Өтейбойдақ Ли Джонс. "Ноуқос"

Аффтарларымызды алдын ала сипаттап өту рәсімін бұл жолы да бұзақ емеспіз. Бірақ кейбір құрыған хуйламгерлеріміз туралы ләм деудің өзі қиянаттай көрінеді. Сондықтан ба, бүгінгі шығарма аффтары Өтейбойдақ Ли Джонсты оның жергілікті бір газетке берген сұқбатынан үзінді келтіріп таныстыра салуды қылшық көріп отырмыз.

...-Өтейбойдақ аға, әдебиетке қашан келдіңіз?

— Әдебиетке алдыңғыгүні таңертең келдім. Келсем, мұнда әліпті таяқ деп білмейтін Рюноскэ Мұртаза, Қажығұмар Воркута, Стратиллат Меңдешев сияқты малдар өріп жүр екен. Ойбай шешесс дедім мен бұл міскіндерді көріп, қаламды мен де тербейін ендеше! Тербемек түгілі, шайқайын ептібайымайдтың! Аналардыкін жазыпсыңдар ғой? Менікін де жариялаңдар лібә, Конституциялық Сотқа арыз жазбай тұрғанымда!..

Өтейбойдақ міне, осындай адам(((



Өтейбойдақ Ли Джонс. «Ноуқос»

— Фобиялар мен филияларды тізіп тауыспас болармыз сірә, — деді Парацельс Оңдасынов студенттерге, — жеті милар адамға тән — жеті милар ноуқос бар шығар бұл қуарған қу пәниде.

— Тіпті бар ғой, көшенің артында бұзақылар тұр деп қорқып, үнемі айналып жүретін де аурулар болады дейді ғой! — деді Мәриямкүл Скалли білгішсіп, сол қолымен айпадында Google-ден «фобиялар» деген сұрауын жасырмақ боп.

— Айтып тұрмын ғой, — деді болдыра бастаған Парацельс Оңдасынов, — жалпы бұлардың барлығын ауру деуге келіспейм өз тасым. Айталық: арғы көшеде бұзақы бар деп ойлау — науқас па, рационалдық па? Шынымен таяқ жеген шығар бір күні?

— Филияны айтсам, — деді Тоғызақ Хемингуэй орнынан тұрмастан, — гүлге ғашықпын дейтін қатындарға — оларға саусағыммен шошайтып, «флорафил» деп, тарқылдасам бола ма сонда?

— Әсте жоқ, әсте болмайды! — деп саңқ етті профессор Парацельс Оңдасынов, — тіпті болмайды! Ол қандай да бір қимылдық әрекетке көшкен жоқ қой? Гүлмен аймаласып мысалы?

— Мынау Анар Баллак аймаласад гүлдермен ендеше, тіпті солармен жатып жүр деген қауіп те бар! — деді қужақ Тоғызақ Хемингуэй алдында отырған Анарға қолын шошайтып. Аудитория жамырай күліп, Анар қорс-қорс кемсеңдеуге көшті.

— Кәні доғарыңдар! Осымен Фобиялар мен филиялар тақырыбы жабылды! Сендерге салса осы ғой, ептібайымайдтар! Тек айтарым: қоғамға осы филиялардың тек жыныстық әрекетке шақыратын түрлері қызық. Тағы айтарым, заттың латынша атауын тауып ал да, соған «фобия» деп қосып айтсаң бітті — жаңа аурудың түрін шығардым деп ойлай беріңдер!

— Лібәәә, Мейіргүлдің латыншасы қалай болады екен: Мейіргүлге бітівжүрмін! — деп қалды Тоғызақ Хемингуэй; қағаз-бумаларын жиып үлгірген профессор Парацельс болса, "өй, сен де бір..." деп қолын бір сілтеді де, шыға жөнелді.

«Осыгүнгі студенттер қызық, ыржақ-ыржақ етіп тіптен...». Профессор Парацельстің Тоғызаққа ашуы әлі тарқамай, қабағы қарс айрылған күйіндегі әжімі жазылмастан аяңдап келе жатыр еді.

Кенет… Кенет ауладағы бұрыннан жүретін шағын қар күрейтін трактордың қасынан өте бергенде… Қатты да қалды! Бұрын қалай мән бермеген? Әдетте қалағы даладай тракторлардан басқасын көрмеген Парацельске мына бір кішкене ғана мәшиненің сүйрік те нәзік, бірақ талдырмаш астауы сондай сүйкімді көрінді. Ал әрі-бері айналған кездегі грациясы тіпті елітіп жіберді. Тракторшы да қас қылғандай, жігіттік кезден жүрекке ыстық Брайан Адамыстың «It's for you» атты жақұтын қосып қойыпты. Ерік өзін әлдеқашан тастап кеткен профессор Парацельс құшағын ашып жіберіп, минитрактормен бірге айналсоқтап жүргеніне 6-7 минөт болған еді. Кейінірек шыққан бір топ студенттің арасынан Тоғызақ:

— Лібә ағай мұныңыз не, мотофилия дейміз бен мұныңызды? — деп айғайлаған кезде барып есін жиып, ұялғаннан пәлтесінің жағасын көтеріп жіберді де, бірбөлмелі сұрықсыз пәтеріндегі бойдақы өміріне қарай тайып тұрды…
Бөлісу:

10 пікір

Hetrou
Мынаны оқуға ерініп отқан. Бірақ басқа тақырыптарын оқығам. Былай көзі ашық жігіт сияқты ғо. Қыршаңқылығын қойып, білгенін басқа салаға жұмсаса ғо…
Marco
Ішіп алса көзінің ашық-жабықтығын байқау қиын. Ал ол үнемі ішіп жүреді…
a63a1
еее бәсеее!!! Көп еді болып оқып кетпегелі бұттан
Barsa
Гуглофилияға беріліп дәріс оқит десей. Болар, болар түрі…
mercedes
Ооо қош келдің Сатеке!
AL-ASTER
Сондықтан ба, бүгінгі шығарма аффтары Өтейбойдақ Ли Джонсты оның жергілікті бір газетке берген сұқбатынан үзінді келтіріп таныстыра салуды қылшық көріп отырмыз

Жөн -> Жүн -> Қылшық ->?