Керекше достық-ерекше достық (с)

Виртуалдағы сыйластықтың реалдағы ізгі қарым-қатынасқа ұласқанын көрудің өз сүйкімі бар екен.
Осы демалыста бір шаруаларыммен Ақтөбеге, туған жерге барудың сәті түсті. жылдан бері жете алмай жүргесін, елге деген сағынышты басып, Ақтөбенің Алға ауданындағы марқұм әкемнің, ата-әжелерімнің зираттарына барып, құран бағыштап қайтуды ойлағанмын. алдын-ала келісіп қойған көлігім бір жағдайлармен босамай қалып, менің келуіме орай, сәлемдесуге келген ақтөбелік керекшілер ErNur мен Erke -ге қолқа салуға тура келді. Ақтөбелік амиголарға рахмет, күн райының қолайсыздығына (алдында еріген қардың үстіне аяз бен боран соғып, жол көктайғақ болып тұрған) және жолдың нашарлығына қарамастан өз шаруаларын ысырып тастап, (Ертеңіне ЕрНұр браттың кіші ұлын қырқынан шығару жоспарланып, қонаққа дайындық жүріп жатқан) жарты күн уақыттарын маған қиып, ұрпақтық парызымды орындауға үлкен септіктерін тигізді.
ЕрНұр мен Ерке амиголар сендерге үлкен рыспек пен одан да үлкен рахмет! Еңбектерің Алладан қайтсын!
ЕрНұр бырат, кішкентайдың қырқынан шығуы құтты болсын!
Керекше достық-ерекше достық! Дәлелдеуді қажет етпейді!!!
Бөлісу:

22 пікір

kokbori
Ия, оның несін айтасың? Тіпті жолыққан кездің өзінде шұрқырасып қаласың ғой
Daniar-Alan
иее сен няғып жүрсің мында?
kokbori
Бұл қандай сөз? Мына жақтан қуылғаным туралы жарлық шығып па еді?
Daniar-Alan
жоға қуған ешкім жоқ қо… просты жоқ боп кетіп қайта айналып қазығын тапқан байтал құсап… әлде одминмен қыс сайын келіп тұрам деген пәтуәң бармед?
kokbori
Жоға, ФБ дан бері аса алмай жатырмыз , Керекке бір кіріп пікір жазсаң ілініп отыратын болған соң, оқып оқып табанды жалтыратасың  
ПЫ.сы. Сенің пікіріңнің астынан түзету деп шығып тұр, заңдылық па, қателік пе?
Daniar-Alan
сенде де шығып тұрды. кодтары шығад. түзетіп жазып көрсем қате деді… әттеееңң..
Daniar-Alan
ондай бауырластықтың талайын көрдім Алдеке. Мында басына ты**п жүргендердер реалда бір үйдің баласындай бір-біріне бауырмалдық көрсетеді. Керектің сонысына ырзамын…
Ернұр мен Еркеге үлкен рысбек
Erke
Оқасы жок Алдеке,қолдан келсе комектесуге дайынбыз!Қара жолда бара жатканда балшықта тұрып қалмасақ деп ойлағам, трассаға шыққан соң көк мұзға тайқызбай Алдекенді қалаға жеткізсем деген ой болды!
asaubota
сұрақ: бұл жігіттер келесі құрылтайға келмесе қатын бола ма, болмай ма?
konvict
Ерке мен ЕрНұр болмайтын шығар. Ал, не ғо…
Erke
барамыз, казирден уакытын кай калада болатынын айтып кой билетимизди алып коя берейик!
asaubota
қыздар дайындалсын Ақтөбеден келетін жаңа секс-символды көруге
Abilakim
«Керектің» бауырмалдығына көзіміз тағы бір жетті.Осындай қарым-қатынасымыздан айрылмайық
aza
"Қалыпты жағдай ғой" деп қабылдайтын дәрежеге дейін дамып қалыпты достық деген…
007
Алдеке сіз Ақтөбеден екенсізғой ал мен Шығыстікімін бірақ дәл қазіргі уақытта Ақтөбеде оқып жүрмін сіздің ауылыңыздада болдым…
Erke
кайда окитын едиң, жынысыңды да билмей отрмын!
Aldeken
Жынысы еркек секілді, қызығушылығың әлі басылған жоқ па?
Erke
сизге сіз деп сызылып тұрғо байкайм