Қатарынан 4 "Алтын доп"

Бүгін Цюрих қаласында «Алтын доп» марапаттау рәсімі өтті. Нәтижесінде ең үздік құрама- Өзбекстан құрамасы, ең үздік голды- Мирослав Сток, ең үздік жаттықтырушы- Дель Боске иеленсе ал ең қызығы «Алтын допты» Л. А. Месси қатарынан 4 мәрте алып отыр.
Биыл көп шаруаны бітіргенін көбі мойындайтын шығар. Испания чемпионатында гол соғу жағынан шаңына тіпті К. Роналду жете алмай отыр. Ал 2012 жылы бүкіл гол саны 91- ге жетті. Ал, Мессиге 4- ші «Алтын добы» құтты болсын!

Марапаттау рәсіміндегі кейбір кадрлар:


Бөлісу:

11 пікір

asaubota
Өзбекстанға да Fair Play жүлдесін беріпті. мықты, мықты!
Abilakim
«Барсадан» басқа клубтарда ойнағанын көргім келеді. Қызық үшін. содан кейін, АПЛ-да немесе Италия лигасында ойнаса осынша гол сала алар ма еді?
Nurgisa
Пушкаштың сыйлығын алған Мирослав Фенербахчеде ойнайды. Сол команда сапында ойнай жүріп соққан голы мында:

www.youtube.com/watch?v=wbsrh7kbOlQ

Халил Алтынтоп та Түркия құрамасы сапында Қазақстан құрама командасына Астана-Аренада соққан голымен алып еді Пушкаш сыйлығын. Түріктер мен түріктердің ішкі біріншіліктеріндегі голдардың әдемілігінен хабар беретін сияқты бұл жайттар.
asaubota
вкустарынсіг*йін! былтырғы Алтынтоптың дәл копиясы ғой бұл гол. тек осылай соққандар ғана үздік бола ма сонда?
Nurgisa
Номинанттардың толық тізімі мен голдары мында:

www.youtube.com/watch?v=4GyGxhnTjCk

Негізі, сөзсіз, Ибраның голы болуы керек еді үздік.
qyzylordalyq_jigit
Ибраның голы номинанттар жарияланып болғаннан кейін соғылған. Келесі жылы нақты жеңімпаз атанады деп ойлайм
MickThatsMyNick
Алтын допты қатарынан алудан француз Мишель Платиниден, гол соғу санынан неміс Герхард Мюллерді басып озды. Аргентина құрамасында осылай ойнаса ғой шіркін, әріптестері пасты Мессиге аз беретін сияқты. Өзбектер футболды қазақтардан жақсы ойнайтын шығар әзірге, бірақ мына жаңалық жаңалық болды шыныменде.
ПыСы: Мынаны көріп, футбол ойнауға «желание» қашып кетті: (жүйке жүйесі әлсіздерге қарауға болмайды)
www.youtube.com/watch?v=zW0bLJMOoFM
Onlasyn
Ramseydin de ayagy osylai syngan
beka95
өзбекстан құрамасы жақсы ойнайды. әсіресе жастар құрамасы, дүние жүзі чемпионатта четвертьфиналға дейін жеттіғо тіпті.
zholantai
«Лейс»-тің жарнамасынан кейін Мэссиді құрмет етпеймін. Шеберлігімен даңққа бөленген танымалдылығын дұрыс жарнамада-дұрыс кейіп-кескінмен көрсете, пайдаға жарату керек еді.
beka95
лейс компаниясы бірталай ақша ұсынғанғо. мессиге мәңгі құрмет тарихта қалатын ойыншығо.