Сезім мұңы... (сағыныш хат)


Мына жалған дүниеде әр пенденің жүрегінде ерекше сезім болатыны ақиқат қой! Ал, Жүрегімдегі сол сезімге селқос таныткан да сенсін… Маған арнап бірде-бір жыр арнамадын деп өкпелеуін орынсыз еді, себебі сен менің жүрегімнің түкпіріне бір рет үңіліп қарасан, сен одан том-том болып жинақталып жаткан жырларды оқитын едін, ешбір жанға көрсетпеген, ешбір жерге жарияламаған, ешбір адам көре алмаған жырды көрер едің ғой… ал енді неліктен былай деп себебін сұрар болсан, саған берер жауабым: жүрегіме сақтаганым, ешбір жанның көлеңкесі түспесе екен дедім, ешбір жерге жарияламағаным, ешкімнің назары түспесе екен дедім, ешбір адам көре алмағаны, олардың көздері мені сенен кызғанбаса екен дедім.
Жарығым, сен енді мына менің көзіме,өзіме, сөзіме де өкпелеме! Мен енді келместің кемесіне мініп кетіп барам, барар бағытым белгісіз… Жүрегіме сезімнің мұңын арқалап енді сенімен кезікпес үшін, осы күйге қайтадан түспес үшін, жолдарымыз екіге бөлініп кетті. Махаббаттың мұңын жүректерге тұмар еткен алғашкысы да, соңғысы да біз емеспіз… тәтті бір түске еніп, ұйыктап кетсем ғой, шіркін! Киялдардың әлеміне саяхаттап қайтар едім, мен ол жақта бақыттың кұшагында, сезімге толы жүрегімдегі жырымды өмірімнің иесі саған арнап оқып берер ем, мына жалған дүниенің бақытына жете алмаған біздер, ең болмағанда қиялдарда бірге мәңгі болайықшы деген сертімізді бір-бірімізге беріп үлгерсек болар еді! Ояна келе бұлардың жай ғана тәтті түс екенін білу де ауыр екен… Саған арнап жаза берсем назымды, жүрегім көтере алмайма деп қорқам! Махаббатқа сенім арткан жүректеріміздің келесі өмірде жолығуын тіледім! Мен сені сол мекенге барып тосатын болам… Үзілмеген үмітімнің жібін жалғап келеріне сенем!
Бөлісу:

16 пікір

Armanjan
Не дейін енді, не дейін. Жатқан жері жайлы болсын!
Ainura
сіз бұл жерден өлген адам туралы қайдан оқып отырсыз??? түсіне алмадым…
Armanjan
Махаббатқа сенім арткан жүректеріміздің келесі өмірде жолығуын тіледім!
— деп барып, қыздың асылып қалғаны елестеп тұр да.
Ainura
олар бұл өмірде бірге бола алмаған соң, келер өмірде бірге болуын тілеген ғой..)
Armanjan
Айнұра дегенмен сенің пікір жаза бастағаныңа қарап қуанып отырмын, әйтпесе мына жазбаны бізге аманаттап кетті ма деп уайымдап қалып едім.
Ainura
күнделікті қарап жүрмін ғой, тіркелгенім жаңа болғандықтан әлі үйренісе алмай жатырм ))
VKM
 қайдағыны жазадиии)
Tyulpan
сезімге берілген адамдар сондай көп… сезімдерін ақтамай жатса, сезімге беріліп не керек сонда?..
Armanjan
айтпа дим да, онымен қоймай өз-өзіне қол жұмсап, жұрттың назарын аударып, бәленбайдың қызы асылып өліпті деп шулатып.
Tyulpan
өлімге дейін жетпес үшін ерік -жігер ди ма сила воляны сол мықты болу керек… ол мықты болу үшін, сезімге берілмеу кк. сананы жоғары ұстау кк.
Armanjan
Т.Ұлпан сіздің осы «сөзіңіз де рас, өзіңіз де рас» адамсыз. Күннің шығыстан шыққанының әсері бар ма осы, Ускаманның қыздары ақылды болады ші.
Tyulpan
Арман-джон, десе, мен ұлпан меспін дедім ғой сізге. мен тюльпанмын. ))

суицид демекші, www.zakon.kz/kazakhstan/4524024-kolichestvo-suicidov-sredi-detejj-v.html мына мәселе мені қатты ойландырады. осымен нешінші рет көтеріліп отыр. қазақстан депрессияда деп тұрып жазған. бәріне қиын. жүйкесі жұқарған адамдар. ал, мына балаларға қалай көмектессе? кейде мектеп, вуздарға барып, балалармен әңгімелесіп, психолог болып кеткім келеді. өмірге көзқарастарын қалыптастыруға жәрдем еткім келеді… біреуге көмектессең жаның сооондай жай тауып қалады ғой… альтруизм ))
Ainura
Махаббат салған жараны,
Бағала бір сәт бағым деп… дегендей ғой...)
VKM
Адам болған соң сезімге берілесің)))робот емессің ғой.Бірақ бір критерийлер болуы керек ғой, мысалы: Бред Питке, Мейрамбекке ғашық болып қажет жоқ, т.с.с))
Tyulpan
білмим. сезімнің де шегі болат дегенди. сезім әрқашан тәтті бола бермит...