Пышақталған бәтеңке

Бұл оқиға бұрынырақта біздің өңірде болыпты. Оқиға кейіпкерлерінің атын өзгертейін десем толық біле қоймаймын.
Желіккен жастар себепсізден себепсіз бір бас қосу ұйымдастырмақ болады. Алдын-ала ауылдағы қыздар мен жігіттерден кім келетіні, кімдерге хабар айтылуы керектігі белгіленеді. Ауылда бәрі бір-бірімен жақсы араласатындықтан іріктеуге тек бір ғана жігіт ілікпей қалған екен. Не үшін екені өздеріне ғана мәлім, жақында ғана түрмеден шыққан жігіт екен шақырылмай қалған.
Хош, кеш тамаша өтіп жатады.Баянмен, гитарамен, домбырамен ән салынып, қыздар сылқылдай күле бастайды. Шағын ауылда бұндай шулы отырыстың ешкімге білінбей өте қоюы екіталай нәрсе. Әлгі түремшік жігітотырыс әбден қызған кезде жетіп келе қалады. Біреу арқылы отырыс өтіп жатқан үйдің жігітін шақырады. "Әй, әкеңнің аузына сиейін! Мен саған не істеп қойып ем? Мені неге шақырмайсыңдар?". Реніші орынды былай қарасаң, бірақ, шақырылмауының да бір себебі бар шығар. анау жауап қата алмайды. "Әкеңнің аузын ұрайын! Мен қазір сені өлтіремін" деп қолына пышағын алып тұра қуады. Анау қашып кеп береді. Оқиға күздің соңғы күндерінде өтіп жатқан болуы керек. Жерде жұқалтаң қар бар дейді айтушылар. Үйден шығарда қоңылтаяқ кие салған бауы байланбаған бір бәтеңкесі ытқыған бетте орында қалса керек. "Әкеңнің аузын пәленше етейіән! Бірінші бәтеңкеңді тураймын, кейін өзіңді пышақтаймын" деп елірген анау бәтеңкені пышақпен туралаған қалпы қуып келе жатыр дейді. «Сасқан үйрек сальто жасайды» демекші анау қашқан кезде басқа жаққа қарай қашқан ғой. арашалайтын ешкім жоқ. Барлығының жүрегі дауаламайды анаған "Қой" деуге. Қашқынымыз жүгірген бетте бір үйдің ауласына кіріп кетеді. Ол үйдің қасқыр алатын төбеті болса керек. Танымайтын адамды қауып алмасын деген ниетпен қора маңында шынжырланып тұрады деседі.ТөбетБіздің жағымды кейіпкеріміз жүгірген бетте иттің үйшігінің үстіне мініп кетеді. Аяқ астынан келген мұндай қонақтарды төбетте күтпесе керек. анау үйшігінің үстіне мінген соң барып шыққан деседі. Қуғыншы ананы пышақтайын десе иттен қорқады. Пышақтамайын десе күйіп барады. сонда иттің үйшігінің үстінде отырған жігіт " Алыпсоқ, айтақ, айтақ!" деп айқайлағанда дауысы ауылдың барлық үйіне естіліпті деседі…

Төбеттке төте сілтеме.
Бөлісу:

5 пікір

daugozhek
лібәә Аяғында не болар деп тез тез оқып отырсам
Abilakim
обшым пышақталмай қалыпты каким та обрызым
daugozhek
 жынды аяқталыпты тегі. Әккиң… боладығой, анекдотына емес айтып отырған адамының айту мәнеріне қарап күлетін.
Ereimen
Көп көрім би кеші романтикамен біте ме деп аузымнан сілекейі шұбыра бастап еді қап еттең…
Abilakim
олар да басында солай ойлаған ғой)))