Жеті нан
Жеті нан
… Күнделікті тірлік сол: түн ортасына дейін әңгіме соғып, интернет ақтарып, сәріде безілдеген будильниктен қинала оянып, төсектен тұра сап, апыл-ғұпыл жуынып, «таңғы ас тәңірден» деп жұмысқа тартамыз…
Бүгін күндегіден де ерте тұрып, жұмысқа асықтым. Кіреберіске шыққаным сол екен тамаша бір иіс танауды жарып жіберді… Кәдімгі бауырсақ иісі! Тас қалада жүріп ұмытыңқырап та қалғандаймыз ба, балалықтың тәтті иісін… Екінші қабаттан төмен сырғи берген едім, қаптал есік ашылып үйден бір әже шыға келді.
— Балам, бүгін жұма ғой, жеті шелпек пісіргем, ала ғой, жұмысқа барып жерсіңдер…
… Жадымнан сүртіле қоймаса да бұлдыр-бұлдыр елеске сіңе бастаған тәтті естеліктер сақтаулы санамның бөлігі сартылдап жұмыс жасай жөнелді…
Ауылда
… Біздің балалық ауылда өтті. Кәдімгі шаңы бұрқырап жататын Қызанда. Анашым әр аптаның жұмасында жеті шелпек пісіретін. Отқа түсе жаздап, етегіне орала берген маған қамырдан созып тоқаш жасап беретін. Қызара бөртіп әбден піскенше күте алмай, табаққа түсе бергенде қақшып алып, одан тоқаштың қол қарыған ыстықтығына шыдай алмай май топыраққа түсіріп алып зар қағам. Анашым тоқашты алып, етегіне сүртеді де, «бар болғыр-ау, күйіп өлемісің, шиге шаншып ал» деп қайта береді… Енді бір айналып келгенде қызыл күрең шелпек нандар, сары домалақ бауырсақтар үйіліп қалады. Шелпек нанның біразын алып, табаққа салып береді. «Көршілерге тарат» Дархан ғой, ауыл…
БҰЙДА БҰРУ
Әлеуметтік желілердегі достарым көрген болар, жазда ауылға барғанымда қарындасым Нұржауғанды қасыма алып түскен суретім бар. Ауылдың формасымен, кәдімгі. Мәйкі, жалаң аяқ… Нұржауғаным айнымайды менен. Кішкене кезінде тілі тәтті-ақ болды. (Қазір де ақылды бала боп өсіп келеді, әрине)
… Бір күні Нұржауғанды әжесі, менің Анашым көршілерге жеті нан таратуға жұмсайды. Өзі елгезек-ақ. Кетеді құлдыраңдап жүгіріп. Аздан соң оралады, екі қалтасы кәмпитке толы. Үлкендер мән бермейді бұған. Қызықтың көкесі, кешке қарай болады. Көршіміз Сәнімхан деген апамыз болатын, Нұржауғанның қызықты қылығын сол кісі айтты. Көрші апамыздың үйіне барған Нұржауған әжесінің аманатын орындаған соң да бөгеліп тұрып қалады. Сәнімхан апам да байқамаған боп, шаруасына айнала береді. Бір кезде шыдамы таусылған кішкентай үлкен кісі құсап «Һмм» деп дыбыс берді дейді. Содан Сәнімхан апам белін жазып, кішкентай көршіге қарап:
— Ой, Нұржауған, сен әлі тұрмысың, қалқам-ау, кірсейші босағада тұрмай -, десе, Нұрекең жәйімен ғана
— Сәнімхан апа, сіздер нан таратқан балаға кәмпит бермейсіздер ма не-, депті
Аядай ауылға аңыздай тарап кетіпті қарындасымның тәтті тілінен шыққан әлгі сөз.
Ақтауда
… Ақтауда оқыдым, біршама уақыт жұмыс жасадым. 26 шағынаудандағы, 6 – үйде 8 жыл тұрдым. Бір кіреберісте 10 пәтер бар. Көпшілігі қазақ, екі орыс, бір орыстанған қазақ болды көршілеріміз. Апатайым да аптасына иіс шығарып, жеті нан пісіреді. Мен нан таратамын. Кейде қазақ ағайындар үйінде болмаған кездерде славян текті сыбайларыма да соға кетем. Богдан деген немересі бар, жоғары қабатта тұратын орыстың. Бір барғанымда үй иесінің өзі алып жатып «рақмет» деді, қасындағы сары үрпек те қайталады сол сөзді. Содан босағада тұрып ап, бар орысшаммен түсіндірейін. «Рахмет» емес, «қабыл болсын» деу керек деп. Атасы тура сол жерде тұрып Богданға үйретті. Жұлымыр неме қағып алды, «кавл болсын» дейді тақылдап…
… Бір күні жұмыстан келе жатсам, есік алдында ойнап отырған Богдан жүгіріп кеп, қолын ұсынды, «привет, кавл болсын» дейді, жүгірмек. Мырс еттім…
БҰЙДА БҰРУ
Ақтаулық «жайдарманшылар» бар, есімдері елге белгілі «Барыстар» құрамасы. Сол жігіттердің бір әдемі, қазақы қалжыңы бар. Орыс ертегісі бар ғой «Бауырсақ» деген. Соның желісімен кеп «бауырсақ» түлкіге тұтылады. Жатталып қалған сөздер ғой, түлкі жейтінін айтады. Бауырсақ болса, «сен мені жей алмайсың, ағаларыма айтам» дейді, түлкі таңырқап, «ағаларың кім» десе, сахнаға төрт жігіт шыға келеді: «Біз жеті нанбыз, қалған үшеуімізді таратып жіберген» дейді. Тапқыр ғой, жігіттер!
