"Жақсы" порталының Rafaello-мен сұхбаты
Жақында «Жақсы» порталында Rafaello -мен сұхбат шықты. Оның «шығармашылығы» туралы болған әңгіме. Менің ойымша мәселе толығымен ашылмаған сияқты. Астындағы азғантай пікірлерде де блогшылар мен журналистер тек өз жақтарын қорғаумен болған. Енді осы жерде талқылап көрейік:
Естеріңізде болса, осыдан бірер уақыт бұрын «Даяшыларды ұруға болатын мейрамхана ашылды» деген ақпарат жарық көрген болатын. Іле-шала бұл ақпаратты NUR.kz-тен бастап балалар журналына дейін көшіріп басты. «Бақсақ, бақа екен» демекші, бұл бақа емес, «утка» болып шықты.
Бұның бәрі «Керекинфо» сайтындағы Rafaello нигіндегі бүркеншіктің «бүлдіргені». Бұл сұхбатты оқымас бұрын атышулы «Даяшыларды ұруға болатын мейрамхананы» оқып алыңыз. Біз журналистерді сан соқтырып жүрген құпия блогерден қызық сынағы туралы сұраған едік.
— Сіздердің кәсіби, дәстүрлі журналистиканың өкілдерін сынаққа салып, «кек алуы» неден басталды? Бұл неге осы сайттың тіптен бас ұстанымдарының біріне айналып кетті?
— Кейінгі жылдардағы блогосфераның басты мәселелерінің бірі — авторлық құқық. Блогшылар біраз журналистерге, БАҚ өкілдеріне өкпелі екені белгілі. Жазылған мақалалардың ешқандай авторы және сілтемесі көрсетілмей шығып жатқаны, әрине блогшылардың көңіліне ауыр тиеді. Еңбекке құрмет болуы керек. Бұл бір. Екіншіден, журналист және БАҚ өкілдерінің қоғам алдындағы жауапкершілігі өте үлкен.
Халық солардың берген ақпараттарына сенеді. Демек, оларға дұрыс ақпарат берілуі керек. Ал бізде қалай? Тексерілмей шыққан және қате аудармалы ақпараттан аяқ алып жүре алмайсың. Осы екі себепке байланысты БАҚ өкілдерін осылайша «жазалайық» деп эксперимент жасадық. Бірақ мұны біздің негізгі ұстаным деу қате. КерекИнфода дезаны (жалған ақпарат) менен басқа ешкім жазбайды. Жазса да, «өтпейді».
— Жалған деза жазу идеясы қайдан туды? Бұл ақпаратты журналистердің шынға қабылдарына қаншалықты сендің?
— Бұл тың идея емес. Әлемде тек қана дезалардан тұратын «ақпараттық» сайттар көп. Көбіне БАҚ өкілдеріне, қоғамдағы оқиғаларға, тұлғаларға пародия жасалады. Кей мәселелерді астармен жеткізгілері келеді. Мысалы менің жазғандарымның барлығы деза емес – олар пародия жаңалықтар сұхбаттар. Бұл ақпараттарды журналистердің шын қабылдайтынына шүбәм болған жоқ.
Журналистік ортамен етене араласпын деп айтуыма да болады. Ішкі «кухняны», психологияларын жақсы білемін. Ақпаратты қалай алатындарын да білемін. Яғни, барлық әлсіз тұстары маған мәлім. Шыны керек, қазақ журналистері әлі өткен ғасырда жүр.
Көпшілігі қазіргі ақпарат тілі ағылшын тілін, ең болмаса оқығанды түсінетіндей дәрежеде білмейді. Және интернетті де әлі пайдалана алмайды. Деңгей әлі өте төмен. Журналистика – тек қазақ тіліндегі сөз байлығын молынан қолданып, әдемі сөйлемдер құру ғана емес…
— Дезалар жазылғаннан кейінгі оқиға қалай өрбіді? Қай басылымдар көшіріп басты?
— Алғашқы жазбаларымның астына оқырмандар сілтеме тастап, қай басылымдарға шыққандарын хабарлап жүрді. Бастапқыда ойлайтынбыз, жұрт енді түсініп, сенулерін қоятын шығар деп. Олай болмады. Өкінішке орай, жаңа да айтқанымдай ақпаратты тексеру ісіне көп мән берілмейді.
Қай басылымдар екенін айтпай-ақ қояйын, этикаға жатпас бұл. Бірақ республикалық газеттерден бастап, танымал порталдарға дейін кетті бұл «ақпараттар». Электронды нұсқасындағы олқылықты кейін түсініп, жойып жатқандар бар. Бірақ қағаз нұсқасына шыққандар, әрине мәңгілік мұрағаттарында қалады.
— Сонда бұл сынақты өткізудегі мақсаты не болып еді және нәтиже қалай болды?
— Мақсат – журналистерді мұндай қателіктерге келесіде ұрынбай, халыққа дұрыс ақпарат жеткізулеріне тырыстыру. Журналистиканың және журналистік жауапкершіліктің ойыншық емес екенін түсіндіру. Журналистердің сауаттана түсуін дамыту. Нәтижесі жақсы болады деп ойлаймын. Бір рет аузы күйгендердің одан кейін күймегендерін көріп жүрмін. Барлық «құрбандарыма» жұмыстарында сәттілік тілеймін!
Сұхбаттасқан – Ө.КЕНЖЕБЕК
jaqsy.kz

Одан соң, бүкіл халықтың жүгін өзі арқалағандай етіп позиция ұстану да әбестік. Жалпы, халыққа қызмет көрсету секторы «ЦОН»дармен шектеліп қалмайды. Сіз бен бізге жүктелген тапсырманың басымы — қызмет көрсету. Халыққа. Тиісінше, иілесің, бүгілесің, көндігесің. Президенттікі бөлек. Сөйлеу мәнері мен дикциядағы, халықпен дидарласудағы мінез-құлқын біраз журналис түзеуі керек. Кейбір менменсінуіне қарап отырып ол емес, сен ұяласың.
Баяғыдай телевизиядағы тұлғаларды көріп, солардай болсақ екен деп еліктеу қазіргі жас өрендерде жоққа тән шығар.
Қайтсін бірақ, бір шыбық, ортақ әңгіртаяқпен өріске шықса, нұсқағанын айтасың, бұлжытпай оқисың. Бірақ солай болған күннің өзінде журналистік бедел мен этиканы қоса алып жүруде анау айтқандай кедергі болсайшы.
Мықты журналистер бар да шығар. Бірақ, илеген пұшпақ бір, бұйрық бір болғасын Парфеновшалатуға маневрлік алаң таршылық етеді. Оны да жоққа шығарман.
Нәтижесі осы. Жүрдім-бардым салғырттық, құрыққа ілінушілік. Шикілік, былайша айтқанда. Ал енді осы тек сол қате жіберген журналистің ғана қайғысы ма? Сенімдісіз бе?
Меніңше, осыны көрген журналистер енді қателік жібермеуге тырысады деп ойлаймын