Керектіктерден кеңес керек!

Жаңа Жыл алдында несиеге жартылай кәсіби фотоаппарат сатып алайын деп едім, көмек керек, қайсысы жақсы және қандай дүкендер желісінен сатып алған дұрыс, мысалға Сулпактан ше…

Керектіктерден кеңес керек!

Бөлісу:

35 пікір

007
Менің кэнонга басым кетіп жүр суреттерінін сапасына әңгіме жоқ
MickThatsMyNick
canon-нің дизайндары жақсы сияқты, алайда википедиядан қарасам никонның негізі ертерек қаланған екен, бірақ оған қарамайтын шығар
beka95
Canon мықтығой. Алсерде арзан шамасы.
MickThatsMyNick
Алсерде байқағаным арзандау шынымен де бағалары, алайда таңдау аз… алайда қосымша аксессуарларынан ұстап қалатын сияқты, өйткені басқа дүкендерде аксессуарларының бағалары төмен…
bazuka
мысалға Сулпактан ше…
Сулпактан алмаңыз, тауарлары үнемі бұзылған немесе бұзылайын деп тұрған болады, кейбіреулері алғаннан кин көпке шыдамай бұзылып қалады. мен кездестіріп жүргендер солай.
Daniar-Alan
кэнон брат кэнон. жәй сене сал сөзіме
MickThatsMyNick
кэнон объективтерінің құрылымы оңайлау екен, никонда екі қабат
Serzha
самсунг галакси камераңа қара
torgai
Менде кэнон бар. Никон Д7000 мықты деп естідім
MickThatsMyNick
Никон Д7000 мен Кэнон 7Д салыстырсаң соңғысы қымбаттау екен, екеуінің де дисплейлері бұрылмайды, бір өкініштісі…
Erlan
дисплейди бурып кажети неге, кенон 5д ал алсан!
Adiletshu
Ерланды тыңда. Мен білем, ол профи
MickThatsMyNick
оның бағасы қанша екен, мысалы Canon 60D-нікі мың доллардай болып қалад
Erlan
Nikon D300S 215 мын, canon 5d 350 мыннын айналасы, опшем технодомда турганы technodom.kz/catalog/3458/?PAGEN_1=6 может арзан тауып каларсын издесен баска сайттардан
Erlan
казир арзаннын аласын, ертен киін сата алмайсын, негизи дурысыннан ал не де болса, сал кутип акша жинап дегенди, фотограф мырза
bizbike
Негізі никонның негізі бұрынырақ қаланған ғой, сосын олардың объективтеріндегі әйнек ең айқын (резкий). Мен де басында кэнон алам деп жүргенмін, сосын бағалары мен сипаттамаларын салыстыра келе никон алдым. Өзіме ұнайды, бірақ әлі біраз нәрсе үйреніп, шебер деңгейіне дейін жету үшін көп уақыт керек. Сапалы суреттерге қол жеткізу тек фотоаппаратқа емес, адамның шеберлігіне, қиялына көп байланысты.
MickThatsMyNick
сіздікі қандай модель
bizbike
Никон Д5100, түсірген суретті жүктейін деп едім, жүктелмей жатыр
MickThatsMyNick
осы модельдің бұрылатын дисплей ұнайды, қымбаттауларында дисплей бұрылмайтын кемшіліктері бар
bizbike
бұрылады дисплей, бірақ оның бұрылуының қажеті шамалы. Мүмкін маған солай көрінетін шығар
ruben
Никон, әрине. Әуесқой бірдеңе іздесең — кэнон.
MickThatsMyNick
Кэнон қымбаттау екен, сосын оның түсі ақ пен қара, никонда қызыл, жылтыр, сарғыш, сосын ілетіні берік екен
asaubota
мәселе настройкаларында және әрине шамалы болса да қабілетте. бабын білсең Сменамен де шедеврлер түсіруге болады.
konvict
Никон 7D ал, сосын қосымша обьектив алсаң бітті. Мен алғым-ақ келеді. Қаржы болмай жатыр
MickThatsMyNick
Никон Д700 бе, әлде Д7000 ба, әлде Кэнон 7д ма
MickThatsMyNick
кеңестеріңізге рахмет, осы екеуінің біреуін сатып алармын
a63a1
осы екеуінің біреуін сатып алармын
демек дұрыс кеңес болмаған ешқандай
MickThatsMyNick
басым қатып кетті, дүкендердегі консультанттардан ұят болды
MickThatsMyNick
сосын кэноннің түсіргендегі дыбысы никонға қарағанда күштірек шығады екен, нұсқа ретінде Д5100 қалай екен
MickThatsMyNick
Марк 3 сатып алайын деп едім, мен үшін тым қымбат болды, Кэнон 7д ала салдым.)
bizbike
ол да арзан емес қой, енді суреттеріңізді күтеміз