Салмақты әзілдің жеңісі - "Экспресс" 2012 чемпионы

  • КВН


Биылғы ҚазКВН чемпионы ақтөбелік «Экспресс» командасы. Жоғары лигаға биыл ғана шыққан команданың финалға жетуінің өзін жетістік көріп, финалда көп ешкім жеңіс күтпеген еді. Алайда «Экспресс» 5 қарсыласын артта қалдырып, биылғы жылғы чемпиондықты жеңіп алды.

«Экспресс» салмақты, ойландыратын әзілімен ерекшеленген команда. Осы жеңісті салмақты әзілдің жеңісі деп бағалаймын. Арзан әзіл жеңілді. Бұл оқиға қазақша КВН-ға революциялық әсер береді деген ойдамын. Бұдан кейін командалар жеңіләзілдікті қойып, әзіл сапасына көңіл бөледі деген сенімдемін.

Жеңістерің құтты болсын «Экспресс»!

сурет: instagram.com/p/Sf8o--mby2/
Бөлісу:

31 пікір

ruben
Қазақ тв-сы қашан дархандық танытар екен? Көргім келіп отыр.
VKM
 Ақтөбеліктерге респект!
konvict
Ойындарын қайдан көре аламыз?
MickThatsMyNick
Astana TV, желтоқсанның сегізінші жұлдызында.)
Aldeken
а?
MickThatsMyNick
шатастырып алған сияқтымын Әдемімен...
Marco
«Біздің бүгінгі жағдайымыз Халықтық IPO-ға» қатысып жатқан ададардыкі сияқты. Қатысып жатырмыз, не болары әлі түсініксіз" — «Экспресс»
Marco
Спорт коментаторымен сұхбат:
— Сіз журналистикаға қалай келдіңіз?
— Бірінші конверсаторияға тапсырдым, түсе алмадым, сосын заңгер, экономист, мұғалім… ешқайсысына түсе алмай жүр едім… ЖУРНАЛИСТИКАААААА. Осылай келдім.
«Экспресс»
asaubota
ҚазКВН сайтында жұрт лайық емес деп жазып жатыр. Қасиеттің коменты ұнады:

Ешким ештене сатып алган жок! Мыкты болса сахнада далелдеу керек! Ешким сахнага женилем деп шыкпайды, ешким ешкимге жамандык ойлап шыкпайды. Баллды беретин адилказылар, командалар сурап алмайды! Откен ойындарына немесе канша жыл ойнаганына карайтын болсак, финалды откизбей ак кояйык! Ким коп ойнады немесе ким кыздарга коп унайды соган бере салайык! Осыншама акылсыз корермендер турганда жайдарман кайдан дамысын! Ойыннын аты ойын, утылган командалар ойыншыларын ешким олтирмейди. Отеди кетеди! 40-ка келгенде Мади 3 котерип еди деп айтып журмейди го! Болар ис болды! Чемпионды куттыктаймын! Калган жигиттер де жарайсындар! Бугин гана жолдарын болмады! Омир алда! Бирак адилказыларды жактап отканым жок, мумкин кателескен шыгар! Мен ушин экспресс лайыкты чемпион!
konvict
Ютубке ойындары шықса айта отырсаңыз
west_laura
қуаныштымын!!! ТыВы-дан тезірек көрсем екен!
Aldeken
Экспресстің ең жеңіл әзілі — «Біздің Ақтөбеде дәріханалар аз, есесіне перзентханалар жыл санап көбейіп келе жатыр»
omarbirat
, жоқ, лұтшы былай күлейін
Жеңіл әзілі мынау болса, нағыз хардкор команда екен
Janasil
«Маған бұлар ұнамайды. Ішім пысып кетеді. Әзілдерін түсінбеймін» дейді бір әріптесім. Қалқаман дұрыс айтқан екен.
asaubota
өкінішке орай біздің халықтың әзіл деңгейі сол, ойланғысы келмейді, бірден күлу керек.
aikarakoz
Эхх… Осы ойынды көзбен көремін деп жүрген ем, бұйырмапты. Енді ТВдан асыға күтеміз.
Экспресстің жеңісі құтты болсын!
Ал, Аршат, сізді сахнаға шығып, сый ұсынуыңызбен құттықтаймын!!!
asaubota
Ал, Аршат, сізді сахнаға шығып, сый ұсынуыңызбен құттықтаймын!!!

ол да кәдімгідей бірдеме ма не құттықталатындай?
aikarakoz
Ну енд… Сөздің салты ғой )))
Marco
Соңғы Президент сайлауынан кейінгі «Экспрестің» бір әзілі еске түсіп кетті.
— Біз қазақ қызға дауыс көтермеген және танымайтын адамға дауыс бермеген халықпыз!  
Әттең тек Ақтөбеде ойналды
ruben
Көздің суын құрттыңдар, бір видеосы жоқ па?
MickThatsMyNick
жарайсыңдар, видеосын қашан көрсетер екен…
MickThatsMyNick
Осы ойынды кеше ұлттық арнадан көрдік, жерлестер ренжімесін, бірақ «Экспресс» үшінші орынға лайық болды, бірінші орын «Назар Аудар»-ға не Алматыға берілу керек еді, мүмкін әділқазылардың төрағасы Мәди Манатбек болғасын саяси әзілдер ұнаған шығар..))
User
Ал «оларды түсінбеймін», «саясаттан хабарым жоқ» – дейтіндер болса өз обалдарыңыз өздеріңізге. Түйсік бермеген табиғатқа немесе санаңызды өсіруге ынта танытпаған өзіңізге өкпелеңіз. Қоғамда өмір сүріп отырып, қоғаммен бірге тыныстай алмасаңыз ол тек сіздің проблемаңыз

©
MickThatsMyNick
Саясаттан хабарым жеткілікті, жұмысым соған тікелей қатысты, әзілдерін түсіндім, бірақ Жайдарманда ең бастысы түсіндіру емес, онымен қоса күлдіру, образға ену, сасқаламақтау, өзін еркін сезіну, ішінде бар ондай ойыншылар еркін ойнайтын, алайда қасындағы командалармен салыстырғанда олар үздік, жарқын команда болмады, имхо.