Шыда, жаным, шыдай түс, шыда тағы

Отбасында ыдыс-аяқ сылдырламай болмайды дейміз, дегенмен елімізде көп себептен ыдыс-аяқ сылдырының арты ауыр соққы мен тіпті өлімге, немесе әлімжеттік көрсеткенді өлтіруге дейін әкеліп жатыр.
Статистикаға сүйенсек қасақана жасалатын адам өліміне қатысты қылмыстың 30%-ын туыстар жасайды екен, ал жыл сайын 500-ге жуық әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан көз жұмады екен. Әрбір үшінші отбасында әйел зорлық-зомбылық көреді.

ТМД елдерінің арасында біздің елде ғана ішкі істер органдары жүйесінде әйелдерді қорғау бөлімі бар екен. 2012 жылы ол бөлімде 133 полиция қызметкері жұмыс жасаған. «Забота» дағдарыс орталығының басшысы Ұлжан Лұқпанованың айтуынша бұрын АІІБ – де әйелдерді қорғау инспекторының жетеуі жұмыс жасайтын еді, ал қазір олардың саны үшке азайған. Заң бойынша кінәліге тұрмыстық зорлық көрсеткені үшін 10 тәулікке қорғау нұсқаулығын жазып береді, оны бұзған болса 5 АЕК айып төлейді немесе әкімшілік тиым салынады.
Қазақстан БҰҰ-ның әйелдерге қатысты кемсітушіліктердің барлық түр¬лерін жою туралы Конвенциясына қосылып, «Әйелдердің сая¬си құқықтары туралы» және «Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы» халықаралық пактілерді ратификациялап қойған. Қарап тұрсаң қағаз жүзінде бәрі де дұрыс, төмен етектілердің барлық құқығы заңмен қорғалады.

Бірақ іс жүзінде жағдай мүлде басқаша. Заңмен қарастырылған тиымдар мен айыппұлдардың күйеуінен зорлық көріп жүрген әйелге ешқандай көмегі жоқ, өйткені мұндай жағдайлар көбінесе тек әйелі ақша тауып жүрген отбасыларында кездеседі, яғни айыппұлды сол баяғы әйелі төлейді. Сондықтан әйел артық рет шағымданбайды да. Ал ІІБ-де жазбаша арыз болмаса, ешқандай мәселе де жоқ деген сөз. Ал керісінше отағасы бүкіл отбасын асырап, әйелі үй шаруасымен ғана айналысатын үйлерде бұндай жағдай орын алса, көбінесе ерінің мұндай жағдайда мықты тамыр-таныстары бар, әйелі тіпті кімге, қайда барып шағымданатынын білмейді, өйткені бәрі шешілген. Күйеуінен кетейін десе, бір жағынан қорқады, екінші жағынан баспанасы да жоқ, содан кейін балаларын асырайтын білімі, кезінде жұмыс жасамаған соң, тәжірибесі де болмайды. Үшіншіден күйеуі таныстары арқылы балаларды өзіне қалдырып, әйелді тіпті мәжбүрлеп емделуге жіберген жағдай да болған «Забота» дағдарыс орталығының басшысы Ұлжан Лұқпанованың айтуынша.

Тақырыптың келесі бөлігі отбасындағы әлімжеттікке ғана қатысты емес, жалпы қыз-келіншектердің зорлыққа ұшырауына қатысты. Елімізде айдың күннің аманында әрбір 5-ші әйел зорлыққа ұшырай¬ды. Алайда, әйел зорлау оқиғаларының 10%-дан төмен көрсеткіші ғана сотқа жетеді. Себебі нәзікжандылардың дені өздерін қорғауға тиісті адам-дардан қорлық көріп жүргенін сыртқа¬ шығармай, іштерінде бүгіп қалады. Өйткені, егер зорлық көрсеткен адамның құқық қорғау органдарында немесе жалпы әлі келетін таныстары болса, бұл істі аяғына жеткізбей жауып тастайды. Екіншіден, баяғы ел-жұрттан ұят деп, ешкімге айтпайды. Тіпті 5-6 жасар баланы 6 жыл бойы зорлапты деген жаңлықтарды естігенде қорқынышың, жиіркенішің ұлғая түседі. Мұндай жағдайдың құрбаны болғандардың алдағы өмірі жалпы не болмақ?

