Ақыр заман баяғыда келді

Кезінде Мөңке бидің айтқанына ештеңені де алып-қосу мүмкін емес. Біз дәл ақыр заманда өмір сүріп жатырмыз. Бабаларымыздың данышпандығына, діндарлығына, ойларының тереңдігіне қалай таң қалмайсың?

Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады.
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.
Ит пен мысықтай ырылдасқан,
Еркек пен қатының болады.
Ертеңіне сенбейтін күнің болады.
Бетіңнен алып түсетін інің болады.
Алашұбар тілің болады.
Дүдәмалдау дінің болады.
Әйелің базаршы болады,
Еркегің қазаншы болады,
Жылқы жұлдыз болады,
Қой құндыз болады.
Кебір – жерге теңеледі,
Әйел – ерге теңеледі,
Көл – теңізге теңеледі.
Сиыр – өгізге теңеледі.
Ақырзаман адамы –
Сағынып тамақ жемейді,
Ащыны – ащы демейді,
Тапқанын олжа дейді,
«Алһам” білгенін молда дейді.
Бір-біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді.
Сарылып келіп тосады,
Құны жоқ қағазды судай шашады…
Заман ақыр боларда — Жер тақыр болар,
Халқы пақыр болар.
Балалар жетім болар,
Әйелдер жесір болар,
»Ә” десе «мә” дейтін кесір болар.
Бас қосылған жерлерде,
Әйел жағы ден болар,
Жаман-жақсы айтса да,
Өзінікі жөн болар.
Орай салып бастарын,
Жалпылдатып шаштарын,
Тақымдары жалтылдап,
Емшектері салпылдап,
Ұят жағы кем болар,
Сөйткен заман кез болса,
Түзелуі қиын болар.
Бөлісу:

6 пікір

zhas_kazakh
мұнда ақырзаман жақындағандағы белгілер туралы айтылған… Яяя қандай данышпан болған аталарымыз…
omarbirat
Ашынған бір ақынның авторлықты Мөңке биге қиып жариялай салған шығармасы емес пе екен деп қаламын кейде. Бұрындары қайда болғанын білмеймін, осы өлең соңғы жылдары қатты танымал болып жатыр.
bazuka
ақырзаман болса өзен тартылар,
қарап тұрған жігітке қыз артылар деген жерін біздің класс жетекшіміз үнемі айта беретін. ойын баласы ағайдың нені меңзеп тұрғанына шаруамыз болмайтын, ұлдар жағы жырқылдап отыратын. қазір түсіндік ғой, бірақ тап оқушы балаларға айтатын нәрсе емес еді.
torgai
Бұқардың жыраудың да бір толғауынан мына үзінді есімде қалыпты "… Қыз жігіттің мойнына асылады..." Бұл да ақырзаманның белгісі делінген. Көреген ғой аташкалар.
a63a1
a63a1
a63a1
27 сәуір 2011, 17:20

Алиша тура осындай тақырып ашып едім жаңа, Аршат дер кезінде сенің ашқаныңды айтып өшіріп үлгердім))))))) Тура копиясы екен