Ирак-ғайып Буш. "Киллермен кездесу"

Хард-әдебиетімізде орны толмас өкініш орын алып отыр. Кеше, сағат 23:00 шамасында сұм ажал арамызға жазушысымақ Ирак-ғайып Бушты қайта әкеліп тастады. Жан сақтау бөлімі бұл жолы шынымен жан сақтапты. Электродпен үшінші рет разряд бергенде тоқтаған жүрек қайта соғып, өзіне тіл бітіп, сұрағаны мынау болыпты:
— Жарияладыңдар ма? Каменттер бар ма? Қаламақымды «Цеснабанктің» кәртішкісіне аударарсыңдар!
Осымен, жұқа оқырманға қайыр, ал жаңа оқырмандарға — ендігәрі оның төмендегідей шытпақтарымен сусындауға тура келетінін айтып, безіп кеткім келеді. Назарб аударып оқығандарыңа нақмет, рақ!


Ирак-ғайып Буш. «Киллермен кездесу»

— Қожайын қырқыншы қабатта — деді адамға құлшылық ету маңдайына жазылғандай лакей жік-жаппар болып, — мені Сізді күтіп алуға жіберді. Шамамен 12 қабатқа келгенде кенет шығып кетіп, Муапық Стейнбергтің де шығуын сұрады.

— Неге? Қырыққа бармаймыз ба?

— Кішкентай ғана келеңсіздікке айып етпессіз! Лифтіде байланыс жасамай қалад.

— Жақсы.

Лакей дереу мобиласын алып, әлдекімге қоңырау шалып, "қожайын, бәрі окей, клиенттің арты таза" деді. Лифтіні қайта шақырды. Лифтіге екеуі кіргеннен кейін, лакей «B» қабатын басты.

— Тұра тұр, қырыққа бармаймыз ба?

— Аха, бәлкім, газетке хабарландыру беретін шығармыз адресіміз өзгерді деп. Қожайын шын мәнінде — ең төменде отырады — деп күлді лакей.

«Шынымен-ау, — деп ойлады Муапық Стейнберг, — нан дүкенге келгендей мен де бір...». Сол мезетте лакей үшінші қабатқа келгенде стопты басып қалды.

— Бұл қалайша жарқыным? Біз — «B» қабатына…

— Көке, — деді лакей, даусындағы жалпақшешейлік пен ромбәкеліктің табы кенеттен жоғалып, — сен немене, айран алуға келіп пе едің?

— Кешір...-деді Муапық жуасып, ішінен: «тігем кейде осы мен де, дұрыс қой нақ мұныкі» деді.

Үшінші қабаттан шыққан екеу алдымен лифтіге біреуді ізетпен өткізіп жіберді де, дәліздің сол жағына қарай аяңдады. Үнсіз лакейге баспалдақ тұсындағы балконға келген кезде ғана тіл бітті:

— Сонымен. Кімді және қаншаға?

Муапық аңтарылып қалды.

— Ееее, орындаушы Сіз бе еді...-дей берді қалбалақтап.

— Жоқ — менің мақаным ептібайымайд! Шаруаны айт тез! — деді лакей күйгелектеп.

— Қабдыжәлел Морган деген кісіні… 200 мыңға…

— Қалай қасқитайын: қоғамдық орында ел-жұртты шулатып па; түскі астан кейінгі сиестадан оянбай қалсын ба; әлде ұйықтай алмай қор боп жылап, атылывөлсін бе?

— Мә, мұның жақсы екен… Кез-келген түрде жасай аласыз ба?

— Херине! Қиялыңыздың жеткенінше көсіліңіз!

— Онда бар ғой… Онда ше… Міні, міні былайша. Анау ше, анау, кешегі тендердегі үлестен мені лақтырып кетіп алған Mercedes Benz S600 деген мәшинесі бар.

— Аха?

— Сонымен келе жатқан кезінде… Жоқ, тұра тұр, міне былай: алдымен үлкен трактормен көзінше мәшинесін езіп кетіңдер, жльасЪн көзінен қан ағып, лібәд! Сосын өзін… айырмен…

— Айта беріңіз, қысылмаңыз!