Астанада
… Бөгеліп барып «рахмеее… ой, әже қабыл болсын» дедім сасқалақтап. Жеті нан таратпағалы жылдың жүзі бопты, тіпті не деу керегін де ұмыта бастаппын… Бағанағы үйдің кіре берісіне жайылған иістің иесі менің қолыма көшті, Әжемнің наны ыстық екен, тура Қызандағыдай. Автобустағы жұрт бетіме бір, қалымдағы пакетке бір қарап қояды. Түсер кезде жолсерік шыдай алмады, білем: «Енді түсіп кетпесеңіз бауырсағыңздан беріңізші дегім кеп тұрған, иісі қандай тәтті» деді. «Бүгін жұма ғой» дедім іштей…
Бір жапырақ шелпектің берекелісін айтсаңызшы, редакциядағы жұрттың бәріне жетті. «Қабыл болсын» десіп жатыр әріптестерім, «әумин» деп қоям…
БҰЙДА БҰРУ
Елде жүрген кезім-тін. Астанада келген бір ағамыз әңгімесінің арасында өз басынан кешкен қызығын айтты. Ауылдан бас қалаға көшіп барып, орналасқан соң жеңгеміз жеті нан пісіріпті. Содан жұмсайтын бала болмай ағамның өзі шығады нан таратуға. Бір көршісінің есігін қағып, аштырып, шелпектің бірін ұсынса әлгі «бұл не, біздің үйде нан бар» депті… «Шалқамнан түсе жаздадым» дейді Ағам.
Жұма берекелі болсын!
АА
11.01.2013, жұма
Астана қаласы

Бұйда бұруды айтсаңызшы. «Бұйданы» екі қазақтың бірі айта бермейді, төрт қазақтың үшеуі не екенін білмеуі де мүмкін…
Ауылда тұрғасын жұма сайын жеті нан пісіру қалыпты жағдай. Сондай кездері әжем мені алдына алып отырып: «Алданжан, ертең мен өлем, мен өлгесін, шешең жұмысбасты болып жұмада жеті нан пісіруді ұмытып кетпесін, есіне салып жүр, сосын менің моламның тұсынан жалпы молалардың қасынан өткенде бетіңді сипап өтуді ұмытпа» деп отыратын. Хооош, содан әжем бақилық болғаннан кейін, көпке дейін әдетім болып ед, күн сайын ұйқыдан тұрғанда ең алдымен «бүгін жұма ма, жеті нан пісіруді ұмытқан жоқсыңдар ма?» деп қақылдайтынмын.
Сосын, үйдің кенжесі болғасын, әкемнің шұлғауына шырмалып, қасында көп жүрдім, өзі қарсы да болмайтын-ды. Үйдегілер «машинаның дөңгелегі айналса, Алдан бірге айналады» деп мазақтайтын. Содан бір күні әкемнен қалмай машинасына мініп, аудан орталығына бара жатқанбыз. содан жолдағы орыс аралас тұратын ауылдың жанындағы орыс қорымдарының қасынан өтіп бара жатып, әкеме «Папа, мына молаларға да бет сипайын ба?» деп сұрадым. Әкем күліп жіберіп, «Сипай ғой, балам, орыстар да бір аунап түссін» дегені бар. Уоооот, жеті нанды пісіріп жүрміз-ау, ал, таратуды ұмытайын деген секілдіміз… ұят…
Пы.сы. Рахмет, Аза, әдемі жазба! шиге қадап жеген ыстық тоқашыңның дәмін сезгендей болдым. ӘСЕРЛІ!!!
Біздің жақта да мұндайды білмейді енді қазақиланып келедіғой бәлкім болашақта біле жатар және жеті нанды шелпек немесе жеті шелпек деп әр кім жұма сайын үйінде пісіреді ешкімге таратпайды негізі айтпағым бұл емес. Ақтөбеге келген алғашқы күндерімнің бірінде үйде жалғыз қалғам әлден уақытта есіктің қоңырауы басылды ашсам бір кішкене қыз қолында тарелкада жеті нан бар біреуін салфеткамен ұстап маған ұсынды мен алмадым керек емес деп ол бетіме таңқалған түрімен қарадыда кетіп қалды. Үйдегілер келгесін айтып едім осылай болды деп апам бір күлді де бізде солай оны қабыл болсын деп алу керектігін айтты содан бастап білдім жұма күні жеті нан тарататынын…
Шелпектің иісі менің мұрныма да келгендей болды. Біз де ауылда тұратын кезде жиі таратушы едік. Қазір мұнда да бейсенбі, жұма күндері тарқатамыз.
Автордың шеберлігіне ризамын. Тап-тұйнақтай, ердіре, ерте жүрді.
Керекинфода мұндай жазбалар көп жазыла бермейді…