Эстафета: сыйлығымның сықпыты

omarbirat быраттан эстафета қабылдадық, есіме түсіріп көрейін не сыйлық жасағанымды

Біздің кезімізде тойланытын мейрамдар жаңа жыл, жиырма үшінші ақпан, сегізінші наурыз еді ғой көбіне, беріректе жиырма екінші наурыз қосылды. Жаңа жылдан бастайын. Жаңа жылда әкем мен шешеме бауырларыммен бірігіп концерт қойып беретінбіз, біздің былдырлап айтқан тақпақтарымызға мәз болатын екеуі, негізгі сыйда осы ғой. Бірақ сыйлықты соңында біз алатынбыз бәрібір
23-ақпан. Әке әскерде болмаған, сондықтан бұл мереке онша нетіле қоймайтын үйде. Бірақ кластың ұлдарына сыйлық жасайтынбыз жаппай.
8-наурыз. Бесінші, алтыншы класқа дейін бізде класс жетекшілері әйел адамдар болды, жыл сайын енді былай сол апайларға сыйлық алуға тура келетін)) Ал анама кәдімгідей сыйлық жасайтынмын. Ақ қағазды алып, ортасынан екіге бөлесін, бір бөлігіне шыжбайлап гүл салынады, ол сарымен боялады міндетті түрде, сабағы жасылмен, сосын келесі бөлігіне «Ана туралы» тақпақ жазылады. «Ақ мамам» деген ән айтылып салтанатты түрде тапсырылады.  
ПыСы. Жалпы сыйлық алу, үйге басқа жақтан келе жатқанда базарлық әкелу менің онша мойын жар бермейтін нәрсем)) Қазір тек қаржылай берем өздерін таңдап алыңдар деп, мүмкін заман талабы шығар көбі сөйтетін сияқты

Эстафета постын serjan құрдасыма ұсынамын.
Бөлісу:

19 пікір

araika
концерт қойып беретінбіз
Таныс жағдай
bazuka
барлық балалардың басынан өтетін жағдай сияқты, әсіресе қыздардың)
Tyulpan
сіз ше түрлі торт-пирогтар жасап сыйға берсеңіз де болат мес па? ))
ой, біз де, концерт қойғанды жақсы көретін едік. сол әдет әлі де қалмай, халыққа ән айтпай қоя алмадым ))
bazuka
торт пирог демекші, есіме түсіп кетті. алтыншы не жетінші класта оқып жүргенде әкеме тамақ әзірлеп бергем түскі асқа, өмірімде бірінші рет өз бетіммен жасаған тамағым, оның алдында мамканың айтуымен жасап жүретінмін арасында. Бұлда сыйлық деп қояйыншы, әкемнің мәәз болғаны сол күні менің ақ базарым өз қолымен ас әзірлеп берді деп әлі көз алдымда.
Tyulpan
мисалы, мағаааааан тортыңыздан силасаңыз
bazuka
енді былай Ақтөбеге қонаққа келсеңіз) сыйлаймын ғой
Tyulpan
батыста жүріп, ақтөбеге барып көрмеппін. бармасам бір күні
007
қай жақтансыз?
Tyulpan
жүрген сол атырауда… ))
007
кашан келмек ойыңыз бар ақтөбеге?
Tyulpan
сіз де маған торт жасап берес па? ))
007
сатып алып берем біздін универдің алдындағы дүкенде  мынауски торт бар
Tyulpan
жәрәйт. барғанда ақтөбелік керекшілерді жинап, торт жиміз онда ))
007
самса жесек тіпті жақсы болар еді студенттердің сүйікті асы,, барлығыда студенттік кездерінің қызығын еске алат дегендей
bazuka
агент ноль ноль семь сомен самса алып беріп сыйлықтан құтылайын деп жатырсыз ба)))))
007
тортты өзіңізге арнайы алып беремғой,,,,, жетпегендеріне самса