Енді жалпы тұрмыс құру мәселесіне келсек. Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының зерттеулері бо¬йынша елімізде 15 пен 18 жас аралығындағы қыздардың 5 пайызы зорлықпен тұрмыс құрады екен. Әділет министрлігінің құқықтық көмек көрсету комитетінің мәліметтері бойынша 2001 – 2012 жылдар аралығында 31 мыңнан астам неке кәмелетке толмаған қыздармен қиылған. Бірақ ІІМ-де қыз алып қашу деген қылмыс мүлдем тіркелмеген. О бастан қыздың келісімінсіз құрылған отбасында қандай береке болуы мүмкін. «Творческая инициатива» әйелдер лигасы осы мәселені зерттеумен үшінші жыл айналысып келеді. МЕҰ мәліметтеріне сүйенсек көбінесе бұл жағдайлар Оңтүстік Қазақстанның ауылдық жерлерінде орын алатын көрінеді. Даудың арты екі жақтың келісуімен бітеді. Бірақ білім алып үлгермеген, отбасын құруға әлі дайын емес қыздар ақыр аяғында көбінесе баламен қайтып келуге мәжбүр болады. Мұндай отбасылар дені заңды түрде тіркелмейді де, тек некесін қидырады, ал заң бойынша тіркелмеген жерде әйелдің құқығы еш қорғалмаған.

Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді дейміз. Тоқсаныншы жылдары дағдарыс кезінде ерлері ішіп кетіп, не істерін білмей жүргенде, базарға шығып отбасын асыраған, базарларда талай рет милициямыздың қуғынына ұшыраған әйелдер еді ғой. Қазір де көп салада әйелдер өз еңбектерін сіңіріп, еліміздің дамуына үлес қосып жатыр, бірақ бәрібір оларды сынаудан шаршамаймыз. Бірақ олардың көріп отырғаны осы болса, қалайша қазақтың санын көбейтіңдер деп талап ете аламыз? Мұндай отбасында өскен ұлдар міндетті түрде әкесінің жасағанын қайталайды, ерте ме кеш пе, ал қыз өзіне әлімжеттік көрсеткен біреу болса, соған көніп жүре береді. Өйткені олар солай өскен, бұл қалыпты жағдай болып саналады. Бұл мәселе тек сол отбасының ғана мәселесі емес, бәрімізге қатысты. Өсіріп отырған қызымыз ертең сондай отбасында өскен жігітке тап болмауына, жалпы зорлыққа ешқашан тап болмайды деген қандай кепіл бар?

Меніңше кімге болса да зорлық көрсеткен еркекті «Врашиловский стрелок» киносындағыдай жазлау қажет. Ал әйелін ұрғанды дәл солай соққыға жығу керек. Мүмкін сонда ер адам бір нәрсе жасамас бұрын аз болса да ойланар. Әрине бұл мәселе тек жазалау мен шешілмейді. Оның туындап отырғанының да көп себебі бар. Және бұл жағдайды кешенді түрде қарастыру қажет, шешу қажет. Бірақ біз біраз кешігіп қалдық. Олар өсіп келе жатыр және олар көп…
www.voxpopuli.kz/post/view/id/889
Бөлісу:

