«Демалыста Түркияда болдым» атты фотосурет жарысының марапаттау кешінен көріністер
Қуанышты мерекелік жағдайында жүзеге асырылған марапат кешінде Түркияның табиғи және мәдени байлықтарының және Қазақстан мен Түркия арасындағы туризм саласының жандануына Астана қаласының Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет орталығы тарапынан ұйымдастырылған «Демалыста Түркияда болдым» атты фотосурет жарысының марапатталушы жарыскерлерге әртүрлі сый-марапат берілді.
Астана қаласының Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет орталығының директоры Ибраһим Йылдырым жарысты ұйымдастырудағы мақсаты Түркияда демалыстарын өткізген Қазақстан азаматтарының түсірген фотосуреттерімен Түркияның табиғи және мәдени байлықтарының фотосуреттері арқылы таныту арқылы Қазақстандағы әуесқой фотографшылыққа қолдау көрсету және Қазақстан мен Түркия арасындағы туризм саласының жандануы екенін және осыған ұқсас іс-шаралардың жалғасатынын атап өтті.
Ән айтылып, би мен әртүрлі көрсетілімдер қойылған марапат кешінде жарыста алғашқы жиырмаға іліккен жарысқа қатысушылардың фотосуреттері көрмеге қойылды. Астана халқының фотосуреттерге деген қызығушылығы қатты байқалды.
Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының кафедра меңгерушісі Сүлеев Әубәкір Қалиұлы және кәсіби фотограф маманы Михаил Барановтан құралған әділқазылар алқасы тарапынан белгіленген алғашқы үш жеңімпазға кезегімен:
— Бірінші орынды иеленген жеңімпаз Сандуғаш Кенжебаеваға Түркияда бір апталық демалыс;
— Екінші орынды иеленген жеңімпаз Жазира Ташматоваға Қазақстан-Түркия арасына бару-келу ұшақ билеті;
— Үшінші орынды иеленген жеңімпаз Гүлжан Хафизоваға бір дана фотоаппарат сыйлыққа берілді.
Сонымен қатар басқа жарыскерлерге де көтермелеу сыйлықтары мен Түркия мен Юнус Эмре институты атынан көптеген сыйлықтар берілді.
2 пікір