"ШАЛ" фильмін онлайн қара

Дәстүрге берік қазақ киносы салтты бұзбай көп күттірмей онлайнға шығарыпты. Киноға бармағандар осы жерден қараймыз:



P.S Ютубтан түсіріп алғыңыз келсе мына мақаланы оқимыз.
Бөлісу:

33 пікір

jigit
Жаман кино демес едім тек жеткізілу нашарлау сосын ана щегол құртты шәңкілдеп
Gastarbaiter
Щеголдың шәңкілдегіне екінші сөйлемнен кейін үйрендім. Неге екенін білмеймін, әр нәрседен жақсы ниет көргім келеді де тұратын боп жүр соңғы кездері.
Шалдың өзіне келсек, алғашық түрінен ақ, жақсы көріп кеттім. Тауқыметті көп көрген, екі бірдей баласысы мен күйеуінен айырылған кішкене қуатын құлағы кереңдеу бір апам бар еді. Мейірімнің бәрі сонда, кім көрінген, тіпті өзінің келіндері де оған зіркілдеп сөйлеп, менсінбей «мына алжыған кемпір де» деп сөйлейді.
Сол есіме түсіп, әу дегеннен көңілге ерік беріп қоя бердім. Бәрін жасында бағып қағып, үйін тап тұйнақтай қылып ұстап отырған, өте кербез, тазалық құмар әйел еді жас кезінде. Шалдың ұлы өлген дегеннен ақ, маған көптеген қылықтары түсінікті бола бастады.

Одан қалды шал адасып кеткенде, есіме бірден баяғы тоқсаныншы жылдары үйден жіберіп алған бұзаулы сиырымыз сап ете қалды. Ол кезде тоғыз-он жасармын.
Ол сиыр бұзауымен қашқан соң жеткізбей алдымызға түсіп қоя берді. Біз әкем бар, мен бар Арлан итіміз бар соңынан қуғаннан басқа ештеңе жасай алмадық. Бұрылып арқан ала келейік десек, ізін суытып аламыз деп қорықтық. Содан мен сиырды қуып кете бердім, оның қарасын көзден тайдырмай жүріп келе жатып, артыма қарасам… Әкем жоқ. Ну шеңгелдің ортасында, «Па-па» деп айқалайм жоқ. Сиырды әрі қарай қуып кете берсем, түбі бір жерге тоқтары анық, түбі тұтылары анық еді, не үйге қуып әкелер едім, бірақ "әкем адасты" деген ойдан жүрегім селк етті. Біз ол мекенген жақында ғана көшіп барған кезіміз еді. Мен жергілікті бұзықтармен ол ауылдың шет-шетін аралап тастағандықтан өзіме сенімді едім, ал әкемді аңқаулығыммен жер білмейді деп ойладым. Тап осы, Шал сияқты далада қалып қоя ма деп қорықтым. Сиырдың соңына бір көз тастап, кері бұрылдым, ойымда: «Сиыр ешқайда кетпей сол жерде тұрса, бірінші әкемді тауып алсам, осы жолмен қайта жүріп отырып тауып аламыз»деп.
Әкемді таппадым, әрі іздеп бері іздеп, жыларман боп үйге жетсем, әкем келмепті. Біраздан соң келді, сөйтсем ол айналып, басқа жолмен алдын орамақ болған екен. «Сен адасып кеткен шығар деп, кері бұрылдым» деп едім, әкем «Ойбуй, балам-ай, деп күлді де қойды. Сол күйі бұзаулы сиырдан айырылдық.
Очм, пензес болдым мен егіл тегіл мына кино біткенше. Нуи, нақ… Соншама дәл тиетін туынды да болады екен ау.
Zhanara2012
Фильмнің идеясы да осы гой. Едіге Тұрсынов айтқандай, "Әрбір көрермен, осы фильмнен соң әкесіне хабарласып, не әкесін бір уақ еске алса екен, Әке қасиетін сезінсе екен деймін" депті. Демек, сәтті фильм.