54 пікір

asaubota
статистикаға сене алмай отырмын. мен тұратын қоғам ондай емес сияқты.
bizbike
статистикаға сенбей отырмын депсіз, өзіңіз 901 постта әйелдердің 3 тен бірі зорлыққа ұшырайды деп жазыпсыз
asaubota
Қазақстандағы статистиканы айтамын
ibnabbas
Осы отбасы туралы айтылса есіме ислам ғалым Ахмад ибн Ханбал сөзі есіме түседі.Ол кісінің әйелі қайтыс болғанда кабіріне карап «Мен Умму Солихпен (әйелі)40 жыл бірге тұрыппын.Бірақ екеуіміздін келісе алмай қалған кезіміз болмады (40 жыл тұрып 1 ретте ұрыспапты)» деп айтыпты.Ахмад ибн Ханбал аштықтан 3 күн бойы тамақ ішпеген кездері болған ғалым.СОл үшін ақша, байлық жоқтығы отбасыны бұзады дегенге сенбеймін.Адамның өзіне байланысты
bizbike
негізі постта отбасы ақшаның жоқтығынан бұзылып жатыр деген сөз жоқ, мәселе отбасында әйелге ері әлімжеттік көрсетуінде, ол кедей де, бай да отбасында орын алып жатыр.
ibnabbas
Кедейдің үйінде тамақ жетіспейді дегеннен ұрыс шығып жатады.Ал байдың үйінде Антальяда демала алмай қалдым дегеннен ұрыс шыгып жатады.
bizbike
қанішер ерлер болады, олар әйелдерін, балаларын үндемей отырса да, оларды ұруға себеп табады. Қайдағы жоқты есіне түсіріп таяқтың астына алып жатады. Неліктен? Кетіп бара жатқан баланы/қызды/әйелді зорлайды, өлтіреді. Неліктен? Оларға себеп керек емес. Олар мүмкін зорлық көрсеткеннен ләззат алатын шығар, мүмкін олар ауру шығар, бірақ бұның кең етек жаюы жантүршігерлік жайт. Ал қорғануға дәрменсіз әйел мен бала не істемек. Көп жағдайда не сол әйел мен бала өледі, өзін ұрған күйеуін/әкесін өлтірумен тынады.
ibnabbas
Сондай адамдардын адресін берші.Ондайлардын барынан жоғы 1000 есе артық
bizbike
Beisek
“Әйелдерiңе тек жақсылық етiңдер! Сендердiң әйелдерiң — қолдарыңдағы тұтқын тәрiздi. Олар жағымсыз бiр iс iстеген болмаса, басқа жағдайда олар сендердiң теңдерiң. Жағымсыз нәрсе iстеген болса, жататын жерлерiңдi бөлек етiңдер немесе ұрыңдар. Бiрақ шектен шықпаңдар. Сендерге бойұсынбаған болса, бәле iздемеңдер. Расында, әйелдерiңнiң сендердiң алдында және сендердiң әйелдерiңнiң алдында тиiстi мiндеттерiң бар. Әйелдерiңнен төсектерiңе бөтен бiреудiң отырмауын, үйлерiңе сендер қаламаған адамның кiрмеуiн талап еткенге құқылысыңдар. Әйелдерге келер болсақ, олар сендерден өздерiн жақсы киiндiруiлерiң мен тамақтандыруларыңды талап еткенге құқылы.”
Түсiнiктеме: “…жататын жерлерiңдi бөлек етiңдер.”, – яғни, бөлек жатыңдар.
“…шектен шықпаңдар.”, – шариғат бойынша беттен, дақ түсiп, бiр мүшесiн майып ететiндей дәрежеде ұруға қатаң түрде тыйым салынған. Ескеретiн нәрсе: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осылай айта тұрып 13 әйелiнiң бiрiн де ұрып-соқпаған, тiптi “сен неге былай iстедiң” деп те айтпаған.
madikon
менде көп кездестірмедім.
Hetrou
Әйелін ұратын еркектерді дыхалкіден екі ұрып талдырып тастау керек. Әйелін ұратын еркектер өздері қатарлы еркектердің арасында мойындалмаған, изгойлар ғо үйге келіп самоутверждаться ететін.
bizbike
келісемін, көк ала қойдай қылып бір айдай сабаса соларды
Beisek
ыдыс аяқтың сылдырлайтынын білмеппін, бірақ мен өзім әйеліме қол созбауға тырысамын. себебі оның қаншалықты деструктив екенін өз көзіммен көрдім
asaubota
сен Наурызда құда түсуге баратын едің ғой?
