Керек пе, жоқ па...

Осы сонғы күндері жоғарғы оқу керек пе жоқ па деген ой мазалап жүр. Бұған дейін барлық адамдарша мектепте де, универде де сабақты жақсы оқып келдім. Енді бітіруге 1,5 жыл қалды. Универге баруға, оқуға ешқандай ынтам жоқ. Сол дипломды алғанда не болады, алмағанда ше? Айналама қарасам оқуын жарты жолдан тастап кешкі бөлімге түскендердің өмірде жолы болып,өз жеке істерімен айналысып жүрген адамдар да баршылық. Әрине, түсінем өмірде қандай да бір жетістікке жету — оқуды тастауға байланысты емес. Бірақ оқу да бір күннің біраз уақытын алады. Әкем бұл ойымды естігенде қатты ренжіді. Меніңше қазіргі кезде диплом алған ешқандай адам өз мамандығымен жұмыс жасамайды. Диплом алу — жалданып жұмыс жасауға ғана керек. Бірақ менің жоспарымда жалдамалы жұмысқа орналасу емес кәсіпкер болу бар. Сіздер қалай ойлайсыздар? Кім өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр? Кім мында жеке кәсіпкер?
Бөлісу:

15 пікір

asaubota
шынымен бірдеме үйреніп, білім алып жатырмын деп ойлайсың ба?
madikon
керемет білім алып жүрмін деп айта алмаймын. бірақ бірдеме үйреніп жүрім. мамандық бойынша.
VKM
Бәрібір оқу керек деп есептеймін, кәсіпкер болу үшін де бухучет, заң білген дұрыс Не менеджментке бар, финансист та, маркетолог та боласың.Өз ісіңді жүргізуге оңай
Adiletshu
Кәсіпкер болу үшін оқып керек емес. Мектепті әзер бітіргендер де мықты кәсіпкер боп жүр
VKM
Базардағы алып-сатуды айтпадым мен. Мысалы, зат өндіру саласы, жаңа технологиялар енгізу… т.с.с
edige
Дұрыс… Саудамен айналысу үшін тангенс, котангенс, интеграл керек емес…
Небір жігіттерді көріп жүрмін… Сауданың шебері… Лексус 470-ке овощ салып, сатып жүрген...)))
madikon
Лексус 470-ке овощ салып, сатып жүрген...)))
)))
қазақтар кәсіп дегенде тек алып сатуды ғана айтады ғой. бірақ овощ сатқаннан басқа да кәсіп түрі, ақша жасау жолы көп қой.
ruben
Мен танитын жас кәсіпкерлер (ең кеш) универ 3-курстан бері кәсібін дөнгелетіп келеді.
Tyulpan
меніңше, оқыған керек. өз мамандығыңызбен істемесеңіз де, ЖОО-да іштей оқып алып жатқан білім далада қалмайды. сізге қазір керегі жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. бірақ ол білімнің қай жерде, қай кезде керек болып қалатынын білмейсіз ғой. кейін, өміріңізде тәжірибеде кездесіп қалған кезде, ааа осы жерге пайдалана алады екенмін ғой деп ойлайсыз…

студент кезде бос уақыт көп, рахат қой. соның бәрін бірдеңе үйренуге жұмсасаңыз — көп алға басқаныңыз. мысалы, алып жатқан білімізге қоса шет тілін меңгерсеңіз — дұрыс. қазір ше әрбір адам 2 немесе одан да көп тіл біледі, бәсекеге қабілетті болмасаңыз қиын.

ЖОО эгидасынан шығып, өмір теңізіне аттанған кезде біреу бір нәрсе үйретсе ғой деп армандайтын боласыз. ЖОО-ға түсу әркімге бұйыра де бермейді ғой. бағалаңыз...
madikon
алып жатқан білімізге қоса шет тілін меңгерсеңіз
мен қазір аудармашы мамандығы бойынша оқып жүрмін. Ағылшын мен француз тілдері.
студент кезде бос уақыт көп, рахат қой.
сабақ уақыты 1-8ге деин болғанда күннің нағыз керемет уақыты универде өтеді…
Tyulpan
жақсы мамандық. керек мамандық. қиындығы мен қызығы мол мамандық. мамандық бойынша істемесеңіз де өзіңіз білесіз. бірақ жақсылап меңгеріп алған жақсы. әр нәрсе өз уақытымен. жұмыс істеп әлі үлгересіз, жалығасыз. бүгінгі күнмен өмір сүріп, соның қызығын ала білгенге не жетсін.  сіз оқи жүріп жұмыс істесеңіз де болат сабақтан тыс кезде.
madikon
кеңесіңіз бен пікіріңізге рахмет,, ол да дұрыс.
Blogshy
ЖОО да тау-кен инженері мамандығын алдым, сол салада жұмыс жасап жүргеніме, ия дәл дипломымда жазылған мамандықпен жасап жүргеніме 10 жылдай уақыт болыпты. шүкір, берген ақшам сіңірген еңбегім қайтты деп айта аламын сол диплом үшін. сондықтан оқу керек деп ойлаймын.
ademi_alem
madikon , сізге Роберт Кийосакидің «Богатый папа, бедный папа» деп аталатын кітабын оқуға кеңес беремін. ))
madikon
мен де соны оқып жүрмін,, онда да мектептегі оқу мен бизнестің оқуы туралы керемет айтылған ғой.