Жалғыз ағаш орман болмас
Сіз қазіргі уақытта бойдақтардың, одан қалды ажырасқан жалғызбастылардың неге көбейіп бара жатқандығын және ол кімге тиімді екенін білесіз бе?
Мичиган университетінің ғалымы Цзянго Людің есептеуінше жалғызбастылар отбасылардан көрі барлығын көбірек тұтынады екен.
«Guardian» журналынан Эван Морисонның пайымдауынша бұл жағдай өндірушілер үшін тиімді екен. Бойдақтар төрт адамнан тұратын отбасымен салыстырғанда адам басына 38%-ға артық азық-түлік, 42%-ға артық қаптама, 55%-ға артық тоқ, 61%-ға артық газ тұтынады екен.
Ажырасу да нарыққа тиімді: өйткені отбасы шайқалса, енді екі үй, екі көлік, екі кір жуу машинасы, екі теледидар қажет деген сөз.
Бұл тізімді жалғастырсақ:
• Ойын-сауық индустриясы да бойдақтар мен жалғызбастылардың арқасында ақша тауып отыр, өйткені отбасылы адамдар компьютерлік ойындар, жаңа фильмдер, өз қаласында барлық жұлдыздардың концерттеріне және т.б. артық ақша мен уақытын шығын қыла алмайды;
• Ішімдік өндірушілері мен сатушылары да отбасылардан көрі бойдақтардың тұтынуынан артығырақ ақша табады, өйткені мақсатына бірге жетем деген жұптар өз уақытын ішімдік ішуге жоя алмайды.
• Жалғызбасты қыз-келіншектер сұлулық салондарына жиірек барады, жалпы бояуға тұрмыстағылардан көрі көбірек шығынданады.
• Ал бойдақ ер-жігіттер үй жинау, кір жуу қызметтеріне шығынданады.
• Жұмысқа да көбіне тұрмыста жоқ қыздарды алуға тырысады, өйткені оның баласы ауырып қалып, ол екі аптадан кейін жұмысқа уақытша жарамсыздық анықтамасымен келіп тұрмайды.
• Теледидардан көрсетіп жатқан киноларды қарасаң да көбіне көб жалғыз тұрып жатқан жастарды дәріптейді, олар ертерек ата-ана қамқорлығынан шығып, жұмыс жасап, сәйкесінше жоғарыда айтылғандардың бәрін отбасы ішінде тұтынғанымен салыстырғанда, өзі бөлек шыққанда көбірек, артығырақ тұтынады.
• Бұрынғы оқу ұзақтығы мен қазіргі орта, жоғары білім алу ұзақтығын салыстырсақ та, қазіргісіне көбірек уақыт, ақша жұмсау керектігі көрініп тұр. Бұрын әке-шешелеріміз 8-10 жылды орта білім алу үшін жұмсаған, содан кейін 11 айлық курс оқып, әрі қарай жұмысқа тұрып, отбасын құрып кете берген. Ал қазір орта білім алу үшін біздің балаларымыз 12 жылын жұмсауға мәжбүр, ал жоғары оқуды алсақ тіпті 4 жылды бакалаврлыққа (яғни жартылай маман), тағы үстіне 2 жылын магистратураға (толықтай маман) жұмсайды. Сонымен 18 жылын тек қана білім алу үшін жұмсайды. Медицина саласын тіпті қозғамай-ақ қоялық…
• Қазіргі сатылып жатқан кітап-журналдардың дені де ақылы толмаған жасқа бойдақ болып жүре берудің артықшылықтарын үгіттейді. «әйелдерге тек ақша керек», «еркектерге тек жыныстық қатынас керек», «балалы болу — машақат», «отбасылы болу үшін бірінші карьераң, үйің, көлігің болуы керек» дегенді меңзейтін мақалалар жиі кездеседі. Ал уақытын өткізіп алған, көп мүмкіндіктерін жіберіп алған әйелдерге сосын келіп «Тұрмысқа шығудың құпиялары», «Еркектің жүрегін қалай жаулау керек» деген сарындағы том-том кітап сатылады.
• Жалғыз тұрудың өзі денсаулыққа зиянды екені де дәлелденген. Бұл дегеніміз артық дәрі, жеке емханалардың, психологтардың қызметін де пайдалану деген сөз.
Бұл тізім шексіз жалғаса беретін секілді. Ал сіздің алып-қосарыңыз бар ма? Мүмкін бұл көзқараспен келіспейтіндер де табылар.

Осы тұспен келісуге болады
Материал жақсы әзірленген. Деректердің сілтемесі көрсетілсе тіпті жақсы болар еді.
world.lb.ua/news/2012/03/23/142505_odinochki_bolee_podavlenni.html.