Beisek
болашақ әйелiме дегiм келдi. ал өз көзiммен көргенiм әке-шешемнiң ажырасқаны
Hetrou
Мысал. 10-15 жыл бұрынғы оқиға. Ауылда көршілерім болып еді, кейін көшіп кетті. Былай жап-жақсы семья. Бірақ күйеуі әйелін сабайды екен деп естідім. Аямай ұрады екен. Әйелі тым жақсы, пысық келіншек. Содан бір күні әйелін ұрып жатқанда, әйелі қатты күйініп кеткен болуы керек, жаңағыны алған да, лааақтырған ғо. Күйеуі басын батареяға соға құлапты да, есін жинап алыпты (мас болса керек). «Кешір, Мәншүк»,-депті. Содан кейін әйелін ұрмайтын болыпты. Ұрғанның қалай болатынын өз шкурасымен сезінгенде барып түсінген ғо. Әп-әдемі балдары бар, тым жақсы семья. Обшым, солай болыпты.
Adiletshu
Күйеуі ішкіш әйелдерді қатты аяймын
temir1986
Әйелдер соны өздері қалап тұрса қайтеміз?
asaubota
әйелдерде инстинкт па білмеймін маған ұнамайтын бір қасиеттері бар. мысалы көшеде жалғыз келе жатсаң алдыңдағы қыз/келіншек/әйел жүріп келе жатып артына қарайды, қазір барып соны зорлайтындай. сондай кезде өзің ыңғайсызданып қаласың, тез жүріп озып кетуге тырысамын.
saltanat23
Мен сондайлардың қатарынанмын. Әсіресе кеште жалғыз келе жатсам. Қасымнан өтіп кеткенше өтірік телефонмен сөйлесіп келе жатқандай сыңай танытамын.
asaubota
сол кездегі психологиясын түсінгім келеді. зорлап кетеді деп ойлау ма әлде артымнан қарамасын, тез өтіп кетсін дей ме?
bizbike
психология қарапайым қорқады, ұрлықтан, соққыдан, зорлаудан неден болса да
ruben
 just for laughs-тың бір эпизоды іме түсіп кетті,.
asaubota
бөліс. біз де күлейік.
kazkozha
Менімен көп адам келіспес бірақ өз ойым қазіргі таңда зорлыққа ұшырап жатқан қыз келіншектер өздері кінәлі деп санаймын. Себеп сұрайтын боларсыз әрине бар:
Көз алдыңызға елестетіңізші көшенің екі бетімен екі өыз кетіп барады, оң жағында Хиджап кимесе де әуретті жерлерін жауып қымптап киінген, ал екінші бетінде қысқа юбка, көкірегі торсиып сыртқа шығып кетейін деп тұр, Беті-аузы барынша боялған. Енді сұрақ мына екі қаздың бірінншісін зорламақ тұрмақ ол жайлы ойлаудың өзі ұят сияқты, ал екіншісін көргенде еріксізден ойың бұзылады. Мені көрдіңбе? Мені қалайсыңба? Қолың жетсе сендікпін деп кетіп барады… Ал осы мүсінді көргенде қозбаған еркек еркек емес әтек шығар. Өзі сұранып тұрған адамды солай ету дұрыс та шығар мүмкін… Қалай ойлайсыз???
Simona
Сондa бiздiң еркектер мaл мa өз-өзiн ұстaй aлмaйтын? Хaйуaннaн не aртықшылығы қaлды сондa? Жaнуaрлық түйсiгiн игере aлмaғaн aдaм, негiзi қaрaңғы нaдaн, тәрбиеден aдa қaлғaн мaл.
Ондaй нaдaндaрдың ойыншa әйелге aдaм құқығығын тек хиджaп бередi (aмебa деңгейiндегi ойлaу қaбiлет) Сaуды-Aрaбиясынa, Ирaнғa не Aуғaныстaнғa кетсе тiптi күштi болaр едi. Ол жaқтa зорлық жaсaғaн еркектi өлтiрiп те тaстaйды-мыс. Өйткенi еркек емес. Сондaй жaзaны бiзге де тезiрек еңгiзсе нұр үстiне нұр болaр едi!
ken
Сондa бiздiң еркектер мaл мa өз-өзiн ұстaй aлмaйтын? Хaйуaннaн не aртықшылығы қaлды сондa? Жaнуaрлық түйсiгiн игере aлмaғaн aдaм, негiзi қaрaңғы нaдaн, тәрбиеден aдa қaлғaн мaл
адамның бірә тәрбиелі, көреген деп кім айтты?
«біздің еркектер» дейсің, қаны ешкіммен араласпаған Германиялық таза немістердің арасында зорлық жасайтындары жоқ деп айта аласың ба? күмәндімін, айта алатыныңа.

