Сең қозғалды. Астанада алғашқы форум өтті.

  • KazNET


Астана қаласындағы Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінде алғаш рет ІТ форум өтті. Форумның қалай өткені маңызды емес дәл қазір. Бастысы бұл көптен бері айтылып жүрген нәрсенің сөзден іске көшуі. Алғаш рет жиналдық, жұртпен таныстық, бір нәрселер үйрендік, үйреттік, жаңа идеялар пайда болды. Жастардың белсенділігі ұнады, Талғат бастаған топ өз жұмыстарын беске атқарып шықты. Бәрі риза болып кетті деген ойдамын.

Жаңа жобалар ұсынылды. Қолдау табылады деген сенімдемін. Форумдағы байланыс енді онлайнда да жалғасын тапса біраз жұмыс атқарылады деп ойлаймын.

Қатысушылардың арасында мұғалімдердің көп болуына қуандым. Форумға үлкен қызығушылықпен келген екен. Тек журналистердің аз болуы және БАҚтың белсенділік танытпағаны дұрыс болмады.

Жалпы форум алғаш рет өткенімен жақсы деңгейде өтті деуге болады. Басталуы басталды, енді жалғасады бұдан да жақсы болады деп сенемін.
Бөлісу:

37 пікір

Bayan_
Айтып қалар деп телеарналарды қарағам, көрмедім(((
asaubota
ішімде қалмасын, бір ұнамаған нәрсені айта кетейін:

бір жас жігіт жоба ұсынды, бәт-әлпетіне қарап діни ұстанымы туралы шырамытуға болады. соған бір жігіт тарапынан «не обоснованный наезд» жасалды. яғни, жобадан кейін тыңдаушылар сұрақ қояды, сол кезде қойылған сұрақтан тиісу белгілерін байқадық және ешқандай негіз жоқ. менің жеке ойым ол наезд ана жігіттің басқа ағымда болуынан абсталған сияқты. мұндай айтишниктер жиналған жерде ұлт, дін, география, сайт сияқты бөлінулер болмау керек. сондай аздап бөліну, жұлдыздану элементтерін байқағандай болдым. қателесуім мүмкін, бірақ сырттан солай көрінді маған.
Janasil
жұлдыздану элементтерін байқағандай болдым

