Қазақтар мен Спарталықтардың арасындағы параллель.

Әлемге әйгiлi Спaртaлықтaрдың рухы қaзaқтaрдa дa болғaн. Мысaлғa ежелгi Спaртaдa бaлaлaрды жетi жaсынaн соғысқa дaйындaп, қылышқa жaқын өскенiн қaлaғaн. Спaртaны қоршaйтын қaмaл сaлғызбaғaн. «Бiздiң қaмaл — бiздiң жaстaрымыздың қылышының ұшы» деген. Біз де ұлдарымызды екі жасынан атқа отырғызып, 7 жасынан садақ атқызып, 13 жасынан шайқасқа қатыстыратын болғанбыз. Нaғыз қaзaқ соғыстaғы бaтылдықты қaтты бaғaлaғaн.

Спaртaдa бaсқa Юнaн қaлaлaрынa қaрaғaндa әйелдi ерекше сыйлaғaн. Соны бaйқaғaн Aфинaлық әйел Спaртaлық әйелге: «Нелiктен ерлерiң сендердi соншa құрметтейдi?» дегенiне «Ендi ше! Нaғыз еркектердi бiз емес пе дүниеге әкелетiн!» деп жaуaп қaтқaн болaтын. Бiздiң әйелдер де ешқaшaн еркектен aсуғa тaлпынбaғaн, 10-12 бaлa тусa дa, олaр керек кезiнде соғыстa өжеттiк тaнытқaн Бопaй хaнымдaй болғaн. Нaғыз қaзaқтың әйелi күйеуiнiң дегенiнен шықпaйтын, қырсықтық тaнытпaйтын. Хaн Шыңғыстың қaтыны Бөрте де бaйын Тaңғұттaр тұтқынынaн құтқaрғaн болaтын. Бiздiң ерлерiмiздiң ұлылығы — әйелдерiмiздiң дaнaлығының негiзiнде болғaн.

Спарталықтарды юнан елі Лакедемондық деп атайтын болған. Олар сөзге шеберлікті, шешендікті ерекше сүйген. Лакедемондық сөзінен қазіргі «лаконичность» деген ұғым пайда болған. Лаконичность – «қысқа әрі нұсқа сөйлеу» деген мағынаны білдіреді. Біздің қазақ та орақ тілді от ауызды халық. Сөзі сүйектен өтетін ақын-шешендерге еліміз бай.

Спарталықтар әділдікке мән берген. Олар өз патшаларының қатесін бетке айтып кінәлеп, мін таға алатын болған. Менің қазағым да «Дат тақсыр!» деп, ханға қарап қараның мұңын жеткізе алған. Ешқандай хан ондай мінді бетпақтыққа тең көрмеген. Мінді қабылдап, соған қатысты амал істейтін болған. Әр ханның қасында замандас жыраулары болған. Көшпенділер трилогиясын оқысақ, Қасым ханның Асан қайғысы, Абылай ханның Бұқар жырауы болғанын білеміз. Олар да патшаға ақылын айтып, ащы шындыққа көзін қаратқан.

Қaзaқ ерiншек деген сөзге де aйтaр контр-аргумент сөзім бaр. Қaзaқ ешқaшaн ерiншек болғaн емес! Көшпендi ерiншек болa aлмaйды, ерiншек көшпендi болa aлмaйды. Өзiңiз ойлaңыз, жaздың ыстығынa, қыстың ызғaрынa төзiп, aзaнмен мaлды өрiске aйдaп, кешкiсiн қaйтaрып, көк бөрiмен aлысып, қaрaқшымен жұлысып, дaлa өмiрiн aттың үстiнде өткiзген. Мұндaй режимге қaлaлықтaрдың көбi шыдaй aлмaйды. Аллаһ тағаланың хикметі сонша, халқы аз қазақты жаудан қорғау үшін көшпенді болуды нәсіп еткен. Көшпенділер қала салмағанының арқасында осыншама жерді басқыншыдан азат етіп алып қалған. Тастан салынған қала болса, жаулауға мақсат бар. Қала болмаса, қуалап жүріп 1-2 ауылды өртеп қиратасың, келесі жылы келсең сол жерді қазекең қайтадан қоныстанып алған. Басқыншы

желмен күрескендей болып, өзінің күші таусылады. Өзі қамал салайын десе, біріншіден ұзаққа созылады, екіншіден қалалық өмірге әбден үйренген жұмсақ денелілерді сыпыртқымен қусаң да қаладан асып ешқайда кеткісі келмейді. Орыс императоры мынадай қулыққа барған: өз халқын қарызға батырып күн көрсетпеген, кейін «Қарызыңнан құтылғың келсе, қамалға барып тұр. Үстіне бірнеше десятина жер қосып береміз» деп алдаған. (Бұны сіз Пушкиннің «Капитанская дочь» кітабынан көре аласыз.) Сосын амал жоқ көккөздер келіп елімізге қоныстанған.