Ондaй нaдaндaрдың ойыншa әйелге aдaм құқығығын тек хиджaп бередi (aмебa деңгейiндегi ойлaу қaбiлет)
кешір, бірақ мына сөзіңнен даналық көріп тұрғам жоқ. қайта керісінше болып тұрған секілді.

сосын көшеден тырсылдаған юбкадағы әдемі көтен мен торсиған емшектерді көргенде, бағыты дұрыс еркектің басым көпшілігінің ойына секс келеді. өйткені табиғаты/жаратылысы әубастан солай екен. табиғатына қарсы шығудың жақсылыққа алып бармайтынын көріп жүрміз. оған гомосексуализм мысал бола алады. ал жаратылысына қарсы шығу — Жаратушысына қарсы шығу деген сөз.
kazkozha
Симона қарындас менің сізге беретін азғана ақылым бірінші сөздің мәнін түсініп оқыңыз. Хиджап кисін делінген жер бар ма менің жазбамда? Мен жақында болған бір оқиғаны айтып берейін. «Жақында бір қалаішілік тасымал автобусына мінген едім сол автобуықа мір қазақтың қаракөз қызы мінді. Ана қыздың беті аулақ бұтына киген юбкасы ббір қарыс та шықпайдыау шықпайды… Кондуктор жолақысын сұрап келгенде қолындағы сумочкасын түсіріп алды, енді жаңағы сөмкешесін алу үшін еңкейгенде ана қызға еркектер тұрмақ бүкіл әйелдердің өзі еріксіз назар аударды. ішінен киіп алған ішкиімінің әр қыртысы, әр нүктесі анық көрініп тұрды. Ал бұған не дейсіз??? Мына көрініске шыдамаған бір егде тартқан әйел (яғни әже) ашулы дауыспен „шырағым ақыры көрсететінің бар екен бетіңді бояй бермей к… тіңді де бояп алмадың ба?!“ деп қалды кейіп» Ал енді кімнің МАЛ екенін маған айтып берші өтініш
Simona
Мaғaн не дейсiз ендi?
Со жерде зорлaп жiберсем обaл жоқ дегiңiз келедi ме?
Үйiнде тәрбиесi берiк болмaғaны дa. Қысқa етек кидi екен деп зорлықпен жaзaлaу керек дегiңiз келдi ме?
Қaрaмaңыз оғaн. Көрген нәрсе көзiңiзге күйiк болсa, aйтудaн тaртынбaңыз.
ruben
сонша суреттегеніңе қарағанда, көз зинасын от души жіберіпсің. көздерің былшықтанып қалған жоқ па?
мү'мин ретінде, сөздерің соған келеді — хиджапты поекстпен пихайттағаныңа бола, яғни — әлгі оқиғаны тобалап, баяғыда ұмытып кетуің керек еді. пып-практик мұсылман ретінде, әсіресе.
Simona
Германиялық таза немістердің арасында зорлық жасайтындары жоқ деп айта аласың ба?
Бaр, ондaйлaр әр жерде бaр. Бiрaқ олaрдың киiмiне қaрaп, aжырaтып, қыздaрды сорттaуынa күмәндaнaмын. Және де осындaй пiкiрлердi тек қaзaқ ғaлaмтор кеңiстiгiнен ғaнa оқыдым, сондықтaн «Бiздiң еркектер».
табиғатына қарсы шығудың жақсылыққа алып бармайтынын көріп жүрміз. оған гомосексуализм мысал бола алады.

Қaтелесесiз! Оғaн зорлaушылaр ең aлғы мысaл.

Сондa сiз тырсылдaғaн юбкa киген қызды жaлғыз көре сaлa, секс ойыңызғa келе сaлa, зорлaй бaстaйсыз бa? Яғни кешкi бiр уaқыттa, көшеде қысқa көйлектi қызды кездестiрдiңiз делiк, шaп берiп жaуыздық жaсaп кетесiз бе? Немесе осындaй нaдaндықты қолдaйсыз бa? Көнбесе ше? Ұрып-тепкiлеп, өлтiрiп кетуден де кетәрысiз бa? Тырсылдаған юбкадағы әдемі көтен мен торсиған емшектері көрiнген қыз aдaм қaтaрлы көрмейсiз яғни?

