Казахская - QWERTY


«Казахская — QWERTY» клавиатура нұсқасы «Microsoft keyboard layout creator» программасымен «Windows 7» жүйесінде жасалды. Орнату үшін архивті ашып, ішіндегі «Setup.exe»-ні іске қосу керек. «Панель инструментов»-тағы «Языковая панель — КК (казахский)»-дің қасына кішкентай клавиатураның белгісі шығып тұрады. Сол кнопканы басып ішінен «Казахская — QWERTY» таңдау керек. Кириллица мен латыншаны ауыстырудың горячий клавишасы: Ctrl+Shift. Өшіру үшін қайтадан «Setap.exe»-ні іске қосу керек. Сол жерде ағылшынша өшіру деген кнопка бар. Соны басса өзі өшіреді.
Казахская — QWERTY (502,2 кб): Жүктеу

*Ескерту: бұл бекітілген нұсқа емес
**казахская — орысшамнан қате кетсе де қазақшамнан қате кетпесін

Енді латын әліпбиінің өзіне келсек.
а — a, ә — ä, б — b, в — v, г — h, ғ — g, д — d, е — e, ё — yo, ж — j, з — z, и — iy, ïy, й — y, к — k, қ — q, л — l, м — m, н — n, ң — ñ, о — o, ө — ö, п — p, р — r, с — s, т — t, у — uw, üw, iw, ïw және w, ұ — u, ү — ü, ф — f, х — x, һ — x, ч — tc, ш — c, щ — cc, ц — ts, ы — i, і — ï, э — e, ю — yuw, yiw, я — ya.
Мен «и» деген әріп екі дыбыстан тұрады (ый, ій) және «у» әрпі бес түрлі болып оқылады (дауысты дыбыстан кейін дауыссыз «у», дауысты болып оқылатын жерлерде ұу, үу, ыу, іу) деп айтудан жалықпаймын. Себебі бұл тіліміздің ерекшелігі. Бұны кириллицада ескермеген. Сол себепті мен тек қана қысқа «й» мен дауыссыз «у»-ды қалдырдым.
"қ" мен "ғ", «к» мен «г» бір бірене жұп болып ұқсап тұрсын деп «q»-«g» және «k»-«h» деп белгіледім.
Қалған әріптер түсінікті ғой деп ойлаймын.
Мына жерде Дворак нұсқасы бар.
Бөлісу:

10 пікір

asaubota
бізге ыңғайлысы осы qwerty ғой. мен де өз нұсқама жасап көремін осындай.
Beisek
мен өткенде Дворакты орнаттым, жаман емес екен. Жұрттар айтад, «соқыр жазуды» qwerty-дi 3 жылда үйренсең, дворакты 56 сағатта үйренуге болад деп
nurjanbay
соқыр жазуды бір айда үйренгем. 3 жыл деген еріншектердің әңгімесі ғой.
nurjanbay
он саусақ әдісімен теруді үйрететін Stamina деген жақсы программа бар.
nauryzbek
а-a,
ә-ae,Ää
б-b,
в-v,
г-g,
ғ-gh,Ğğ
д-d,
е-e,
ж-zh,Žž
з-z,
и-i,
й-j,
к-k,
қ-q,
л-l,
м-m,
н-n,
ң-nh,ň
о-o,
ө-oe,Öö
п-p,
р-r,
с-s,
т-t,
у-w,
ұ-u,
ү-ue,Üü
ф-f,
х-x,
һ-h,
ц-c,
ч-ch,Çç
ш-sh,Şş
щ-sch,
ы-y,
і-i,
э-e,
ю-ju,
я-ja
осылай болса қалай болады?
Соңғы түзету:
nauryzbek
а-a,
ә-ae,Ää
б-b,
в-v,
г-g,
ғ-gh,Ğğ
д-d,
е-e,
ж-zh,Žž
з-z,
и-i,
й-j,
к-k,
қ-q,
л-l,
м-m,
н-n,
ң-nh,ň
о-o,
ө-oe,Öö
п-p,
р-r,
с-s,
т-t,
у-w,
ұ-u,
ү-ue,Üü
ф-f,
х-x,
һ-h,
ц-c,
ч-ch,Çç
ш-sh,Şş
щ-sch,
ы-y,
і-i,
э-e,
ю-ju,
я-ja
осылай болса қалай болады?
beka95
қазақша сөздерге ыңғайы келмейдіғоооо?
Abilakim
алдымен көшіп алайықшы. Сиырқұйымшақтанып кетпесе болды ғой.
bsheraly
Қазақтың қазіргі клавиатурасы негізінде жасауға болмайды ма? Әбден соған үйреніп қалдық қой?!
Куерти қалып, қазақтың төл әріптерін сол орнында қалдырғанда жақсы болар еді. Мысалы«Садақ сөзін жазғанда „Қ“ әріпін теру үшін қолым „0“ пернесіне кетіп қалады екен аутоматты түрде…