Енді адам болғасын…
KazaXXX
Менде солай ойладым!
Janasil
Даниярдан фото есеп күтеміз!!!
asaubota
фотолар кешігіп жатыр әлі. бүгін шығаратын шығар жігіттер.
Nurgisa
Ұйымдастырылуы, жинақылығы ұнады. Басы-қасында шапқылап жүрген кілең көзі, сөзі таныс іні-қарындастар. Істерінің берекесін көрсін, құдай қаласа.
Мұндайда еш қысылмай алдын-ала БАҚ-тарға құлаққағыс қылу керек. Мүмкіндігінше, ықшам баспасөз хабарламасы (пресс релиз) қоса жіберілсе жақсы. Хроникада қамтылуы артады. Келешекте ойда жүрсе екен деген тілек.
Әйтпесе, өңірлерден келген қонақтар атап өткен аязға қарамастан, жанкештілікпен жүгірді. Жарайсыңдар!
Бәрі жақсы, тек алдын-ала құлақтандыру ісін жақсы қолға алу керек. Мен соңғы кезде ғана естідім болатынын, мысалы.
asaubota
мүмкін демалыс күндері өткесін шығар БАҚ журналистерін жібермегені? жұмыс күндері болса көп болар ма еді?
Nurgisa
Ондайы да бар. Бір жағынан, бұл тәріздес форумдар апта соңына қойылмаса кворум жинай алмай қаупі бар. «Кофи брейк, азын-аулақ пәдәркі болады» делінген ремарка жолданса, журналис аз келмейді деп сенемін.
asaubota
қалай болғанда да мұндай минустар келесіге сабақ болады. келесіде дұрыстап хабарлайтын боламыз.
Bayan_
Негізі, жақсы тақырып ғой. Пресс-релиз дайындап, алдын-ала тарату керек еді. Демалыс күндері кезекші топ (съемочная группа) болады, мүмкін, түсіруге жіберер еді. Бізде система -солай, Астанада қалай екенін білмедім.
konvict
Пресс релиз алдын ала таратылған. Сосын, 2 күн қалғанда тағы бір рет жіберілді. Соған қарағанда демалыс күнкүндері өткені әсер еткен секілді. Әрі кофе брейк, анау-мынау болады деген сөздер пресиктің ішіне салынбай қалған болатын
Aldeken
пресиктің ішіне салынбай қалған болатын
азғын десе…
Nurgisa
Ербол Серікбайдай жас перілердің потенциалы мықты екенін көрдім. Отандық мектебіміз қазір көп өкілімен мақтана алмаса да, орта бар екеніне, пәрменнің бар екеніне қуанамын.
Дәл осы форумға Астанада тұратын бір ағаны шақыруға болар еді. Айтылған сөзді таспаға жазып, автоматты түрде мәтінді форматқа түсіретін программа жасақтап шығарған. Мен үшін бұл революциялық өнім. Мысалы.
jigit
Айтылған сөзді таспаға жазып, автоматты түрде мәтінді форматқа түсіретін программа жасақтап шығарған. Мен үшін бұл революциялық өнім
мүмкін еместей корінеді толығырақ мәлімет бар ма екен?
Janasil
Мүмкін. Сотканы дыбыспен басқарған секілді нәрсе.
jigit
Ол мумкін әрине сотка тек берілген яғни айтылған команданы ғана орындайды мысалы қосыл, хабарлас тсс. Дыбысты тану әзірше қиял сияқты кейбір прогалар бар олардың жұмысын 2-мен бағалаушы едім
madikon
күшті не болды? тағы қандай қызық болды? ешкім видеоға түсірмеді ме? мен қызыққам, бірақ ит-ға ешқандай қатысым жоқ болғандықтан, қатысуға жағдай жоқ. тағы да айта отырыңдар!
asaubota
кеше Хабардағы БІЗ бағдарламасына барып түсіп қайттық. қызық әңгімелер болды негізі
zhomart1991
Қашан көрсетеді?
asaubota
білмедім, өздері айтады. ссоын осында жазамын.
asaubota
бүгін (15/01/13) Астана уақытымен 19:05
Adiletshu
Данияр-Алан аяқтай алмады. Не айтқысы келді екен?
Daniar-Alan
жартысын кесіп тастапты…
Adiletshu
Орысша оқығансың ба
Daniar-Alan
жоқ. дикция бар…
тележурналистикаға бармағаным дұрыс болыпты… өмірде былай әдемірекпін… дикция да қатты білінбейді…
Adiletshu
Орысша паразит сөздеріңді айтам
AKY
дикция
акцент дегіңіз келген болар?
asaubota
қабағың бір ашылмады ғо Дәке
Daniar-Alan
 өзім таң қалып отырмын… негізі күліп қалған, сыпайы сондай, нәзік адаммын ғо ия? анажерде білмим шы… қаттым көріп алып  проблемаға қатты кіріп кеттім ау дим
Adiletshu
Былай қызық екен. Өмір көрмеген адамдар, бірақ бұрыннан араласып жүрген адамдарды көріп отырғандай болдым. Сөйлегенде дауыстары өздеріне сәйкес келмейтін сияқты ма…
asaubota
ана серьезный жігітті керекинфо админі деп айта алмаймын мысалы дейсің ғо
AL-ASTER
Рухы – ер, Тәні – бекем,. Бұл бір қайсар халық екен,. Тірліктен де артық қойған бірлікті
(М. Шаханов)

Технология саласында, қазақтың балалары теңдессіз жобалар әкеле берсін дегеннен басқай айтар жоқ.