patick
Иә, шал іште жатқан талай нәрсені төңкеріп тастады (жақсы мағынасында).
Elirgen
Мен үшін түсінетін фильм емес, түйсікпен қабылдайтын кино болды, ауылға барып келгендей болдым, қазақтың қазақ туралы, қазақтарға арналған киносы, Сайын Мұратбековтың «Жабайы алмасын» оқығанда сондай сезім болған
ken
шал кроватьта ұйықтап жатып, немересі үстіне киімін жауып жататын жеріне дейін көрдім.
Karaetik
Жалпы қызық кітап екен!
Janasil
Жақсы екен.
… соңында Шалдан үміттерін үзіп бәрі қайтып бара жатады ғой артқа. Сол кезде Шайтанбек атының басын кері бұрып сай жағалап кетеді ғой. Сол кезде /атының басын бұрып жатқан кезде/ артқы фонда машиналар қайтып бара жатады……
Содан бала сай аралап Атасын тауып, сайдан алып шығып, атынан мінгізіп бері қарай алып шыққан кезде артқы фонда әлгі машиналар бұрынғыдан 1-2 м арыда әлі жылжым бара жатыр…
Шал мықты!!!
asaubota
Шалды да қарадым әйтеуір. былай мықты шедевр кино демес едім. сценарийі де қатты емес. егер бір 5-6 жыл бұрын түсірілгенде тәңіршілдік туралы тартыс та болмас еді.
ErNur
бірден ауылыңды еске аласың, сағынып кетесің екен Сосын ауылымызда Сатығали деген шал болған артынан көп аңыз әңгіме қалдырған, көрмесемде сол шалға ұқсаттым. Сол шал жайлы бір естіген әңгімем, қасқырды тірілей ұстап әкеліп тірілей терісін сыпырып қоя берген дейді.Қасқыр 10-15 метрдей жүгіріп барып, жалп етіп құлапты.Сонда сол шал таңғалып айтып отыратын көрінед қасқырдың мықтылығын, опшым терісін сыпырып жатқанда қыңсылаған дыбыс шығармапты, тек тырнақтарының маңын сыпырғанда ғана болар болмас ырылдады деп.
asaubota
сол ауыл үйі, тірәктір сияқты арзан фишкалармен адамды «түрткені» болмаса былай пәлендей ештеңе көрмедім. Келін мықты фильм еді.
ErNur
 Сен Сатығали деген шал жайлы естіп пе едің? Слемғали Сатығали деген ағайындылар. Жарас, Тарас деген быраттар бар ғо солардың аталары. Жылқы ұрлаған Орск, Атыраудан. Ауылдан 300 шақырым қашық жерлерден ғана ұрлайтын көрінеді дейд
asaubota
иә, оларды танимын ғой. аталары туралы естімеппін.
Zhanara2012
Жалаңаштығымн баурап алды ма?
ruben
Таныстарым: «енді түріктермен «балдыз» деген кино түсіреді» — дейді. Мистикасын көре алмай тұрғаным
asaubota
трилогияның үшіншісі Кенже деп аталады деп жатыр еді жұрт. балдызды бөлек фильм қылып түсіретін шығар. түріктер «балдыз балдан тәтті» дейді ғой  шамалап отырмын сюжетін
ruben
 Бірден «Горадағы» Джем Йылмаздың «груп индирими» сюжеті есіме түсіп кетті
asaubota
футбол мен үшін өте нәзік тақырып. кеше фильмді қарап отырып жыным келді. неге футбол қарап отырған адамдарды сондай қылып көрсетеді. мен, мен танитын басқа футболсүйерлер олай қарамайды. білә, осындайға жыным келеді.