— Мен негізі былай жақсы адаммын… Ойлап қалмаңыз… Қабдыжәлел әбден қанымды ішіп болды, түсініңіз…

— О не дегеніңіз! Сол үшін жүрмін ғой мен!

— Керемет… Жаңағы… Айырмен алдынан бір, артынан бір тесіп, барлығы сегіз тесік салып жоқ қылсаңдар малды!

— Яки, дүкендегі қазіргі үш тісті айырлар жарамайд?

— Жоқ, ауылдың айырында бір символикалық мән болып тұр, өзі түсінер жаны көзіне жеткенде…

— Онда 200 мың долларға тағы үш жарым теңге қосасыз.

— Түһ, сөз боп па! — деген Муапық дереу төс қалтасынан бесмыңдықты суырып алып, лакейдің қалтасына сүңгітіп жіберді.

— Сонымен… Объект — Қабдыжәлел Морган; әдіс — моралдық қинап өлтіру. Дұрыс түсіндім бе?

— Дәл солай!

— Бітті, бір аптаның ішінде орындалад!

— Керемет! — деді Муапық шын бүйректен қуанып, — мінеки, тура — 200 мың…

— Санап жатпайды біздің бүйткен бұл істе -деді лакей кекесінмен күліп. Сосын балконан төменге көз тастап:

— Ом манэ падме хуум! Қараңызшы: анау тұрған — Сіз тапсырыс беріп жатқан Қабдыжәлел Морган емес пе?

— Қайда?!!!

— Әне тұр!

Көзі атыздай Муапық балконнан басын шығарып, төменге қарады.

— Дәл өзі!

Лакейге тек Муапықтың екі аяғын сәл көтеріп жіберу қалды. Күн қатты жел болғанымен, Муапық келісілгендей — Қабдыжәлелдің тура алдына барып, асфальтты жалпағынан құша қалды…
Бөлісу:

17 пікір

omarbirat
Оңдырмай лақтырып кетіпті
asaubota
әр сөйлемін кәйіппен оқып шықтым. ҚЗдағы күлкі театрлары, әзіл студия, бағдарламалары жабылсын. Сатыбалды мектептері ашылсын!
Aldeken
Қайта оралуыңмен тұқымың жайылғыр!!! кәдімгідей бір ерекше ләззат алатын пост оқитын күндер қайтып келгеніне қуанып, қорс-қорс жлявотырм…
VKM
 түсінбесем де ұнады. Келуіңізбен, ағашка)
ruben
сұм ажал арамызға жазушысымақ Ирак-ғайып Бушты қайта әкеліп тастады.
да Винчиің әдірам қалсын. маэстро ғой!
Zilola
Кезінде Саян3-тің Сержаға айтқаны «Сені көріп регистрленгім келіп кетті».
Мырзам, сіздің қайта оралғаныңызды көріп жетіп келдім нақты ))
bekkerey
«Рекітірің» далада қалды. Осы сюжетті түсіру керек еді.
Gastarbaiter
—Мен негізі былай жақсы адаммын… Ойлап қалмаңыз… Қабдыжәлел әбден қанымды ішіп болды, түсініңіз…

—О не дегеніңіз! Сол үшін жүрмін ғой мен!

***

Жоғалшнақ, кеңкелес, жеген мантым балақтан ақты
edige
}{ош көрдік Сатеке…  Қуанышымда шек жоқ…
mampasi
аламақымды «Цеснабанктің» кәртішкісіне аударарсыңдар!
номерін жазыпжверсең рахмет айтушылар табылад.
Erasyl2
Муапық тірі қалды ма? 3-ші қабат емес қой қанша дегенмен.
Erasyl2
3-ші қабат қой деп оқыңыздар
Daniar-Alan
Осы Сатеке ФБ-дағы Хард әдебиеттерді осында көшіріп алып қойсаңыз қатып кетер ед