Сатыбалдыны жоқтаушыларға

Менiңше ешқандай ұйым, сайаси партия қозғалыс, құбылыс, т.б. бiр тұлғаға байлаулы болмауы тиiс. Ол үйiрлiк инстинктке жатады. "Қойшы өлiп қалса қойлар не қылмақ" дегендей. Кез келген ұйым беткеұстар мүшесiнен айрылған кезде бұрыңғы алған бойынан қайтпауы тиiс. Сол кеткен адамның орнын басатындай адамдарға толы болуы қажет.
Қазiргi Қазақстанның да жағдайы осындай. Президентiмiз өлiмнен үлкен емес, ол өлгенде бәрiмiз аңырақайып қалмай, орнына келетiн адамды дайын ұстауымыз ләзiм.
Бұған ең керемет мысал Мұхаммед пайғамбар. Ол өлген кезде арабтар асып-сасып не iстерiн бiлмей қалады. Сол кезде бiр сахаба тұрып, «Егер сендер пайғамбарға иман еткен болсаңдар, ол өлдi. Ал егер Алла тағалаға иман етсеңдер, ол мәңгi!» деген екен.
Сол сияқты, Керекинфо Сатыбалды бар кезде қандай тiрi едi, ол кеткенде де сондай қалпында қалуы керек деп ойлаймын. Себебi бәрiмiздiң мына торапта жиналған мақсатымыз елiмiзге тiлiмiзге жан ашығанымыз. Ол тiл өшсе, бiз де бiрге өшемiз. Ал өссе, бiз де бiрге өсемiз. Қатты кетсем кешiрiп қойыңдар!
Бөлісу:

18 пікір

Janasil
Недеген салыстырулар..
Beisek
Бұл ой әр деңгейде бар, көшедегi алқаштардан бастап, жоғарғы политикандарға дейiн. Алқаштармен де салыстыратын ой болды, бiрақ онсыз да жер болып жүрген жаратықтарды айтқанша бәрiмiз бiлетiн президенттi келтiрдiм. Шын мәнiсiнде еркiн, әрi көзi ашық адам ондайға(үйiрлiк инстинктке) бет бұрмайды. Мейлi ол кiм болсын, қоғамдық сатының қай бөлiгiнде тұрсын.
VKM
Сатыпалдыға тиіспеңдерші.Ол индивид.Қайда жүрсе де аман болсын©
Beisek
сатыбалды жай мысал ғана. оның орнына Назарбайыпты да қоюға болад.
torgai
Біздікі табыну емес. Тек оның сыны мен кекесіндерінің айрықша екені даусыз. Соны мойындағанымыз.
Beisek
культке айналдырдыңдар дегенiм жоқ қой
Hetrou
Не создай себе кумира. Ардақты Пайғамбарымыздың атын кез келген жерге жаза бермеңдерш осы.
Adiletshu
Жазса не болады?
Hetrou
Сатыбалдыны салыстыру енді…
Beisek
хетроу, ендi жақсылап түсiнуге тырыс. мен тұлғамен тұлғаны салыстырып жатқан жоқ едiм. бұл тақырыптың басты рычагы дейiн ба — сол тұлғаға қатысты қоғамның көзқарасы!
Hetrou
Ха-ха, Сатыбалдыны тұлғаға теңеп, осылай дауласып пост жазудың өзі күлкілі екен. А оно того стоит?-дейтін ед бір орыс әйел.
Beisek
сен қазақша тұлға деген сөздiң мағынасын бiлесiң бе өзi? тұлға — личность.
дауласып дейдi??!!
iнiм, не ғойй, жасың нешеде жасың?? 13-14те болса, жат, ертең сабақ! детское время кончилось дейдi бiр орыс папа
Hetrou
Бейсекжан, будь собой. Ешкімге табынбай да өмір сүруге болады.
Adiletshu
Сатыбалды тірі. Ол әрқайсымыздың жүрегімізде деп голивудтық кинолардағыдай қуып кетсен а?
Armanjan
Жазба мен пікірлерге қарап отсаң "Өлгеннің артынан өлмек жоқ, тірі тірлігін жасайды" дегенге келіңкіреп барад.
Aya
Сатыбалды маған Бауыржан Момышұлы сияқты елестейді
zhas_kazakh
Сатыбалды біздің ауылдың қатындарына ұқсайд, біздің ауылда ондайлар көөөөп, бірақ олар дінге тіл тигізбейді. Сатыбалдыны Бауыржан атамызға ұқсату сұмдық екен.
zhas_kazakh
салыстыратын адамды тауыпсын адамда шекара деген болу керек кой