Дұрыс түсiндiм бе сiздiң көзқaрaсыңызды?

Көшеде кетiп бaрa жaтқaн, тырсылдаған юбкадағы торсиған емшектерi көрiнген қыз зорлықты қaлaп тұр дептi.

Қaзiргi тaңдa кiшкентaй бaлa зорлaғыштaр көбейiп кеттi. Олaр дa көшеде бaқылaусыз жaлғыз ойнaп жүрген бaлaлaрды зорлaп кетуге болaды деп қaбылдaсa керек. Олaр дa тaбиғaтынa бой берудi жөн көрген болсa керек.
Қaте түсiнбеңiз, мен қыздaр жaппaй тырсылдаған юбка киiп, әдемі көтен мен торсиған емшектерін көрсетуiн еш қолдaмaймын.

Адaмның тәнiне қол сұғылмаушылық деген бaр. Бiреудiң тәнiне зaрaр келтiруге ешкiмнiң ешқaндaй дa құқығы жоқ!
Зорлaушылaр өзiн кiм деп сaнaйды екен, хaқты қaйдaн aлaды екен, қысқa юбкa кидi екен деп, құқық бұзып, бaсқaның тәнiне және психикaлық тұрғыдa зиaн келтiруге?
bizbike
Алматыдағы жасөспірімдер колониясындағылардың дені сол зорлау үшін отырғандар. Елестетіп көріңізші не бары 14-18 жас аралығындағы балалар… Біреулері он жасар баланы біраз уақыт бойы зорлап жүріп, оны іздеп жатқанын білгенде өлтіріп тастапты. Біреулер бомжды зорлапты, ол жетпегендей артына шөлмек тығып қойыпты. Жастары не бары 14 пен 18 дің арасында, біздің қоғамда кімдер өсіп келе жатыр. Мында тіпті әйелдің киімінің еш қатысы жоқ, зорлайын деген адам ер баланы, бомж ер кісіні зорлаған. Қорқынышты ғой
Adiletshu
Колонияға түскендер әбизөк зорланады деп естіп ем. Адам зорлап түсті ма, басқа қылмыс жасады ма қарамайды екен деп
ken
Киімнің тікелей қатысы жоқ та шығар. Бірақ еш қатысы жоқ дей алмаймын.
14 жастағы жасжеткіншек. Көшеден қысқа-юбкадағы керемет сұлу қызды көреді. Құмарлығы оянады. Бірақ ол қыздан тоят алмақ түгілі, тіпті аяғын ұстап көруге де оған рұқсат жоқ. Бір ғана рет емес, бұл жағдай ол балада үнемі қайталанады. Содан ол балада ашу-ыза, кек пайда болады. Өйткені қыз көз алдында тұр, бірақ ол қолжетімсіз. Содан ол не істейді. Қызды күшпен алады. Немесе қызбен мүмкіндік болмаса, құмарлығын өзі әлі жететін 10 жасар бала арқылы қанағаттандырады. Немесе бірнешеуі бірігіп бомжды зорлайды. Ал сен «Киімнің еш қатысы жоқ. Өйткені бомжды зорлаған" дейсің. Олардың құмарлығын оятқан бомж емес. Бомж тек құмарлықты қанағаттандырушы объекті ғана. Құмарлықты көтендер мен мәмелер әлдеқашан оятып қойған. Қанағаттандыруға басқа мүмкіндік жоқ болғандықтан таңдау бомжға немесе әлсіз балаға түскен.
Әрине, секісқұмарлыққа тек киім ғана алып барады демеймін. Бұл біреуі ғана.
bizbike
мұсылман елдері деп жүрген, қыздарының бәрі оранып жүрген елдерде де зорлайды, сонда олардың құмарлығын оятатын не екен?
ken
Ол елдерде де жасөспірімдер бомж бен өздерінен кіші балаларды зорлапты ма? Мұсылман елдерінде зорлықтың ондай түрі болды дегенді өз басым естімеппін. Олардың жасөспірімдері зоофилияға дейін барса да ер адамды зорлауға дейін бармайды, меніңше. Азғындықтың ондай түрі көбіне мұсылман емес елдерде орын алып жатады.

