Шетелдіктер Хэтроу туралы немесе шынымен жезөкше кім
«Ақ Жайық» газетінде Лаура Сүлейменованың жазған осы бір мақаласын жіберіпті. Сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Әрине бұның бәрі баяғыдан-ақ белгілі нәрсе. Және тек бір қалада емес, еліміздің барлық жерлерінде бар нәрсе. Бірақ бәрінің де шегі бар секілді. Сол шекке жеткен де секілдіміз. Сонымен…
2012 жылдың 1 қарашасында Атырау облысында 6 419 шетел азаматы жұмыс жасаған, оның 90 пайызы Қашаған мен Теңіз жобаларында. Бір жыл бұрын трансұлттық компаниялар ҚР Президентінің жанындағы инвесторлар кеңесінің отырысында осы екі жобаға шетелдік мамандарды шектеусіз әкелу құқығына қол жеткізгенін еске сала кетейік.
Түсіндіре кетсек: 1-санат бойынша (бірінші басшылар) – 70 адам, 2-шісі бойынша 2081 (директорлардың орынбасары мен менеджерлер), 3-шісі бойынша 3 869 (инженерлік топ), және 4-шісі бойынша 399 (білігі жоғары жұмысшылар). Не десек те компаниялардың өздері меморгандарға дәл осы сандарды берген көрінеді.
АТЫРАУДА НЕДЕН ҚАУІПТЕНУ ҚАЖЕТ
Атырауда экспаттардың өздеріне не ұнамайтыны туралы бастайық. Мәлімет тақырыптық сайттардан алынған, ондай сайттар аз емес болып шықты. Бұған орай шетелдіктердің біреуі Атырауда бүгінде сәулетті офистер, жақсы қонақ үйлер мен жайлы мейрамханалар бар дейді. Бірақ: «Бұл қаланың екінші тұсы бар. Тұрғындардың көбісі 500 ден 1000 долларға дейін жалақы алғанына қарамастан нашар үйлерде тұрады – қымбат қала үшін бұндай ақша аз. Бұл жайт мұнай саласында жұмыс жасайтын шетелдіктерге жеккөрушілік сезімін туғызып отыр. Өкінішке орай түнде бардан шығып бара жатқан шетелдікке қоқан-лоққы көрсету жиі орын алады.»
«Менің досым ашық құдыққа түсіп, аяғын жарақаттап алды. Жердің бәрі шұрық-тесік, сондықтан абай болыңыз, әсіресе қараңғы түскенде», — деген кеңес береді екінші экспат. Бұған қоса ол таксиге отырмас бұрын бағасы жөнінде келісіп алуға кеңес береді: «Егер сіз қазақша не орысша білмесеңіз қиындау. Егер таксист сіздің шетелдік екеніңізді білсе, бағасын екі-үш есе көтеріп сұрауы мүмкін. Ең абзалы – алдын-ала бағасын біліп, таксиді қонақ үйге шақыру.»
ҚАЙДА БАРЫП ҚЫДЫРУҒА БОЛАДЫ
Оң өзгерістердің ішінен ол әуежайдағы ақысыз Wi-Fi-ды, ал назар аударарлық орындардан Еуропа мен Азияны бөліп тұрған көпірді атап өтті. «Сонымен қатар Жеңіс саябағында қыдыруға болады. Ол Авангард жақта, Renaissance қонақ үйінен екі шақырымдай жерде. Саябақ нашар күйде, әсер бермейді, бірақ тарих жөнінде түсінік береді – мұнда екінші дүниежүзілік соғыста қаза болғандарға мемориал қойылған. Жақын маңда шағын ойын-сауық бағы бар, бірақ оның ашық тұрғанын көрмеппін. Барлық бағыт бойынша тек қана күндіз серуендеуге кеңес беремін».
«Жергілікті қыздардың бұзылғандығы» жөніндегі пост та жазылыпты: «Олардың ешқайсысының бұл жігіттерді үйлерінде әйелдері мен балалары күтіп жүргенімен шаруасы жоқ. Әсіресе Қазақстанда бірнеше әйел алуға тыйым жоқ екенін ескерсек. Өз үйінде әйелі мен балалары уайымдап жүрген кезде, осында жергілікті әйелмен екінші отбасын құрып тұрып жатқандарды көп білемін. Егер сіз үйленген болсаңыз және Қазақстанға бара жатсаңыз, менің айтқанымды ескергеніңіз жөн. Мен бір емес, бірнеше рет шаңырақтың шайқалғанының куәсі болдым. Бірақ жақсы жағдай іздеген жас қыздарға кінә тақпаймын. Біздің жігіттерді де жақтап отырғаным жоқ. Жергілікті жігіттердің бізді жау көретінін сеземіз, әсіресе олар 60 жастағы шал мен 20 жасар қазақ қыздарды көргенде.»
