Баян-Өлгейді қолдап жіберейік.
«Керекке» жазба қалдырмағалы да көп болды. Сатыбалды сияқты мен де алыстап кеттім-ау шамасы. Дегенмен, «КерекИнфоның» қыз-жігіттеріне бір өтінішім бар. Мына Моңғолияда қазақтар тұратын аймақ бар. Баян-Өлгей аймағы. Қазақшаласақ Байбесік. Біздегі сияқты моңғолдар да өздерінің үздіктерін анықтап жатқан көрінеді. 2012 жылдың қортындысы бойынша.
Мына сайтта сауалнама жүріп жатыр.
Қазақтардың аймағы бірінші орында келеді. Атажұрттағы қазақтардың көмегі көп болды мұнда. Дегенмен, «КерекИнфоның» қара ормандай қалың оқырманы да дауыс беріп жіберсе моңғолдар таң қалатын шығар. «Баян-Өлгейдің қазақтары интертентте мықты екен» деп. Сондықтан, қыздар-жігіттер алыстағы ағайынды қолдап жіберейік. Сілтемеде «санал өгөх» деген тұр. «Баян-Өлгий» дегеннің тұсында. Соны бассаңыздар жетеді.
Айтпақшы, келе жатқан 2013 жыл құтты болсын достар!

ал бірақ менің ойымша Шыңғысхан заманында түркілер мен қазіргі монголдардың бабалары бір-бірін аса қатты қиындықсыз түсінген. тілдері жақын болған. кейінірек олар биддизмді қабылдап, тілдерінің ары қарай дамуына тибеттіктер мен маньчурлықтардың тілі ықпалын тигізген болса керек. біздікінің дамуына мына жақта араб, парсы тілдері әсер етіп жатты. діндері екі түрлі болып, екі жақтың қарым-қатынасы да төмендеді. келе-келе бір-бірін мүлдем түсінбейтін жағдайға жетті.
ал Шыңғысханнан да әлдеқайда ертеректе осы қазіргі екі топ (түркі мен монгол) ортақ бір тілде сөйлеген. бір халық болған. олар — хұнндар.
ғұндар деп жүрміз. Ғ қайдан келді? әрине орыстардың Г-сінен. орыстар көп жағдайда шетелдік сөздердегі Х дыбысын Г қылып айтады. Ханс — Ганс, Хадсон — Гудзон, хазават — газават, Хенри — Генри тб. тізе берсең бітпейді.
Хұндарды да осылайша Гун қылып жіберген. олардан көріп біздікілер Ғұн деп жүр.