Дегенмен ол елдерде де зорлау бар, әрине. Ол жақтағы зорлаушылардың құмарлығын оятатын не деп сұрапсыз.
Олардың құмарлығын көшеде көрмесе де басқа жерлерден (кино, интернет, секс-әңгімелерден) көрген/естіген оранбаған тәтелер оятады да, не болушы еді))). Мысалы, мен өзім ер мен әйел арасында сондай қатынастың болатынын сыныптастарым арқылы білгенмін. (Ол кезде қыздар қазіргідей секси киінбейтін). Сыныптастарым көрген киноларын/естігендерін айтатын. Сондай киноны өз көзіммен көрмегенімше олардың сөзіне сенбей келдім. Олардың айтқандары маған ойдан құрастырылған өтірік сияқты көрінетін. Бірақ олар айтып жатқан кезде, олардың сөздеріне сенбей тұрсам да, сол сәтте құмарлығым оянып тұратын.

Мен бұл жерде бәріне тек әйелдер кінәлі деп отырған жоқпын. Жәй зорлаудың туындау себептерін қарастырып көрейін дегенмін.
Қысқасы, егер діни көзқарастан айтсақ, себеп – имансыздық. Екі жаққа да қатысты.
Ал былайша айтқанда адамгершіліктің төмендігінен шығар.

Бір жағынан қарап отырсаң, зорлау, отбасындағы әлімжеттік бүгін ғана пайда болып отырған нәрсе емес. Бұрыннан бар нәрсе. Адамзаттың ақырына дейін бола да береді. Тек арасында кейде бәсеңдеп, кейде күшейіп отыратын болу керек, түрлі себептерге байланысты.
asaubota
мұсылман елдерде және діни жамағаттар ішінде гомосектік жақсы дамыған.
bizbike
сондай адамдарды танисыз ба? ол үлкен күнә ғой, расымен біліп, көрмеген соң, нақ басып айту қиын
asaubota
Түркияда 7 жыл оқыдым. сондайлар туралы еститінмін, журналдан да оқыдым. кейін жамағат ішінде де бар екенін білген кезде қаштым. жамағат ішіндегі бір голубой ішіп алып бір қызға бәрін айтып қойыпты. ана қызға ешкімге айтпа депті. ол тек жігітіне айтты. ал оның жігіті менің досым. менің де достарым бар дегендей, обшым ешкімге айтқан жоқпыз
Hetrou
Қыртыпсыңдар нах. Сол әйел зорлағыштар қылмыс үстінде қолыма түссе бауыздап жіберер едім.
Simona
Азғындықтың ондай түрі көбіне мұсылман емес елдерде орын алып жатады.
Дaлбaсa сөз.

Әйелдердiң бетi тұрмaқ, тiптi көздерiне дейiн жaуып жүретiн Aуғaныстaндaғы жaғдaй осы. Әйелдерiн қымтaлaғaнын қaйтейiн, жaс бозбaлaлaрын жезөкшелiкке итермелесе?



Жaс бaлa қызды көрiп қозып, бaсқaсынa тиiседi деген де орынсыз. Әйел тәнiн ешқaшaн көрмеген жaсөспiрiмдерде жыныстық жетiлiс тоқтaп қaлғaндaй.
ken
Симона, сонда, сенiңше, мына видеолар азғындықтың ол түрі КӨБІНЕ мұсылман елдерде кездеседі дегендi бiлдiредi ме?

Әйел тәнін көрмеген баланың қалай секісқұмарланатыны туралы өзімнің тәжірибемде жаздым емес пе.