P.S қай ауылдың антеннасы НТВ+ Футбол ұстайды?
P.S.S ауыл Испанияда ма? күн жарық екен Реал — Барса ойнап жатқан кезде.

(кино ғо просто дерсіз, ал мен кинодан реализм іздейтіндерденмін және біз жалғыз емеспіз)
konvict
Мен де бастап көріп кеттім. Әзірге футболға жанкүйерлігі ұнамай тұр. Қатты қуану үшін ұтылып жатып, есепті теңестіру керек деп ойлайнмын. Әсіресе Барсаның жанкүйері үшін. Шынында антена туралы ойланбай қалыпты Тұрсынов.
Onlasyn
))) Судья футболистке карточка беріп жатса, шал типі жынды момент болып жатқандай болып отыр ғой ))
Zhanara2012
Біздің ауылдың шалдары футбол түгілі немерелерін танымайды десейші, Тұрсыновтың «Шалы» мүйіз қарағайдай футболшылардың аттарын қойларына бере салған… Шал қойды қалай жақсы көреді а? Бір аяғынан шал, бір аяғынан қасқыр тартып қой байқұсты қинап қойды.
Abilakim
мен бүгін көрем, пікірімді ертең айтамын. Маңызды болмаса да
Onlasyn
Пікіріңді қай жердей айттың? (маған қызық боп тұр)
Abilakim
фильмді көрдім, комент жазуға уақытым болмай кетті. Сіз үшін маңызды болса онда ептеп тоқтала кетейін.
Қазақ киносында расымен де өсу байқалады. Мүмкін өсіп жатқан тек осы Тұрсынов қана болар, дегенмен өсу бар. «Менің атым Қожа», "Қыз Жібек" секілді қанша қайталап көрсеңде көруге жалықпайтын, жыл сайын теледидардан көре беретін дүние бола қоймас. Бірақ, жақсы түсірілген. Операторларға алғысым шексіз негізінде. Қасқырмен бетпе-бет келген кездерін барлығын жақсы ала білген.
Актер шалдың образын тамаша алып шыққан. Аша білген. Біреулер айтқандай қазақ шалы ондай емес дегім келмейді. Режиссер осындай шалды көрсеткісі келген екен және көрсете білді. Соғыстан кейінгі он жылдықта туылған балалардың көбі дәл қазір тура осы шал тектес. Ермек төбенің басында бір қырынан жатып алып ақыл айтатын шалды түсіргісі келсе түсірер еді. Бірақ, ондай образ Алпамыс жайлы фильмде бар. Қайталаудың не керегі бар.
Балаға келер болсақ, бала образы қазақ киносында сол баяғы «алты жасар Алпамыс», "Қожа" образдарынан кейін (КСРО кезіндегі кинолардан кейін) ешқашанда сәтті таңдала алмай жүрген секілді.
Қасқырлармен түсірілген қазақ киносы өте аз. «Көксерек», «Адамдар арасындағы бөлтірік»(бұл жерде көрсетілетін тек бөлтірік қана), «Келін» (Ерекең осы аты шулы фильмінде кемпірге қасқыр саудырды ау деймін ұмытпасам), тағы бір кино бар секілді еді, есіме түспей тұр. Обшым, қасқырлармен сәтті шыққан картиналар қатарына жатқызуға болады. Тек қана қазақ киносында емес, әлемдік деңгейде десем артық бола қоймас.
Тәңіршілдікті көре алмадым.Сірә, көргісі келгендер ғана көретін болар. Мешіт салған азамат екеуінің диалогы кезінде әлгі байшыкештің мешітті "Құдаймен сөйлесетін жекеменшік үйім" деп атайды. Бірақ, ондай өркөкірек, орашолақ ойлайтын қазақтар жеткілікті. Шал просты оны орнына қойып тастады.
Кинода ляптар жеткілікті. Оларды түртіп көрсететін жеке пост ашу керек шығар. Ляп қай кинода болмасын кездеседі. Бұған қарамастан кино жап-жақсы дәрежеде дер едім.
Диалогтардың ең сәтсіз жерінің бірі «Хаммер» мінген аңшылар кеткен кезде немересінің «Неменеге жалпаңдадың, машиналарын көрісімен құрдай жорғаладың» сынды орынсыз сөздері дер едім. Шал жалпаңдамаған сыңайлы. Қасқырды атпаңдар деді, жол сұрағандарға жол көрсетті, болды. Немересіне оның аңшылардың артынан қол бұлғағаны ұнамаған тәрізді.
содан кейін бір ескертер жайт. Ауылда ешкім ер-тоқымға жалаңаш отырмайды. Яғни, ер тоқымның үстінде бір көрпеше болады, бұл жерде оны байқай алмадым.
Nurshat
Шал негізі соңында бақилық болуы керек еді. (Анасы шақырды ғой)… Сонымен ол қасқыр соққан Қасым шал атанып қалар еді.
omarbirat
Футбол жанкүйерін көрсет десе, Шал көрген-білген мимикалардың бәрін ойнап шыққан сияқты  Шынымен оғаш көрінді. Маған да ұнамады  Ал фильмнің қалған бөлігінде күшті ойнаған. Дикцияны айтсаңшы! Анау аңшылардың бастығына шынайы сөйлеуден мастер-класс көрсетіп жіберуіне де болар еді
Фильм әдейі тек ляптардан құралып түсірілген сияқты. Мүмкін, режиссердің шешімі шығар
Диалогтары, айтылған сөздері ұнады бәрінен де.
konvict
Маған анау көршісінің ойнағаны ұнады. Тура солай сөйлейтін ауылдасым бар еді. Есіме сол түсіп кетті
Adiletshu
Күшті кино! Қазақ киносынан мұндай әсер алам деп ойламап ем. Кей сәттерде көңілім босап кетті) Диалогтары күшті. Нағыз қазақтарға арнап түсірген фильм екен. Ермек Тұрсыновқа ырысбек!
Onlasyn
Қай жері күшті????
Диалогтарының қай жері күшті???
Кей сәттерде көңілім босап кетті)
Менің көңілім босағаны — соңында Марадонаны қасқырлар жеп кетті ма деп ойладым.
«Шал»дан басқа актер көрмедім кинодан…
Abilakim
айтпақшы, кинода тағы бір қателік бар. Шал малдарды қыстаққа айдады. Мал айдаған адам ақсақ-тоқсақты қорасында қалдырып кетеді. Ол болса ақсақ футболистін ертіп алды.
ruben
Шалдың ана аллегатормен болған диалогы еліміздегі діни ахуалды жақсы жеткізе білді. Артық та емес, кем де емес.