Чемпион болар күн қашан?
Сен салмадың мен салдым,
Қайырлы болсын сіздерге,
Бізден бұл қалған теңбіл доп.
-Уэйн Марк Руни
Қазтуғанша жырласақ: "Қайран да Қазақ футболы, Чемпион болар күн қайда?". Бүгінде 90-минут «синдромынан» кейін ұлт футболы жайлы әңгіме айтудан қалдық. Әлем чемпионатына қатысу бейне бір оқырманына жетпеген, жазылып бітпеген «поэма немесе эпопэя» секілді. Кейде кездейсоқ бір ой келеді. Алтыдағы баласынан алпыстағы шалына дейін ала доппен ауырған Еуропаға қосылмай-ақ, Азияда алшаңдай басып жүре бермедік пе деген.Қаржысын қайда жұмсарын білмеген атымтайлар ай қарап жүрген шақта, теңгеден теперіш көрген "Қайсарлықтар" ел премьер лигасына қатыса алмай отыр. Отандық аяқдоптың деңгейі қашан көтеріледі? Айтпақшы, биыл қуанышы мен жубанышы егіз қазақ футболына 100 жыл толды. 1913 жылы жас Мұхтар Әуезов құрамында болған алғашқы футбол командасының атауы «Ярыш» деп аталған-ды. Міне ұлы Мұхаң ойнаған қазақ футболы тұп-тура бір ғасырды артқа тастапты. Біз ғасырлар тоғысында неден ұттық, неден ұтылдық?
Тепсе темір үзетін кейбір жігіттер кеңсенің өзіне тиесілі креслосында жұртты келемеждеп, ақыл айтудан ары аса алмай жүр. Қалған жұрт букмекерлік кеңседе қаймана біреу үшін таңы айрылып бәс тігіп, тас-талқан болып ұтылуда. Тағы біразы, ұлттық құраманың ойынын тамашалап, өз бауырын жазғырудан шаршамайды да. Қисық тепкені үшін ойыншының денсаулығына диагноз қойып та үлгіреді. "Қисық", «20 градус», «судия сатқын», "қақпашы маймыл" дегендей… Соңғы кездері отандық клубтарда «келімсектер» қаптап кетті. Өз елі керексіз етіп тастаған «Лиганерлерді» тері, жүн жинағандай жинап тереміз. Мұндайды, «Жаман бұқа басына шөп үйеді» десек қателеспеспіз. Клубтар жекешелендірілмесе, сапалы ойын да, үздік ойыншы да қалыптаспайды. Онан ары ұлттық құрамаға "іріктеу" құмнан құдық қазғанмен бірдей.
Қазақтың ақкөңіл, меймандостығын асыра пайдаланып, шеттен басшы шақыруға құштармыз. "Қазаққа қазақтан басқа ешкімнің жаны ашымайды". Өзін қор, өзгені зор санаған әдеттен айрылар күн боларма? Шетте де аладоп қуалап жүрген қаншама қазақ жастары бар. Мәселен Қытайдың “Алтай” өлкесінде, қазақ жігіттерінен құралған командалар баршылық. Жергілікті “Қыран”, “Жастүлек” командаларындағы жігіттер Қытайдың ұлттық құрамасындағы жігіттерді шаң қаптырады. Мұнан тыс, Түркияда, Еуропа елдерінде жүрген жастардың басын қосу керек-ақ. Олардың қақырата соққан голдарынан ұлтымыздың осал еместігі көрініп тұрғандай. Бір қызығы тарихтан бері Қытай ұлттық құрамасы өз сапына ешқашан өзге ұлтттардан футболшы қабылдап көрмепті. Қазақ елінің байлығы шетте тарыдай шашылған 6-7 милион қазақ екендігін ескерсек, ертең олардың ішінен қарсыласының қақпасын шұрқ тесік ететін сұр мергендердің шықпасына кім кепіл?

7 пікір