледидар және радио жасайды. Себебі американдық сарбаздары пайдаланған бұл заттардың құдай жіберген ұшақтарды шақыруға көмектесетіндігіне сенетін еді. Егер американ адамдар бұл жолымен ұшақтарды шақырса, жергілікті халық үшін де ұшақтар қайтадан келіп тамақ беретін еді. Бұл сенімнің білімдегі аты Карго культ деп аталды. ХХІ ғасырда бұл сенім әлде жойылған жоқ. Ол аралдағы жабайы халықта емес, қазіргі таңдағы үлкен фирмалардың арасында қолданылуда.

Марти Ноймер кітабында «дизайнер» деген сөзді осылай анықтайды:
«Дизайнер, кез келген бір заттың сол кездегі қалпын өзгертіп адамдардың таңдауына келетін басқа бір затқа ауыстыра алатын кез келген адам болып табылады».
Бұл анықтамадағы сөздер арнайы таңдалып алынған: кез келген адам, сол кездегі қалпын, адамдардың таңдауына келетін. Бұл анықтамада кез келген адам «дизайнер» бола алады. Саясаткер, мұғалім, инженер және т.б.

Мысалы, бір фирма заттың «сол кездегі қалпын» өзгертетін бір интернет сайт, бір өнім немесе бір бағдарлама шығарады. Ал басқа фирмалар бізгеде осыны жасау керек деп сол заттың көшірмесін жасауға кіріседі. Көшірмесін жасаудағы мақсаты — егер олар үшін пайдалы болса біз үшін де пайдалы бола алады деп түсінеді. Яғни Карго-культ.

37 Сигналс фирмасының басшысы Джейсон Фрайт бір конференцияда «Көшіру жаратудан оңай емес па?» деген сұраққа осылай жауап берді: «Негізгі нұсқаның артындағы еңбек көзге көрінбейді. Оны көшіргендер сол заттың не себептен солай көрінгендігін және не себептен солай істегендігін түсінбейді».

Менің ойымша бұл сенім Қазақстанда аса таралып кеткен. Мысалы, Kaztube.kz бұл сайттың атына дейін көшірілгендігі айдай анық емес па? Мемлекеттік көмекпен әлде жеке күшпен жасалған түрлі сайттарымыз осы Карго-культ ауруынан зардап шегуде. Фейсбук шықса Елім-ай жасап аламыз, Мой мир шықса Мой нур жасап аламыз.




Жаналықшы өнім деген іс-әрекет кезі емес. Жаналықшық затта емес! ол тек қана қимыл. Жаналықшы фирма дайын сайттың көшірмесін жасап үмітпен жемісін жеуді күтпейді! Жаналықшық үшін дизайн керек. Өнім деген мән беру, қимыл және байланыстан құрастырылады. Басқа сөзбен түсіндіргенде жаналықшылықтың артындағы сиқыры, ол – дизайн.

Бір зат шығады. Бұрыннан келе жатқан барлық әдеттерімізді өзгертеді. Бұл заттан бұрын өміріңізді кәдімгідей сүре бересіз, бірақ бұл заттан кейін бұрынғы өміріңізді көзіңізге елестете алмайсыз. Бұл мүмкіншілік емес. Бұл жаналықшы фирманың жылдар бойынша армандаған өнімі.

П.С.: Apple монополиясына қарсымын бірақ дизайн жағынан алып келген жаңалықтарына және технология әлеміне қосқан еңбектеріне різамын…

Бөлісу:

11 пікір

asaubota
сәтті басталған кез келген нәрсенің көшірмесін жасау карго культ па сонда?
Beisek
мен солай түсіндім. меніңше ол тек тамғаға (брендке) қатысты.
madlen
Осы туралы айтып бергенiнде жеткiлiктi тусiнбеппiн. Жазганын жаксы болыпты. Узак ойланасын)
asaubota
өткенде АИФта дұрыс ашылмады осы тақырып, осында жазғаның дұрыс болды.
VKM
Біз менеджменттен өткен едік, тек жарнамаға қарасты жағынан)
nurjanbay
«жаналықшы» деген сөзді түсінбей отырмын.
ruben
таза қазақшалаймын деп «жасампаз» деген мағынаны бере алмай қиналған секілді. онымен не айтқысы келгенін осылай түсіндім. қате түсінсем, аутыр өзі дұрыстап жіберер.
asaubota
бұрынғыға қарағанда тілі жақсарып қалды кератаның
serjan
Менің түсінбегенім жабайы тайпаға ол әрекеттер еш пайда әкелмеді, өйткені олар оның ішкі мәнін түсінбеді, ал ейпыл мен йутубтың көшірмесін жасағандар бірдеңе түсініп жасады, әрі сол көшіру оларға пайда әкеліп жатыр, айырмашылық бар емес пе?
Gastarbaiter
Культ Карго ауыспалы мағынасында, ішкі мәнін түсінбей, тек сыртқы атрибуттарға жүгіруді, еліктеуді айтады.
Мәселен, Керекті алғаш көрген жас боз далбоебтардың сатыбалдизмдерді, солайдеизмдер мен керекизмдерді ретті-де-ретсіз қолдана отырып жазған тышығын Джокондаға парабар өнер туындысы ретінде жұртшылыққа ұсынуы.
Соңғы түзету:
Ottegin
Мен осы карго культты Қазақстан ғылымындағы жағдайға баламалаған бір мақаланы оқып едім))) Жағдай осы посттағыдан да сорақы болып көрінді сол мақалада