Негiзi, жазылғанды оқыр алдында терең тыныс алып, ішіңнен «сабыр. сабыр. сабыр» деп барып (егер жалғыз болсаң, дауыстап айта беруге болады), оқу керек сияқты саған. А то мәтіннен ондағы жазылған магыганы емес, өзің көргің келген мағынаны алудасың. Жоғарыда да осылай қуыңқырап кеткен едің.
Simona
Құдaй — зорлық-зомбылықты aқтaп-жaқтaуғa тырысқaн aдaмдaрғa сaбыр, aқыл-пaрaсaт берсiн.
Simona
Египетте «демокрaтия» үшiн демонстрaцияғa шыққaндaрдың aрaсындa дa хaйуaндaр бaршылық екен. Еуропaдa aты шулы соңғы күндерi. Көп әйелдер зорлaнғaн. Ужсс.
bizbike
жоқ ол елдерде ер баланы, бомжды зорлау болады деп жазбап едім. Көбінесе кәмелетке толмаған 12-14 тегі қыздарды тұрмысқа береді, әрине олар әлі оң-солын танымаған тіпті ата-анасына да қарсы шыға алмайды. Отбасы ішіндегі зорлықты айтып отырмын, сосын әйелін басқа біреуге қарағаны үшін мұрнын кесіп тастаған туралы естіген/көрген шығарсыз, ол да бір зорлықтың түрі ғой.
neoaskar
50 де 50. Ұрыс жанжалдың болуы оп-оңай, сосын әйелдер еркектерді кінәлауды, еркектер әйелдерді кінәлауды қойыңдар. кінә екі адамда да бірдей болады. айта берсең сөз көп, Өзім кейде таң қаламын, осы ұрыс-керіс керек пе деп, болмайтын нәрседе миыңды жей берсе, күн-күнде, сосын дыңқ еткізесің. болмаса, істеген тамағына шыныңды айтшы, тұзы кем болыпты деп, (тұзы шынымен кем болса да) ұрыс басталды дей бер.
torgai
Арпа ішіндегі жалғыз тарыдай жағдайларға бола бәріне күйе жағуға болмасы анық
bizbike
Қазақстандағы әйелдердің үштен бірі зорлыққа ұшырайды екен, арпа үштен бірі тары болып тұр ғой
torgai
Статистика дұрыс емес деп сенейік…
ruben
Бұл тақырып қозғалса болды, мінсіздер тәрбиеге, мін іздегегендер сенімге, иманға, әкеп тірейді. Ал, сана мен ерік-жігер туралы аз сөз айтылады. Кешіріңдер, тәрбие, болмаса иманың — тұрақты емес, имхо. Пай-мальчиктердің сәт сайын құбылғанын талай көрдім, әйтпесе күнделікті өмірде жүргенде — эстет, отырғанда — этикет адамдар. Ал актив мұсылмандарың «по сунне» деп жүріп, қарапайым ситуацияларда тупо бейислами әрекеттерге жиі барады. Сосын, Абай да бекер айтпаған шығар, «ақыл мен қайрат жол табар...» деп. Пәлсапаны суқаны сүймейтіндерге, діни де қайшы емес, Тин сүресі, 4-6-аяттарға қарап көріңдер. Тәпсірлесең қарапайым тілге, адам ақылы мен қайратын «по назначению» қолданар болса, періштелерді де артта тастай алады. Ал, топастық пен әлсіздік танытар болса, Симона әпшем айыптағандай малдан төмен түсіп кете алады.
Опшым, таяз әрі әлсіз адамдар көп. Әйтпесе, хаос теориясы насырға шаппаушы еді.
ken
Не ғой, Рубен, адамның имандық деңгейі оның діни амалдарды бұлжытпай орындауымен өлшенбесе керек.
Сосын сенің жазып отырғаның (ерік-жігер) діни тілмен айтылғанда иман деп айтылады емес пе енді? Егер пай-сальчик жезөкшеге барып қойса, бұл оның ерік-жігерінің төмендігінен. ал діни тілмен айтқанда иманының әлсіздігі болады.
Қысқасы, бір нәрсені екі түрлі сөзбен айтып отырмыз.
ZarinaUteeva
Еркек атаулы ға да әйел атаулыгада.Ынсап берсін. От басындағы урыс керіс себептердің кесиринен тiрi жетімдер көбейіп кетпеуне жол бермейік.Еркектерге де әйелдерге де кулактарына алтын сырға. Перзенттерiмiздi ойлайык.