Халқым саған айтарым: көшпенділік тарихынан ұялмау керек. Сізге біреу көшпенді салтын мазақтап сөйлесе айт: «Көшпендіден тер шыққанда, отырықшыдан жан шығады»

Өлетін адам өледі, ажалды алдап өтер ешкім жоқ. Бірақ тірі кезімізде халыққа қызмет етуіміз лазым! Адамнан алғыс алған Аллаһтан қарғыс алмас. Қазіргі жаңа заманға нық басып, демократиялық қоғамды орнатып, халқымыз бейбіт өмір сүруі қажет.
Бөлісу:

18 пікір

neoaskar
жақсы жазылған, көшпенділерді қайтадан түсіру керек, кәдімгі көшпенділер етіп, Қазақ қашанда қазақ. Ұлттың ұлттан артықшылығы болмайды, тек иманы мен адамгершілігі жоғары…
asaubota
былай жалпы тарихта тек біз немесе гректер ғана емес көптеген халықтар батыр болған. тым біржақты салыстыру сияқты мынау.
Beisek
баурым, мен басқа халықтар туралы ештене айтпадым гой! жай қазақ пен спарталық арасындағы ұқсастықты баяндадым. түгелдей оқысаң тек батылдық туралы жазылмаған
ken
спарталықтардың аты тарихта қалса, ол — олардың сол кездегi супердержава Персиямен қырғын соғысқанынан. ал қазақтар қай алып елмен соғысты? немесе кiмдi шапты?
Beisek
аталарымыздың 100 жыл бойы жонғар шапқыншылыгына қарсы күрескенi ше?
ken
олай болса жоңғар/қалмақтарды да әлгi спарталықтарға ұқсатуға болады екен
Beisek
ұқсатсаң ұқсат, кен мырза. мен жоңғар емеспiн сондықтан өз халқым туралы жаздым
temir1986
қазақ қазақ болғалы өткен соғыстар сонда не дымға тұрмайдыма
Olzhass
өкінішке орай сол мінездерімізден жұрнақ та қалмады.
neoaskar
Қай халыққа жұрнақ қалып жатыр екен. Құдайға шүкір халқымыздың әлі де болса, қазақилығы бар. қазағымның осынау дархан мінезсінен Құдай айырмасын. шала бүлінбейік. адамның тағдыры өзінен ғой, жақсы боламын десе де, жаман боламын десе де.
Barsa
Сенің жазбаларыңнан түсінгенім, мақсатың Көшпенділікті насихаттау, оның да өзге өркениеттер секілдіөз пәлсапасы, мәдениеті, артықшылықтары болғанын баяндау секілді. Олай болса, бағырем, көбірек оқысайшы. Әсіресе, көшпенділердің дүниетанымын, наным-сенімін оқы. Мұхтар Мағауинның туындылары бар, орыстардың өлкетанушылары бар солар нақты жазады. Әйтпесе, сенің аргументтерің тым әлсіз және кереғар.
Beisek
мақсатың Көшпенділікті насихаттау
жоқ, көшпендiлiктi насихаттап қайда асам? қазiр бәрiмiз қалада тұрамыз. тарихымыздан ұялмау керек деймiн.
Мұхтар Мағауинның туындылары бар, орыстардың өлкетанушылары бар солар нақты жазады.
рахмет, оқим
Әйтпесе, сенің аргументтерің тым әлсіз және кереғар.
нақтырақ айтқанда…
mercedes
ТөҺ… Не деген сөздер
<a target="_blank" href="http://smayliki.ru/smilie-863227527.html"><img src="http://s14.rimg.info/04a4def01912de6b12d0cf78a95af6f8.gif" ></a>
ruben
«Юнан, юнан» дегеніңе қарағанда, гректерге айдалып қалған бір түріктен сусындаған секілдісің ғой
Beisek
юнан дегенде тұрған не бар? түрiктердiң атаған аты ғой. негiзi олар өздерiн эллин дейдi. ал Юнанстанды Эллада