Тағы бір посттан үзінді: «Америкалық қалашықтың орталықта орналасқанының өзін жергілікті тұрғындар жақтырмайды. Сондықтан сіз америкалық болсаңыз, абай болыңыз, әсіресе қараңғы түскенде.»
Әрине, тұрмыстық жайттарға да олар бей-жай емес: жергілікті супермаркетте жеміс пен ірімшіктің әдеттегі түрлерінің болмауы – құдай-ай! – оны үйден самолетпен әкелуге тура келеді.
МАСКҮНЕМ ДЖОН
Бұның бәрін әрине әртүрлі менталитет пен шетелдіктер мен жергілікті тұрғындарың табыстарын ескерсек түсінуге болады. Шынымен жының келетіні басқа. Меморгандардың тексеріс нәтижелерінде анықталғандай елге «менеджер» ретінде қарапайым жұмысшылар келіп, қазақстандық инженердің орнын басып отырады. Жұмысшы түгілі күмәнді адамдар келіп жатады.
Сондай «маман» туралы былтырғы жылдың қазанынан бастап мұнай компанияларының корпоративті сайттарын аралап жүрген хатта жазылған. Әңгімені отандық қызметкер өрбіткен, Қазақстанның бір жобасында жақын уақытқа дейін инженер болып істеген бұрынғы фермер Джон былайша құпиясымен бөліскен: «Джон өзінің Галфпорт қаласынынң маңындағы округтік түрмеде 7 жыл отырған. Миссисипи қаласындағы заң қатал, сондықтан ол мас күйінде барда біреуді бейсбол сақасымен соққыға жыққаны үшін аямай жазалаған. 2002 жылы босатылып, жергілікті шерифтің тіркеуінен мезгіл-мезгіл өтуі керек болған. Шериф ауысып, ол бұрынғы қызметтес Джим болып шығады. Вискидің кезекті шөлмегін ішкеннен соң Джим біздің кейіпкерден немен айналысатынын сұрайды. Джон шынын айтқан – біреудің қақпасын жөндеу, енді біреудің кондиционерін орнату, тағы біреуге фермада көмектесу дегендей. Сөйтіп ішкілікке салынып жүрген. Сонда шериф Джонға Қазақстанда жұмыс істейтін досы барын, ол жұмысқа кіруге көмектесе алатынын айтады. «Стан» сөзімен аяқталатын сөзді естіп Джон вискиге шашала жаздайды: есіне қанды Күрдістан, Пәкістан, Ауғаныстан түседі… ұзақ уақытқа дейін Қазақстан туралы естігісі де келмейді, бірақ Джим оны иландырады: тыныш ел, жұмысқа да алады, ал жалақың енді керемет болады деп.
«Білім, тәжірибе ше?» — деп сұрайды Жәке. «Қайдағы, күлкімді келтірмеші, — депті Джим.
— Ол үшінші әлем елі ғой, ол жерде оның қажеті жоқ. Жергіліктілер тиын-тебен үшін арқасы жазылмайды, ал сенің жұмысың бәрін басшылыққа жеткізу ғана. Инженер есебінде боласың, күніне мың доллардан аласың. Зейнеткерлік алдында жақсы салым емес пе?». «Қыздар жағы қалай екен? – деп қызығушылығын жасырмады Жәкең. – Арабтарда мысалы жергілікті қызбен жүргеніңді көрсе басың жұлынады. Онда қалай екен?» — «Онда тілегенің жетіп-артылады, — деп күледі Джим. – Өздері төсегіңе секіреді, шал екеніңе де қарамайды. Ойлайтындары: пәтер алып беретін шығар, тіпті Америкаға алып кетуі мүмкін. Жергілікті билікпен жұмыс визасы туралы келісу түк те емес – онда бұл шаруа жолға қойылған. Тіпті индус пен филлипиннен 500-1000 бак алуға жиіркенбейді, ал американдықтардан бес мыңнан кем алмайды. Бірақ оның бәрі ақталады».
Автор Джон Қазақстанда ірі жобаның инженері болып жеті жыл жасағанын айтып қорытындылайды. Ал ана шерифтің досы ірі кен орнында мұнай ұңғымаларын күрделі жөндеу бөлімінің үйлестірушісі болып істеп жатқан көрінеді.

Сосын, әңгіме еркек пен әйелдің қарым-қатынасы туралы болып жатса, шенеунік емес шығар экспаттардың астына қыз салып беріп жатқан.
Әділдік үшін айтылу керек шығар, өзіміздің мамандардың санын арттыру бағытында үлкен жұмыстар жүріп жатыр, тіпті, шетелдік компанияларда тек осы жұмыс үшін бір бүтін департаменттер отыр үкіметтің атынан. Жағдай қазір біраз түзелді.
Бізде ақша жоқ, технология жоқ және ең бастысы білікті мамандар жоқ, сондықтан әзірше олардан үйрену керек, оқу-тоқу керек экспаттың астына түскен жезөкшенің санын есептемей.